Қарағанды облысының полиция департаменті жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамға қатысты іс бойынша баптың өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Полицияның мәліметінше, алғашында күдіктінің үстінен “бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша жәбірленушінің алған жарақаты жеңіл дәрежеде екені анықталды. Сондықтан күдіктінің әрекетіне “бұзақылық” бабы бойынша баға беріледі. 21 ақпанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексергеннен кейін, күдіктінің ісін сотқа жіберді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. Кейіннен күдікті ұсталып, екі айға қамауға алынған еді.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.