Алматының орталығында куәгерлер бірнеше жігіттің кескілескен төбелесін видеосын түсіріп алған. Жаға жыртысу кезінде олар тек қолды ғана емес, арматураны да қолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Байтұрсынов-Қабанбай батыр қиылысында сағат 21:40 шамасында болған. Бейнежазбада сырт киімсіз бір топ азаматтың мәселені жұдырықпен шешіп жатқанын көруге болады. Бір сәтте төбелеске қатысушылардың бірі қарсыластарына арматура лақтыра бастайды.

Басқалар төбелесіп жатқандарды ажыратуға тырысқан, бірақ бұдан ешқандай нәтиже шықпаған.

Куәгерлер оқиға орнына полицейлерді шақырған. Кейін Алматы полиция департаменті Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

“Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Басқа мән-жайлар анықталуда”, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Бұған дейін қазақстандық жанкүйерлер Түркияда өткен футбол матчында төбелес шығарғаны туралы жазылған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.