5G отандық маман үшін қызмет көрсету аясын 100 есе кеңейтуге, еңбек өнімділігін 10 есе арттыруға сеп болды. Түркістандық 3D-аниматор әрі режиссер Рауф Абдулраззок 5G жоғары жылдамдықтағы интернет желісінің арқасында қазақстандық нарықтан бөлек, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің тапсырыс берушілерімен табысты жұмысын жолға қойды. Түркістандық маман туындылары бүгінде алыс жақын шетелдіктер арасында танымалдығы артқан.

Айта кету керек, Түркістан – еліміздегі алғашқы "5G қала" атанған шаһар. Мұнда 5G базалық станциясы Қазақстан бойынша бесінші буын желісін құруға ресми старт басталмас бұрын пайда болды. Елімізде тұңғыш бесінші буын байланысын Kcell операторы 2021 жылы көне қала Түркістанның төрінде орнатқан болатын. Міне, үш жылдың көлемінде  интернеттің жоғары жылдамдығы рухани астанадағы туризмді дамытып қана қоймай, белсенді жастардың табыс көзін арттыруға көмектесіп келеді. 

Рауф Абдулраззок кішкентай кезінен шығармашылыққа, жаңа дүниелерді ойлап табуға құмар болған. Ал анимация индустриясына алғаш рет 2014 жалы қадам басқан. Десе де, елде өзі қалаған 3D-анимация бойынша білім беретін жоғары оқу орны болмаған соң, шекара асып, 2015 жылы Мәскеу қаласындағы Universal университетінде білім алып келеді. 

Оның сөзінше, 3D-анимация – режиссура, сурет салу өнері, музыка, философия, актерлік өнер, психология, драматургия және операторлық шеберлікті біріктіретін шығармашылық өнер.  

"Кейіпкерді жасап шығарып, оған жан бітіру үшін біз осы қабілеттерді меңгеруіміз қажет. Ойдан құрастырылған кейіпкерлердің болмысын экранның арғы жағындағы адамға көрсету білуіміз қажет. Кейбір кейіпкерлер сөйлемесе де ішкі әлемін іс-қимылы арқылы көрсетеді. Міне, біз оны үш өлшемді анимация арқылы көрсете білуіміз қажет", — дейді ол.

Рауф 2017 жылы елге оралып, мамандығы бойынша қызмет көрсете бастаған. Алайда уақыт өте өзіне команда керек екенін түсінеді. Осылайша, Түркістан қаласында өз командасын жасақтауға шешім қабылдайды. 

Құрылғанына бір жарым жылдың көлемі болған "Аyna" студиясында 8 адам жұмыс істейді. Қашықтан қызмет корсететін компания қазақстандық және шетелдік танымал тұлғалар және брендтермен 30 шақты жобаны іске асырып үлгерген.

Рауф қашықтан отырып, шетелдік клинеттермен тиімді жұмыс істеуі үшін интернеттің 5G желісі болуы маңызды екенін айтады. 

"Жобаларымыз жылдам интернетті қажет етеді. Кейде басқа командамен коллобрацияда жұмыс істейміз, жұмыс материалдарын бір-бірімізге жіберіп отырамыз. Интернет қаншалықты жылдам болса, соған қарай жұмысымыз да өнімді, тезірек бітеді. Мысалы, кейде материалдар қатесімен кетіп қалуы мүмкін, сондай кезде интернет нашар болып, қайтадан 20-30 ГБ жүктеп отыру қиын процесс және ұзақ уақыт алады", — деді ол

Айтуынша, Kcell Auleti ұсынған 5G желілі роутерін қолданған 2 айдан бері жұмысы 10 есе жылдамдаған.

"Бұрын 40 Мбит интернетіміз болатын, желілік еді. Қазір 500-600 Мбит жылдамдықтағы интернетпен жұмыс істейміз. Бұрын бір аптада тартатын файлдарды қазір 1-2 сағатта жүктеп ала аламыз" — дейді Рауф.

Қазіргі таңда кейіпкеріміз бесінші буын желісінің көмегімен көбіне шетелдік тапсырыс берушілермен жұмыс істейді.

"Кино, жарнама және мультфильм салаларындағы режиссерлармен жұмыс істейміз. Мияги, Мирас Жүгінісов, режиссер  Тимур Бекмамбетов, Сара Макдэниелс сияқты танымал тұлғалармен жұмыс істеп, олардың алғысына ие болдық. Тек отандық нарықпен шектелмей, сонымен қатар АҚШ, Ресей, Түркия және Ұлыбританиядағы клиентеріміздің идеяларын жүзеге асырудамыз", — дейді Рауф.

Рауф Абдулраззок бүгінде Түркиядағы жастарға онлайн сабақ та өтеді. Kcell-дің жоғары жылдамдықтағы  желісін қолданбай тұрып, сабақтары үзіліп, кедергі келтірген. 

"Танымал қазақ режиссері Тимур Бекмамабетов түркі елдері арасында "Қожа Насриддин" деген жоба бастаған. Кино барысында түркі жастарының анимациялық шеберханасын қалыптастыруға мән беріліп отыр. Мен осы жобада студенттерге 3D-анимация бойынша сабақ беремін. Өзбекстанда, Татарстанда өтті, қазір Түркиядағы студенттерге сабақ өтіп жатырмын. Процесс тікелей интернетпен байланысты болғандықтан, Kcell Auleti бұл жұмысымның да өнімділігін арттырды. Бұрын зуммен сабақ беріп отырғанда, бір қарасам байланыс өшіп қалған болады. Қаншама дүние ауаға кететін еді. Қазір студенттерім бесінші буынды интернеттің көмегімен барлық білімді толық ала алады", — дейді ол.

Ендігі кезекте, Рауф командасымен Қазақстандағы 3D-анимацияны дамытуға мүдделі.

"Басты мақсаттарымыздың бірі – өзіміздің мульфильмдерімізді, сериалдарымызды жасау. Қазір балалардың ойы батыс елдерінің, Қытай мен Ресейдің мәдениетін  қабылдап жатырмыз. Біздің еліміздің де өзгелерге көрсететін өнегесі көп. Осы бағытта жұмыс істеуге тырысамыз. Еліміздегі анимацияны дамыту үшін өз өңірімізден бастау керек. Жастарға бізбен бірге өсуге мүмкіндік жасап, кейін балаларымызға өз бейнесін көре алатындай кейіпкерлерді көрсете алауымыз қажет", — дейді ол.

Түркістан қаласындағы интернеттің бесінші буынының кереметін көріп жүргендердің бірі – Забира Абдуалиева. 18 жастағы бойжеткен киелі шаһардағы Ахмет Ясауи университетінде оқиды. Болашақ журналист тек білім алып қана қоймай, өз қажеттіліктерін өтеу үшін қосымша SMM-маманы болып жұмыс істейді.

"Қазір екі жеке мектепте SMM-маманымын. Бұдан бөлек, осы сала бойынша шәкірт тәрбиелеуді бастадым. Азды-көпті білімімді бөлісіп, өзімнің қатарластарымның жаңа саланы меңгеріп, ақша табуына көмектескім келеді. Интернет заманында талапқа сай болған дұрыс деп ойлаймын дейді", — деді ол.

Забираның жобалары мен жұмыстары  интернет желісімен тікелей байланысты болғандықтан, соған сай жұмыс орны керек. Әсіресе, Kcell опарторның 5G желісі орнатылған кешендерге көп келеді. Себебі, мұнда интернет жылдамдығы басқа нысандарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Оның үстіне, өз саласы бойынша өзге де мамандар осы жерде жиналады.

"Бұл жер аса қатты тыныш болмағанымен, жұмыс істеу өте тиімді, уақыт үнемдейсің, себебі – интернет жылдам. Қандай жұмысқа кіріссең де, іздегеніңізді тез тауып берсе, өнімділігің артады ғой. Шәкірттеріммен де осы жерде жиналып, сабақ өтеміз. Жұмыс процессін практикалық түрде көрсету үшін, осындай шешімге келгенбіз. Мұнда 5G қосылғанын да жақсы білемін. Ноутбугін арқалап, қолына телефонын алып келетін жастарды көп көруімнің себебі де осы. Кейде университетте берген тапсырмаларды да группамызбен бірге келіп, осында орындаймыз. Бір сөзбен айтқанда, интернет желісінің өмірімізге, болашағымызға азық жинауға тигізіп жатқан пайдасы көп", — деп сөзін қорытындылады Забира.

Түркістанды "5G қалаға" айналдыру тек тұрғындарға ғана емес, жалпы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың қызметін реттеуге көмектеседі. Әсіресе, мемлекеттік сектор, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, бизнес және т.б саяси-экономикалық маңызды салаларда толық автоматтандырылған жүймен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Мұндай технологиялық серпіліс жеке деректер мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де пайда бермек.

"2024 жылға Түркістан қаласы аумағында қосымша 11 жерге бесінші буынды 5G базалық станцияларын орнату жоспарда бар", — деді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында.

Айта кетейік, Кселл Түркістанда 2021жылы алғаш рет 5G станциясын сәтті іске қосқан соң, осы жылдың желтоқсанында 5G жиіліктерінің аукционына қатысып, Теле2 операторымен бірге жеңіп шықты. Екі мобильді оператордың консорциумы 2023 жылы қаңтарда аса ауқымды әрі мемлекеттік маңызды жобаны ресми түрде бастап кетті. Осы бір жылдың ішінде қарқынды жұмыс істеген Кселл компаниясы өзіне жүктелген міндеттемелерді де, өз жоспарын да асыра орындап, жылды жоғары нәтижемен жапты: 17 қалада 500 ден астам 5G базалық станциясымен қатар 700-ге жуық 4G станцияларының құрылысын аяқтап іске қосты. Ал 2024 жылдың алғашқы аптасында былтырғы қарқынды бәсеңдетпей бірден 50 бесінші буын желісін қамтитын станцияны іске қосты.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.