Гонконгта трансұлттық компанияның қаржыгері жасанды интеллект (AI) көмегімен жасалған әріптестерінің бейнесіне сеніп, қоңырауларға жауап беріп, алаяқтарға 25,5 миллион доллар аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет BEN MARANS/SOPA IMAGES/SIPA USA/LEGION MEDIA

Оқиға қаңтар айының ортасында болды. Мұнда жасанды интеллект көмегімен компанияның бірнеше қызметкерлерінің фотосы мен бейнелері пайдаланылып, алаяқтар жалған бейне қоңырау шалған. Жағдайға байланысты гонконгтық қаржыгер Ұлыбританияда орналасқан қаржы директоры атынан онлайн кездесуге шақыру алған.

Кейін қоңырау кезінде басшылық қаржыгерден құпия транзакция жасауды сұраған. Жәбірленуші барлық қызметкерлердің сенімді сөйлегеніне қарап еш күмәнданбаған. Қаржыгер олардың барлығын таныған.

  • Шетелдік БАҚ Қазақстан туралы жасанды интеллект жазған жалған ақпарат жариялаған

  • Ғалымдар адамның қанша өмірі қалғанын есептейтін жасанды интеллект ойлап тапты

Нәтижесінде компания қызметкері Гонконгтағы бес банктік шотқа жалпы сомасы  25,5 миллион доллар 15 аударым жасаған. Ол өзінің алданғанын бір аптадан кейін компанияның штаб-пәтерінен білген.

Қаржыгер 29 қаңтарда полицияға арыз жазды. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады. Олар алаяқтардың компанияның тағы екі-үш қызметкеріне осындай бейне қоңырауларға шақыру жібергенін анықтады. Алайда, әзірге күдіктілер жоқ.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.