Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның сенат редакциялаған жекелеген баптарымен келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Istock
Заң халықты сапалы және толықтай медициналық көмекпен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу арқылы зиянды өтеуге мемлекет кепілдік берген пациенттердің құқықтарын іске асыру, медициналық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әзірленді.
"Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заңның жекелеген баптарына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шықты. Бұл тұрғыда, шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Осыған байланысты сенат депутаттары осы іс-әрекет үшін осы заңды әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын нормамен толықтыруды ұсынды", — деп атап өтті мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.
Бұдан басқа, шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шараларды, оның ішінде жүлделер ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салуды белгілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
"Сенат депутаттары жекелеген баптарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар осыған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және оның мазмұнын нашарлатпайды. Осы орайда аталған заңның жекелеген баптарына сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынамыз", — деді депутат.
Бұған дейін парламент сенатының отырысында депутаттар вейптерді сатуға, таратуға және әкелуге тыйым салу туралы заңға түзетулер енгізіп, оны мәжіліске қайтарған еді.
Сенаторлар мынадай өзгерістерді ұсынды:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен электронды темекілер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату, пайдалану, демеуші болу жауапкершілігін реттейтін нормаларды алып тастау. Себебі шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік енгізіледі;
- Тауар белгісінің элементтерін және шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің атауын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты арттыратын іс-шараларды, оның ішінде ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салу.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.