Чилидің Вальпараисо елді мекенінде орман өрті өршіп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік сот-медициналық қызметі Х әлеуметтік желісінде қаза тапқандардың саны 90-нан асқанын мәлімдеді. 

“Медициналық сараптама кеңсесі Вальпараисодағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған адамдар туралы ресми ақпаратты ұсынады. Өрт кезінде 99 адам қаза болды”, – делінген хабарламада.

  • Павлодарда жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті
  • Газ тасымалдайтын көлік жарылып, үш жүзге жуық адам зардап шекті (видео)

Айта  кетейік, Чили президенті Габриэль Борич 5 ақпаннан бастап өртке байланысты екі күндік қаралы күн жариялады. Сондай-ақ ол орман өртіне байланысты елде төтенше жағдай енгізген еді.

Бұған дейін "Almaty" хостеліндегі өртке қатысты тың деректер анықталған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.