Қазақстанда баспана сатып алу бойынша алдын ала келісімдерге тыйым салынбақ. Мұны индустрия министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды.  

Қазіргі таңда құрылыс компаниялары қолданыстағы "тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңды айналып өтіп, нотариалдық куәландырусыз және әділет органдарында тіркелмей-ақ адамдармен келісімшартқа отыратынды шығарған. Яғни брондау, инвестициялау, тапсыру және келісімдерін жасайды. Осыған байланысты жаңа проблемалық нысандардың пайда болу қаупі бар.

Бүгінде Қазақстанда баспана сатып алу үшін алдын ала құжаттарға қол қойып, жосықсыз құрылыс салушыларға алданып қалған 6,8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік инвесторлары бар.

Осы себепті индустрия министрлігі осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейту үшін түзетулер әзірледі. Олардың қатарында салынып жатқан көпқабатты үйлерде алдын ала келісімдер жасасуға тыйым салу да бар.

  • Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер алған тұрғындар үйлеріне кіре алмай жүр
  • 20-дан аса қазақстандық үйлерін ломбардқа кепілге қоямын деп баспанасыз қалды

Сонымен қатар ғимарат құрылысын одан әрі тоқтата отырып, үлескерлерден заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұлды 300 АЕК-тен (919 мың теңге) 2 мың АЕК-ке (2 миллион теңгеге) дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, рұқсат болмаса, үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында жарнамаға тыйым салынады.

Жоғарыда аталған заңның реттеу аясында "аз қабатты құрылыс" ұғымы енеді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.