Экс-министр Бишімбаевтың ісі бойынша соттың кезекті тыңдалымында Салтанат Нүкенованың сіңлісі Айнұр Нүкенова жауап берді. Ол Сатанаттың тұрмысқа шыққаннан кейін мүлде өзгергенін айтып, тіпті “Қуандық көріп қалады неге жаздың” деп байланысқа шығуды тоқтатқанын алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Жоғарғы сот

Айнұрдың айтуынша, ол Салтанатпен тұрмысқа шықпас бұрын біз жиі кездесіп тұрған.

“Біз бірге шетелге шығатынбыз, таңғы асты, түскі, кешкі асты бірге ішетінбіз. Ал тұрмысқа шыққан соң ол мүлде жоғалып кетті. Менен қарызға ақша сұрайтын болды. Тойдан кейін бұрынғыдай араласпайтын болды. Оған хабарлама жазсам, маған: “Айнуша сен маған жаза берме, мен өзім байланысқа шығамын. Әйтпесе құдай сақтасын Қуандық көріп қалса”, деді. Мен сол кезде “қалай сонда”, деп қатты таңғалдым. Сонда мен өзімнің әпкеме жаза алмаймын ба деген ой келді”, – деді ол.

Салтанаттың сіңлісі осы жағдайдан соң алаңдап құрбысы Аидаға хабарласқан. Оған Салтанаттың инстаграмда жоғалғанын, және жазсбасын айтқан. Алайда Аида Салтанатта бәрі жақсы деп жұбатқан екен.

  • "Қуандыққа сенуге, қызғанбауға, онымен намаз оқуға уәде беремін": Сотта Бишімбаевтың жеке қойын дәптеріне жазылған Салтанаттың қолхаты оқылды

  • "Бұл – менің ішкі сенімім": Бишімбаев не себепті жедел жәрдем шақырмай, көріпкелге хабарласқанын айтты

“Кейін туысқандар мен қонаққа барғанымызда мен бәрінің көзінше әпкемнің менімен бұрынғыдай араласа алмай жүргені ұнамайтынын айттым. Сол кезде Қуандық “оның енді отбасы бар, сен де тұрмысқа шыққанда отбасың болды ғой”, деп күліп жауап берді. Алайда мен ренішімді бәрінің көзінше дауыстап айттым”, – деп қосты Айнұр. 

Еске салсақ, Марқұм Салтанат Нүкенованың сіңлісі Бишімбаев екеуінің қарым-қатынасына қарсы болғанын хабарлаған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.