Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылдық округінде екі ер адам Үшбұлақ ауылынан Сарытау учаскесіне атпен қайтып келе жатқанда, қарлы боранға тап болып, адасып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ШҚО ТЖД
Салдарынан адасып кеткен екі ер адамның біреуі көз жұмды, екіншісінің аяқ-қолын үсік шалған. Ер адамдар жолда түнеуге мәжбүр болған. Олардың қанша уақыт далада болғандары туралы мәлімет жоқ.
"Олардың артынан тікұшақ ұшып кетті. Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық авиация бригадасының құрамында реаниматолог Александр Патрин мен фельдшер Лариса Величко болды", – делінген ШҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Оқиға орнында дәрігерлер зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетті. Ер адам одан әрі емдеу үшін Өскеменге жеткізілді.
Анықталғандай, Күршім ауданында қатты боран мен қалың қарға байланысты табиғи төтенше жағдай жарияланды. Қазір аудандағы жолдар тазартылып, алыс ауылдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, үй жануарларына арналған азық-түліктер тікұшақпен жеткізілуде. Жағдай облыс әкімінің бақылауында.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.