Көлік министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: limonsu.ru

Ақпан айының басында Көлік министрлігінде жиын өтіп, оның қорытындысы бойынша жолаушыларды дер кезінде хабардар ету және билеттерді брондау мен сатудың тиісті жүйелерін жаңарту бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Осылайша, көршілес темір жол әкімшіліктерімен және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ тартылған қызметтерімен бірлесіп, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Жолаушылар пойызының жұмысына қатысты барлық өзгерістер ресми сайттар мен интернет-ресурстарда жарияланды.

Қазіргі таңда теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесіне сәйкес барлық жолаушылар пойыздарына билеттер сатылуда.

Сондай-ақ жолаушыларды жедел хабардар ету үшін  бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың жүру тәртібі туралы қызметкерлер арасында тиісті брифингтер өткізілуде.

Жолаушылар анықтамалық ақпаратты "Жолаушылар тасымалы" АҚ 1433 телефоны бойынша бірыңғай ақпараттық қызметі немесе @KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы тегін ала алады.

  • Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Елімізде гаджет иелеріне арналған нұсқаулық пайда болды
  • Бірыңғай уақыт белдеуі өзгерген соң ұшақтардың ұшу кестесі қалай өзгереді және билетті алдын ала сатып алғандар не істеуі керек

Азаматтық авиация саласындағы дайындыққа қатысты тиісті министрлік Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде отандық авиакомпаниялар өздерінің әуе билеттерін сату жүйесіне өзгерістер енгізгені атап өтілді. Азаматтарға қолайлылық жасау үшін авиакомпаниялардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде барлық қажетті ақпараттық қолдау беріледі.

Атап айтқанда, "Эйр Астана", "SCAT" және "Qazaq Air" авиакомпаниялары әуе билеттерін сату жүйесінде барлық қажетті өзгерістерді енгізді. Сондай-ақ барлық жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберді.

Өз кезегінде Fly Arystan да бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ескере отырып, ұшу кестесіне қолмен өзгерістер енгізу бойынша техникалық жұмыстарды аяқтады. Жолаушыларға ағымдағы ұшу уақыты көрсетілген жаңа билетті қалай жүктеп алу керектігі туралы толық ақпарат бар жеке хабарламалар жіберілді.

29 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жедел штабында келесі нөмірлер бойынша сенім телефоны жұмыс істейді: 8 7172 798214, 8 7172 798213.

Сондай-ақ рейс күйін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың ақпараттық қызметтеріне және авиакомпанияның байланыс орталықтарына хабарласуы керек:

Air Astana 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77;

FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227);

SCAT 8 7252 99 88 80;

Qazaq Air 8 727 356 14 14.

Айта кетейік, бұған дейін Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты eGov.kz порталы уақытша жұмыс істемейтіні туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.