Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық жағдай туралы жедел ақпарат жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кейінгі тәулікте, 30 қаңтарда сейсмикалық стансалар желісі Қытайда алты жер сілкінісін тіркеді. Оның ішінде сағат 04:27-де Қазақстанда 2 балдық бір жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

"Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды ұсынады", – делінген хабарламада.

  • "Адамдар таптап, жамбас сүйегі сынған": Алматылықтар жер сілкінісі кезінде бастан кешкендерін айтып берді
  • "Билет алып, бірден ұшып кетуді ойладық": Алматыға келген шетелдіктер жер сілкінісінен кейінгі қорқынышы туралы айтты

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Сондай-ақ мамандар жер сілкінісі кезінде жер үй шын мәнінде қауіпсіз бе деген сауалға жауап берген еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.