Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-дан 15,25%-ға дейін төмендетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2023 жылдың қараша айының соңынан бастап базалық мөлшерлеме 15,75% деңгейінде болды.
"Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады", — делінген хабарламада.
Ұлттық банктің хабарлауынша, жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды.
"Азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ұлттық банктің хабарлауынша, базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады.
"5%-дық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін", — делінген банк хабарламасында.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.