Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады. Деректерге сай, маманға жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Оtyrar” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда болған.

“Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицид жасау) фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір өзін суицидке дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", – деді полиция департаменті.

Өткен жылдың соңынан бастап Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген. Экономикалық тергеу департаменті өз-өзіне қол жұмсаған бухгалтерге қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын да жасырмады.

  • "Адал болсаң, басың бәлеге қалады”: Сәтбаев қаласының тұрғындары пара алды деп ұсталған әкімдерін босатуды талап етті

  • 2023 жылдың басынан бері Қазақстанның білім беру саласында 13 млрд теңге залал келтірген 192 іс тергелген

"Қазіргі уақытта Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын ұрлау) бойынша іс қозғады. Тергеу жүргізілуде", – делінген тергеу департаментінің хабарламасында.

Ал білім басқармасы марқұм қызметкер туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ 17 ақпанда әлеуметтік желілерде небәрі 4 ай бұрын басқарған білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл дерек әзірге ресми расталмады. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.