Келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықты бітірмеген, бірақ жоғары білімі бар азаматтарға мектептерде сабақ беруге рұқсат етіледі. Олар 1 жыл ішінде арнайы курс оқып шықса болғаны. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев мұндай бастама қалай жүзеге асады және не үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Әділет Жүнісұлы бұл бағдарлама мектептерімізге практиктерді жіберуді көздейтінін айтты.  

"Мәселен, бізде физиканың педагогикалық және ғылыми бағыты бар. Ғылыми физика мамандығының түлегі өз саласы бойынша ғылыми тәжірибеден өткенімен, педагогикалық тәжірибесі болмайды, педагогикаға қатысты пәндерді оқымайды. Дәл осындай ғылым саласында жұмыс істеп жүрген мамандар оқытушы болуды қаласа өзіміздің педагогикалық университеттерде педагогика, педагогика әдістемесі, зертханалық жұмыс әдістемелері, психология сынды қосымша кредиттерді меңгеріп, сабақ беруге мүмкіндігі бар. Бұл, негізінен, тәжірибелі мамандарды осы салаға әкелуді көздеген жоба", – деді ол. 

  • Студенттерге енді жатақханадан орын алу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ
  • Қазақстанда сейсмолог мамандығы жанданады

Осы орайда педагогикалық жоғарғы оқу орнын бітірген мамандарының құқығы шектелмей ме деген тілші сұрағына министрлік өкілі сұраныс болғандықтан ешкімнің құқығы тапталып жатпағанын айтты.

"Бұл бастама педагогикалық жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар үшін бәсекелестік тудырады деп ойламаймын. Еңбек нарығында сұраныс бар, олар бір-бірін толықтырады", – деп атап өтті комитет төрағасы Әділет Тойбаев. 

Бұған дейін Қазақстанда мектепте балаларды жоғары білімді, бірақ педагогикалық дипломы жоқ мамандар да оқыта алатыны хабарланған. Бұл кадр тапшылығы мәселесін шешеді деп болжанып отыр. Бірақ маман балаларды оқытпас бұрын, арнайы дайындықтан өтуі қажет.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.