Директорлар Кеңесінің 2014 ж. № хаттамасымен бекітілген



жүктеу 161.9 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі161.9 Kb.


«Цеснабанк» АҚ

Директорлар Кеңесінің

2014 ж. «__» ____ №__

хаттамасымен бекітілген



«Цеснабанк» АҚ-та жеке тұлғаларға арналған электронды банктік қызметтерді ұсыну

ЕРЕЖЕЛЕРІ

Астана қ., 2014 ж.


Мазмұны
1-тарау. Жалпы ережелер………………………………………………………………...………………3

2-тарау. Электронды банктік қызметтерді ұсыну тәртібі…….....……………………...……................4

3-тарау. Қауіпсіздік процедуралары...…………………………..………………………...…………......4

4-тарау. Операцияларды терминалда жүргізудің жалпы тәртібі..…………………...….......…………4

5-тарау. Банк және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі..................................................................…………………………….................................5

6-тарау. Электронды банктік қызметтерді ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату…......….....…........…6

7-тарау. Электронды банктік қызметтерді ұсыну барысында туындайтын клиенттер өтініштерін қарау тәртібі………………………………………………...………………..….……............................….6

8-тарау. Қорытынды ережелер…………………………………………………….......…....….....……….7



1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Цеснабанк» АҚ-та жеке тұлғаларға арналған электронды банктік қызметтерді ұсыну ережелері (бұдан әрі-Ережелер) 28.03.2008 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен бекітілген Екінші деңгейлі банктер және банктік опреациялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электронды банктік қызметтерді ұсыну ержелеріне, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне және «Цеснабанк» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

  2. Осы Ережелер " «Astana-Plat» бөлшек төлемдерді өңдеу жүйесі" (бұдан әрі - жүйе) автоматтандырылған жүйесінің ұлттық валютадағы жеке тұлғалар ағымдағы шоттарын толықтыру бойынша операцияларды жүргізудің жалпы тәртібін реттейді.

  3. Осы Ережелерде қолданылатын жалпы ұғымдар, терминдер және анықтамалар:

  1. «Цеснабанк» АҚ - Банк;

  2. ЖСНжеке тұлға үшін жасалатын жеке сәйкестендірме нөмірі;

  3. клиентті динамикалық сәйкестендірубірреттік (біржолғы) кодты пайдалану арқылы электронды банктік қызметтерді алуға құқығын нақты растау мақсатымен клиенттің нақты өзі екенін анықтау процедурасы;

  4. Шот шарты – Банк пен клиент арасында жасалатын, банктік шотты ашу кезінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін клиент пен Банк арасындағы өзара қарым-қатынасы жазылатын банктік шот шарты. Банктік шот шартында электронды банктік қызметтерді көрсету жөніндегі шарт бар;

  5. Оферта (шарт жасасу ұсынысы) - төлем терминалы арқылы электронды банктік қызметтерді ұсыну бойынша ұсыныс;

  6. клиент – банкпен банктік қызмет көрсету шартын жасасқан жеке тұлға;

  7. Банктің операциялық күні - электронды банктік операцияларды жүзеге асыру үшін жұмыс уақытының кезеңі, атап айтқанда Астана қаласының уақыты бойынша 09-00 бастап 20-00 сағатқа дейін;

  8. тариф – клиентке электронды банктік қызметтерді ұсынғаны үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы;

  9. терминал – қолма-қол ақшаны қабылдау операцияларын жүргізуге, сондай-ақ тиісті операцияның жүргізілу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электронды-механикалық құрылғы;

  10. ағымдағы шот банктік шот шартының негізінде Банк клиентке ашатын банктік шот;

  11. уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі);

  12. электронды банктік қызметтержеке тұлғалардың ұлттық валютадағы ағымдағы шоттарын толықтыру бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін клиенттің өзінің банктік шотына (-тарына) кіруіне байланысты банк терминал арқылы ұсынатын қызметтер.

  13. IBAN – Шот шартына сәйкес ашылған және 20 таңбадан құралған клиенттің ұлттық валютадағы ағымдағы шотының нөмірі.

  1. Банк электронды банктік қызметтерді банктік және өзге операцияларды жүргізу және бағалы қағаздар нарығындағы қызметіне уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүргізеді.

  2. Электронды банк қызметтері Астана және Алматы қалаларында ұсынылады.

  3. Осы Ережелердің қолданысы төлем карточкаларын пайдалануға байланысты банктік қызметтерді ұсынуға таралмайды.

  4. Электронды банктік қызметтер Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес ақылы негізде ұсынылады.


2-тарау. Электронды банктік қызметтерді ұсыну тәртібі

  1. Клиент электронды банктік қызметтерді алу үшін Банкке хабарласқан кезде Банк клиенттің бірінші талап етуі бойынша оған осы ережелер мен Шот шартын танысып шығу үшін береді.

  2. Электронды банктік қызметтерді ұсынған кезде Банк:

1) Шот шартын жасасқанға дейін клиентке келесілерді ұсынады:

электронды банктік қызметтерді ұсыну туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімі, тарифтер туралы ақпаратты (өтініш беру қажет болған жағдайда);

электронды банктік қызметтерді ұсыну шарттары туралы ақпаратты және Шот шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесін;

Шот шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және болуы мүмкін тәуекелдіктері туралы ақпаратты;

клиентте туындаған сұрақтар бойынша кеңес беруді;

клиенттің қалауы бойынша тиісінше Шот шарты үлгілік формаларының көшірмелерін;

2) Шот шартына қол қойғанға дейін клиентке оның талаптарымен танысу үшін қажетті уақытты береді;

3) клиентке ұсынылып жатқан электронды банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде оның Банкке, уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпараттандырады. Осы мақсатта клиентке Банктің және уәкілетті органның орналасқан жері, пошталық, электронды мекенжайы және интернет-ресурстары туралы ақпарат беріледі;

4) клиент берген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қауіпсіздік процедуралары

  1. Банк электронды банктік қызметтерді төмендегілерді қамтамасыз етуді құрайтын, Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген қауіпсіздік процедураларына сәйкес жүргізеді:

  1. клиентті сәйкестендіру және аутентификациялаудың сенімділігін қамтамасыз ету;

  2. ақпараттың құпиялылығы және тұтастығын қамтамасыз ету;

  3. аудиторлық іздің бар болуын қамтамасыз ету.

  1. Әрі қарай жоғарыда аталған салалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен механизмдері баяндалған. Сәйкестендіру және аутентификациялаудың сенімділігіне төмендегілерді қолдану арқылы жетуге болады:

  1. көпфакторлы аутентификация;

  2. қалыптасқан парольдік саясат;

  3. парольдік саясаттың сақталуына бақылау жасау.

  1. Құпиялылық пен тұтастықты қорғау төмендегі механизмдерді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі:

  1. ақпаратты жария болу және рұқсат етілмеген өзгертуден қорғау механизмі;

  2. деректерді табыстау арналары арқылы ақпаратты жөнелту кезінде оны шифрлау;

  3. деректерді өңдеу жүйесіне бөгде кіруді анықтау механизмі.

  1. Аудиторлық іздің бар болуы жүйедегі барлық операцияларды көруге мүмкіндік береді және төмендегілер арқылы қамтамасыз етіледі:

  1. жүйелік және пайдаланушылық әрекеттердің барлығын журналға түсіру (есепке алу) арқылы;

  2. журналдық жазбаларды қорғау арқылы.




4-тарау. Операцияларды терминалда жүргізудің жалпы тәртібі

  1. Ағымдағы шотты толықтыру процедурасын орындау үшін клиент терминалда «Цеснабанк» сілтемесін таңдайды. Одан кейін жүйе Офертамен танысып шығуды ұсынады, танысып шыққаннан кейін Оферта шарттарын не қабылдау не олардан бас тарту қажет, Оферта шарттарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда операция аяқталатын болады;

  2. Оферта шарттарын қабылдағаннан кейін ЖСН енгізу қажет, нәтижесінде жүйе клиентті Банктің деректер базасында іздеуді жүргізеді, егер клиент деректер базасында табылмаған жағдайда жүйе «ЖСН табылған жоқ» хабарламасын көрсетеді, ЖСН табылған жағдайда операцияны жүргізу жалғасады.

  3. Клиенттің терминал дисплейінде көрсетілген цифрлық кодты енгізуі арқылы клиентті динамикалық сәйкестендіру жүргізіледі.

  4. Бұдан кейін клиентке IBAN енгізу қажет, нәтижесінде жүйе енгізілген IBAN құрылымының дұрыстығын тексеруді жүргізеді. IBAN дұрыс енгізілген жағдайда клиент купюра қабылдағышқа қолма-қол ақшаны салады, операцияның аяқталуын растайды, жүйе операцияның сәтті аяқталуы туралы хабарлап, чек басып шығарады.

  5. Егер клиент «IBAN есімде жоқ» операциясын таңдаған жағдайда жүйе «Шотты толықтыру клиенттің кез келген қолданыстағы ағымдағы шотына жүргізілетін болады» ескертуін көрсетеді, операцияны орындауға келісім берген жағдайда жүйе Банктің деректер базасында клиенттің ұлттық валютадағы ағымдағы шотын іздеуді жүзеге асырады. Егер ағымдағы шот базада табылған жағдайда клиентке қолма-қол ақшаны купюра қабылдағышқа салу ұсынылады, бұндай кезде жүйе терминал дисплейінде IBAN көрсетпейді. Ақша салынғаннан кейін операциялардың аяқталуын растау қажет. Одан кейін жүйе операцияны сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды және чек басып шығарады.

  6. Ұлттық валютадағы клиенттің ағымдағы шоты деректер базасында табылмаған жағдайда жүйе «Кешіріңіз, операцияларды жүргізу мүмкін емес. Банктің жақын жерде орналасқан бөлімшесіне хабарласыңыз» хабарламасын көрсетеді. Клиентке себептерді анықтау үшін Банктің жақын жерде орналасқан бөлімшесіне хабарласу қажет.

  7. Клиент купюра қабылдағышқа ақшаны салғанға дейін жүйе чек принтерінің техникалық жөндемділігін тексереді, чек принтері жөндемсіз болған жағдайда жүйе «Чекті басып шығару техникалық себептер бойынша мүмкін емес, төлемді чексіз жүргізуге келісесіз бе?» ескертуін көрсетеді, келіскен жағдайда клиентке оны растап, қолма-қол ақшаны салу қажет, егер клиент келіспесе ағымдағы шотты толықтыру жөніндегі операция аяқталатын болады.

  8. Ағымдағы шотты толықтыру жөніндегі операцияны чексіз жүргізген жағдайда клиент төлем жүргізгені туралы растайтын құжатты алу үшін Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласады.

  9. Ағымдағы шотты толықтыру жөніндегі операцияны клиент операциялық күннен (20-00-ден кейін) кейін орындаған кезде төлем келесі операциялық күні өңделетін болады.



5-тарау. Банк және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі


  1. Банк және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасы, Шот шарты және Офертада анықталады.

  2. Банк және клиент Шот шарты және Офертамен оларға жүктелген міндеттерді орындауға және сақтауға міндетті.

  3. Банк құқылы:

    1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескеріп, электронды банктік қызметтерді ұсынуы үшін тарифтерді дербес белгілеуге;

    2. самостоятельно определять внутренние процедуры проведения электронды банктік операцияларды өткізудің ішкі процедураларын дербес анықтауға;

    3. электронды банктік операцияларды өткізу үшін клиенттен қажет етілетін құжаттар тізбесін сұратуға;

    4. Қазақстан Республикасы заңнамасында және клиенттермен жасалған шарттарда қарастырылған өзге құқықтарды пайдалануға.

  1. Банк міндетті:

    1. Банк клиенттері жүргізетін операциялардың құпиялылығына кепілдік беруге;

    2. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған негіздерде және жағдайларда банктік құпия болып табылатын мәліметтерді беруге;

    3. Банк жүргізетін операциялар бойынша шарттар мен ақпаратты клиенттің мәлімдеуіне жеткізуге;

    4. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге;

    5. Банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсат етілмеген кіру, оның рұқсат етілмеген өзгертілуі, рұқсат етілмеген төлем немесе ақша аударымы және басқа да Банк электронды банктік қызметтерді ұсынуы кезіндегі рұқсат етілмеген әрекеттер анықталған жағдайда бұндай әрекеттер қай клиентке қатысты жол берілген болса, сол клиентке олар анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні хабарлауға;

    6. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге міндеттерді орындауға.

  1. Банк клиенттері құқылы:

    1. Электронды банктік қызметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасында, банктің ішкі құжаттарында және Шот шартында анықталған шарттарда және тәртіпте қолдануға;

    2. Банк Тарифтеріне сәйкес электронды банктік қызметтерді ұсынғаны үшін комиссиялық сыйақыны акцептсіз тәртіпте алу құқығын Банкке беруге;

    3. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге құқықтарды пайдалануға.

  1. Банк Клиенттері міндетті:

  1. Қажет болғанда электронды банктік қызметтерді ұсыну үшін Банк Қазақстан Республикасы заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және Шот шартына сәйкес талап еткен тиісті түрде ресімделген құжаттарды беруге;

  2. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Банкке келтірген зиянның орнын толтыруға;

  3. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге міндеттерді орындауға.


6-тарау. Электронды банктік қызметтерді ұсынуды тоқтата тұру және тоқтату

  1. Банк клиентке келесі жағдайларда электронды банктік қызметтерді ұсынуды тоқтата тұрады немесе тоқтатады:

  1. Шот шартында және осы ережелерде қарастырылған электронды банктік қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын клиент бұзған жағдайда;

  2. электронды банктік қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ететін техникалық құралдар жөндемсіз болған жағдайда;

3) заңнамада қарастырылған өзге негіздер бойынша.

Банк электронды банктік қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруы немесе тоқтатуы туралы Клиент тікелей электронды банктік қызметтерді қолдану үшін хабарласқан кезде Клиентке хабарлайды.
7-тарау. Электронды банктік қызметтерді ұсыну барысында туындайтын клиенттер өтініштерін қарау тәртібі
  1. Банк клиенттердің өтініштерін 12.01.2007 ж. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесінде, Басқарманың 03.08.2010 ж. №03/08/10-04 хаттамасымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ-та операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелердің 7-тарауында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырады.



8-тарау. Қорытынды ережелер

  1. Осы Ережелер олар Банктің Директорлар Кеңесінде бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні аяқталғаннан кейін қолданысқа енеді.

  2. Осы Ережелерге енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар егер оларды қолданысқа енгізудің өзге мерзімі көрсетілмеген болса Банктің Директорлар Кеңесінде бекітілген күннен бастап қолданысқа енеді.



Операциялық бөлшек сауда

өнімдер департаментінің

директоры А. Джалмуратова


Каталог: up files
up files -> О проведении Научно-технического совета
up files -> «саят жолши и партнеры» бикебаев а. Ж. Конкурентное
up files -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Положение
up files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет