Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова допинг дауына байланысты сегіз жылға жарыстан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло спорттық атақтары мен сыйақыларына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова қазақстандық спортшыларды жарысқа барар алдында ұлттық допингке қарсы орталығы жіті тексеретінін айтты. 

“Әрбір кешенді жарысқа шығар алдында ұлттық допингке қарсы орталық ұлттық құрама команда мүшелерінің барлығын допингке тексереді. Өздеріңізге белгілі, 2019 жылы біз допингке қарсы шараларды қатаңдату мақсатында заңға өзгерістер енгізген болатынбыз. Егерде допинг дауында ұсталып, спортшының кінәсі шынымен анықталатын болса, онда спортшы дисквалификацияға ұшырайды. Оған қоса оның алған жүлделері кері қайтарылатын болса, сол жүлделері үшін алған спорттық атақтарынан айырылып, материалдық қамтамасыз ету де тоқтатылады. Сонымен қатар жүлделі орын үшін берілген ақшалай сыйақысын кері қайтаратын болады”, – деді комитет төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Комитет өкілі Зульфия Чиншанлоға қатысты мәселеге де тоқталды. Айтуынша спортшы допинг тұтынғанын өзі білмей қалуы да мүмкін. Өйткені көбіне допинг спорттық тағамдарда немесе дәріханадан алған дәрілік препараттардың құрамында кездесіп жататынын атап өтті. 

“Әрбір спортшы заңға сәйкес өзінің дайындығы бойынша допингті қолданбау бойынша жауапты. Спортшылар, спорт саласында еңбек етіп жүрген адамдар арасында осы ұлттық допингке қарсы орталық тек қана допинг сынамаларын ғана алып қоймай жыл сайын допингті қолданбау туралы семинарлар өткізеді.  Өйткені спортшы білмей қалуы мүмкін. Мысалы ауырып қалып дәріханаға барып бір препарат сатып алып ішіп қояды. Ол препарат допингтер тізімінде жоқ болуы мүмкін бірақ оның қандайда бір құрамында тыйым салынған қарсы көрсетілімдер болуы ықтимал. Оны ол білмей қалуы мүмкін. Ауыр атлеттерімізден де шығып жатыр. Ол спорттық тағамдардан шыққан дүние. Өйткені ондай тағамдар интернетте қолжетімді. Әркім өзі сайттардан алып өзіне сатып ала алады. Спорттық тамақтану мен дәрі-дәрмектерден қалпына келтіру үшін бізде ұлттық медицина орталығы бар. Сол арқылы немесе федерациялар арқылы сатып алуды ұсынамыз.  Өз бетінше білместікпен алған жағдайда осындай зардапқа ұшырып қалып жатыр”, – деп түсіндірді комитет өкілі.

Ведомсвто өкілі Зульфия Чиншанлоның  допинг дауына қатысты ісі қаралып жатқанын айтты. Оның спорттық атақтары мен жүлделері қандай жағдай қайтарылатынын айтты.

“Заң 2019 жылы қабылданды. Егер 2019 жылға дейін атақтары өзіне кері қайтарылса, онда оның жүлделері қайтарылмайды. Ал егерде заң қабылданғаннан кейінгі атақтары болса оны қайтаратын болады. Бұл әлі қарастырылу үстінде”, – деді Айгүл Бектенова. 

Еске салайық, бұған дейін Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін жарыстардан 8 жылға шеттетілгені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.