Өткен жылы елімізге 23 мың адам көшіп келген. Шетелден көшіп келушілердің оң динамикасы байқалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Сурет: Pixabay сайтынан

Комитет төрағасы сыртқы көші-қонда мұндай динамиканың өсуі он жылда алғаш рет тіркелгенін айтты. 

"Былтыр сырттан келу көші-қоны бойынша оң динамика байқалды. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша елге 23 мың адам (8,3 мың адамға өсті) көшіп келіп, 15 мың адам елден шықты. Сырттан келу көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытайға тиесілі", — деді Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ертаев елге сырттан білімді адамдар көбірек келгенін айтты. 

"Өткен жылдың 9 айында мамандықтар бойынша оң сальдо белгіленді, техникалық мамандықтар бойынша 986, экономикалық мамандықтар бойынша 585, заң бойынша 222 адамды, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша 100-ден астам адамды құрады", — деді комитет төрағасы.

Спикер ел ішіндегі көші-қонның көрсеткіштеріне де тоқталды. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 26 %-ға өскен.

"Өткен жылы қаңтар-қыркүйек айы аралығында 733 мың отандасымыз ел ішінде көшіп қонды. Оның ішінде 338 мыңы облысаралық қоныс аударды. Мәселен, қаралып отырған кезеңде Астана қаласына тұрақты тұруға 74 мыңнан астам адам, Алматы қаласына – 67 мың адам, Шымкент қаласына – 30 мың адам келді. Астана қаласына келушілер саны бойынша өсу қарқыны басқа мегаполистерден алда тұр", – деп толықтырды көші-қон комитетінің басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға былтыр қанша ресейлік азамат көшіп келгені туралы хабарлаған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.