Белгілі журналист Қымбат Досжан биологиялық әке-шешесін іздеп келген белгиялық Жәнібек есімді баланың оқиғасына қатысты тың дерек айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сұрауы бар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: бағдарламадан скриншот

Журналистің айтуынша, алаяқтар хабарласып, баладан ақша сұраған. 

“Жәнібек елге 30 күн келген еді. Сол уақыт аралығында алаяқтар хабарласқан. Бір жігіт жекесіне  "5000 еуро бер, анаңды тауып беремін" деп хабарлама жазған. Жәнібек "ақшаңды төлеймін, бірақ скрин жасап, әлеуметтік желіге жариялаймын" деген екен. Сөйтсе, "жоқ, рақмет, әзілдеген едім" деп жауап жазған",  – деді журналист. 

Сондай-ақ Қымбат Досжан Жәнібекті асырап алған шетелдік ата-анасы қазақстандықтарға қомақты қаржы төлегенін де жасырмады. 

"Ең бірінші Жәнібекті асырап алмай тұрып, шетелдік азаматша Бельгияда отырып, электрон поштасына оның мәліметтері, суретін көріп, ешқандай ауруы жоқ екенін анықтаған. Қазақстанға келгенде бірден "Жәнібекті аламын" деп келген. Тіпті, біздің елдің азаматтарының сұраған ақшасын ала келген. Сол ақшаны бір кісіге қолма-қол берген. Бірақ, кімге қанша бергенін еш жерде әзірге айтылмайды. “Әзірге ғана” деген сөзімнің жаны бар. Мұның бәрі уақыт өте жарияланады”, – деді ол. 

 

  • "Бір кездері бизнеске айналып кетті": Депутат Әбенов шетелдіктер асырап алған балалар мәселесіндегі заңсыздықтарды атады

  • "Балаларды Африка елдеріне берген жоқпыз": Сыртқы істер министрлігі депутаттың сөзін жоққа шығарды

Қазіргі таңда бұл іс бойынша прокуротураға хат жолданғанын айтты.

"Жәнібек дүниеге келген кезде дәрігер медицина саласына еш қатысы жоқ "грузовые перевозки путевые лист 1983 жыл, СССР" деген қағазға салмағы мен атын жазып толтырған. Ал анасы деп жазылған Жазира есімді әйелдің жеке басын растайтын құжат табылмады. Баланы дүниеге әкелгеніне 4 күн болғанда анасына қолхат жазғызып алып, перзентханадан шығарып жібереді. Артынан ешқандай іздеу салмаған. Бұл – салғырттық. Бірақ, Арқалық қаласындағы перзентхананың сол кездегі бас дәрігері қазір зейнеткерлікке шыққанымен, сонда жұмыс істеп жүр", – деп шындықты айтты журналист.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.