Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі 91 бет


Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестердің



жүктеу 1.52 Mb.
бет3/5
Дата13.12.2017
өлшемі1.52 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5

2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестердің

сөйлеудегі (жазудағы) қолданысы.
Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік –эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады.

Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс[32,58].

Сонда фразеологизм дегеніміз не? Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық тіркес деп атайды. Мысалы: қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, ит арқасы қияда, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, ата мекен, су ми, су жүрек т.б. сияқты сөз тіркестері фразеологизмге енеді. Мысалы, Басқарма маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді. Салым суға кеткендей жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен.

Фразеологизм мен күрделі сөздерді салыстыру. Мысалы, бас тарту; 1. Байсал ақсақалға қой сойып, бас тартты. 2. Бауыржан олрады қоштаудан бас тарты. Жағасын ұстау; 1. Марат келіп Мұқанның жағасынан ұстай алды. 2. Шұбар соны есітіп жағасын ұстап келді.

Қазақ тілінде фразеологиялық тіркестер үшке бөлінеді: идиома, фраза және мақал-мәтелдер.

1. Идиомалардың білдіретін мағыналары олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, образды етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы: қара қылды қақ жару, аузымен орақ ору, қой аузынан шөп алмау, қой үстінде боз торғай жұмыртқалау т.б. Бұл идиомалардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарынан келіп шықпайды. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген идиоманың білдіретін бір бүтін мағынасы осы тіркестің құрамындағы аузы-мұрны және қисаймастан деген сөздердің білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді.

Идиома ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, мидай дала, асқар тау, шалқар көл, ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа, қыпша бел т.б. осы сияқты тұрақты сөз тіркестері енеді. Идиоманың құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (жазық дала, кең дала, ұлан-ғайыр дала, терең көл, кішкене көл т.б.) фразеологиялық байлаулы мағынасында мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл сөзімен ғана тіркеседі.

2. Тіліміздегі тұрақты тіркестердің бір түрі – мақал- мәтелдер. Олар халық данышпандылығының айнасы. Сонау атам заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшелеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге қонымды, ұтымды келеді.

Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Мысалы, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұттан бол!», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!» - десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер дейміз?!

Мақал-мәтел аз сөзді, терең мағыналы, әрі ұтымды болғандықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білуі жоғары мәдениеттілікті, ойлылықты байқатады. Өйткені «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей мақал-мәтел айтылайын деген ойға мазмұндылық дарытады. Мысалы, «Шегірткеден қорыққан егін екпес», «Еңбек түбі – береке», «Еңбексіз егін бітпес, оқусыз білім бітпес» сияқты мақалалар еңбекті ұйымдастыру барысында әңгімеде пайдалану сөз мазмұнын жандандыра түседі.

Осындай орынды қолданған мақал-мәтелдер ауызекі сөзде де, жазбаша сөйлеуде де шешендік, көркемдік элементтерінің бірі болғандықтан халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін үйренемін деушілер оларды көп біліп, дұрыс пайдалануы қажет. Мақал-мәтел адамды бейнелі ойлатуға үйретеді [43,211].

3. Қанатты сөздер. Қанатты сөздерді айтылатын оймен орайластырып дұрыс қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұялай қалатын, дәл, әрі көркем болады. Бұлар бұрын-сонды шешендер мен көркем ақын-жазушылардың аузынан, қаламынан шығып жұртшылыққа тарайды да, олар бүкіл халықтың қасиетіне ие болып, жалпылық сипат алады. Мысалы, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды», «Ит үреді, керуен көшеді», «Сырдың суы сирағынан келмейді» сияқты қанатты сөздерді о баста қашан? кім? Айтқаны белгісіз, сондықтан олар халықтың нақыл сөздері деп айтылады.

Бірқатар қанатты-нақыл сөздердің авторы белгілі. Мысалы, «Баяғы жартас бір жартас», «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» (Абай), «Достың сыры досына паш» (С.Торайғыров), «Жаңылмайтын – жақ, исүрінбейтін тұяқ жоқ».

Қанатты сөздер – ұшқыр ойдың қанаты. Айтылатын ой-пікірдің көркем бейнелеудің құралы. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда сөйлей алу – үлкен өнер.

Қорыта айтқанда, көркем тілмен бейнеленген кестелі сөздерді жазған (не сөйлеген) кезде өз сөзінде пайдалану – тыңдаушылық құлақ құршын қандырып, ойына ой қосып, қиялына қанат бітіреді. Сезіміне әсер етіп, эстетикалық талғамын арттырады. Сөйлеуші тіліндегі қантты сөздер, мақал-мәтелдер, ұшқыр да ұтымды афоризмдер айтылатын ойдың ажарын ашып, көркемдігін арттырады. Тыңдаушының зейінін өзіне еріксіз аударады[44,98].

Тілдік қарым-қатынаста кездесетін лексикалық тұлғаның бірі – тұрақты сөз тіркестері.

Тілдік қатынастың жүзеге асуы хабардың (ақпараттың) айтылуына, жеткізілуіне, қабылдануына тікелей байланысты. Қандай болмасын, хабардың түрі тілдік қарым-қатынас арқылы лексикалық тұлғалардың қатысымен жүзеге асады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік бөлшектердің де, тұрақты тіркестердің де өзіндік атқаратын қызметі бар.

Қатысымдық әрекетте басты көңіл бөлетін нәрсе – тілдік тұлғалардың жеке қолданылуы емес, олардың бір-бірімен өзара байланысқа түсу арқылы белгілі бір ойды, пікірді жеткізуге себепші болатын заңдылықтары. Тілдік бөлшектер өз алдына жеке, дербес тұрғанда қарым-қатынас құралы бола алмайды, сондықтан мұндай жағдайда түсінісу де болмайды. Белгілі бір хабарды жеткізу мақсатында әрбір сөз нақтылы мағынаны білдіру арқылы бүтіндей жүйелі байланысқа түседі де, адамның ойын екінші біреуге түсінікті етеді[34,57].

Сөз жеке тұрғанда зат не құбылыстың аталымы ғана болып табылады. Ол басқа тілдік тұлғалармен өзара мағыналық байланысқа түсіп, ойды жеткізу арқылы қатысымдық қызмет атқарады. Бірақ сөздің жеке қолданылуының екінші жағы да бар. Егер сөз белгілі бір ойды жеткізу мақсатында атаулы сөйлем ретінде қолданылса, ол дербес лексикалық тұлға есебінде емес, қатысымдық тұлға тұрғысында жұмсалады.

Қатысымдық тұлға ретінде жеке сөз бен тұрақты сөз тіркестерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Егер сөз хабар беру мақсатымен қоса жауап алуды қамтамасыз етсе, онда бұл қатысымдық әрекеттің жүзеге асқандығын білдіреді, ал тек баяндау үшін айтылса, ол хабарлау (информация) ғана болып табылады.

Тұрақты сөз тіркестерінің қатысымдық ерекшеліктері олардың құрамында бірнеше сөздердің тіркесіп келуі жағынан көрінбейді, керсінше, сол бірнеше сөздердің қатыса келіп, әрі атаулы, әрі экспрессивті мағынаны білдіру арқылы қатысымдық және ақпараттық мәнге ие болуына қатысты қарастырылады. Мысалы, «қой аузынан шөп алмас» деп айту арқылы адам мінезінің жуастығын, момындығын атап қана қоймай, сонымен қатар оған мінездеме де беріп, оның өзіндік ерекшелігін сипаттаймыз. Осындай мінездеме берілген жанмен қандай қарым-қатынас жасауға мүмкіндік болатындығын да түсініп, соған қарай өзімізді бейімдейміз.

Жалпы, тұрақты тіркестің мағыналық, экспрессивті-эмоциялық ерекшелігіне сай адамдар арасындағы қатысымдық байланыстың алғышарттары қалыптасады. Қатысымдық қасиеттеріне қарай фразеологиялық сөз тіркестері мағыналары жағынан ұқсас болып келуі арқылы бір-бірімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсалады. Мұндай жағдайда мағыналары сәйкес бірнеше сөздер бірыңғай синонимдік қатар жасайды. Бұл тұрақты тіркестердің мағыналық, экспрессивтік сипаты бір-бірімен күшейе түседі де, сөйлеу тілінде заттың, құбылыстың сын-сипатын айқындай түсу үшін пайдаланылады. Мысалы: тайға таңба басқандай – соқырға таяқ ұстатқандай – бесенеден белгілі – айдан анық т.б. Мұндай бір синонимдік қатарға бірнеше тұрақты сөз тіркестері бірігіп келіп, ашық, белгілі, айқын деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл тіркестер өте айқын, тым ашық, анықтың анығы деген экспрессивтік мағынаға да ие болады.

Қазақ тіліндегі сын есім синонимдері бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің жеке сөзбен синонимдес болып келуі арқылы жасалса, бірде фразеологиялық сөз тіркестерінің өзара синонимдес болып келуі нәтижесінде қалыптасады [45,49]. Сондықтан ақпараттық және қатысымдық мәнге ие болатын сын есімге қатысты фразеологиялық сөз тіркестерін екі топқа жіктеуге болады. Бірінші – фразеологиялық сөз тіркестерінің бір-бірімен өзара мағыналас болуы нәтижесінде пайдаланылатын тұрақты сөз тіркестері. Екінші – фразеологиялық сөз тіркесінің жеке сөздермен мағыналық жағынан ұқсас келуі нәтижесінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Мысалы: мұрнын көкке көтерген, кеудесіне нан піскен, кеудесі зор; тонның ішкі бауындай-қыл өтпестей, сүттен ұйыған; бір ұрты май, бір ұрты қан шаш ал десе, бас алатын т.б. Немесе, аяғының желі бар – жүйрік; әліпті таяқ деп білмейтін –сауатсыз; ағаштан түйін түйген –шебер т.б.

Тілдік қолданыста жеке сөздерге қарағанда, тұрақты сөз тіркесінің баяндау, хабарлау, әсіресе сипаттау ерекшелігі басым. Сондықтан да қатысымдық қызмет атқаратын фразеологиялық сөз тіркестері жеке сөзбен мағынасы жағынан сәйкес болғанымен, тепе-тең бола алмайды. Фразеологиялық тіркестер сөздерге тек балама болады да, эмоциональды-экспрессивті реңкті білдіреді. Осындай қасиетіне байланысты фразеологиялық сөз тіркестері көбінесе стильдік мақсатта жұмсалады.

Қорыта келгенде, қазақ тілі пәнін оқыту кезінде лексикалық білім беру барысында оқушылар сөздердің лексикалық мағынасын игеру ғана емес, оның сөйлемде пайдаланылуы, грамматикалық мағынасы және ол мағынаның қолданылуы бойынша жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл дағдыландыру жұмысы сол сөз бен сөз тіркестерінің сөйлеу әрекетіндегі мақсатқа сай қолдана білу икемділігін арттыра отырып, сөздік қорын саны жағынан ғана емес, сапа жағынан да арттыруға ықпал етеді.

Мектеп оқушыларына лексика туралы білім берумен бірге ол сөздердің қолданылуы, лексикалық стилистика туралы мәлімет беру оқушының тілін дамытуға ықпал етеді. Мәселен, синоним сөздердің мынадай қасиеттері үйретіледі:

1) Лексикалық синонимдер белгілі бір стильге бағынып, ерекшеленіп қолданылады. Мұндай ерекшелікті белгілі бір синонимдік қатардың құрамындағы сөздердің қолданылуынан аңғаруға болады. Мысалы, «көк», «аспан» деген синонимдік қатардың құрамындағы «аспан» сөзі, «жер жүзі», «жер шары» деген синонимдік қатардағы «жер шары» тіркесі көбінесе ғылыми стильге (астрономияда) қолданылады. Мысалы: халық, жұрт, әлеумет, халайық деген синонимдік қатарлардың құрамындағы сөздерді қолданылу жағынан салыстырып қарағанда (жұрт, әлеумет, халайық) бірінші синонимдік қатардағы «халық», жұрт» дегендердің жалпылама қолданыла беретіндігін көруге болады. Осы синонимдік қатардағы «жұрт, әлеумет, халайық» деген сөздер көбінесе поэтикалық тілде қолданылады да, ауызекі тіл стилімен байланыста болады.

2) Синоним сөздер қолданылуда бір-бірінен мағыналық және стильдік ерекшеліктерімен көрінеді. мысалы, Базарлы науқасынан оңалып, қайтадан азамат қалпына келгенде, қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды (М.Әуезов). Петербургтағы үлкен достар - Әбішке қатты сақтандыру айтқан. Бұнда жаңа басталуға мүмкін болып аңғарылған ауру бар. Қаны қатты азаюмен аралас өкпесіне ілінген сырқат бар (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі «сырқат», «ауру», «науқас» деген синоним сөздер берілетін ойға таңдап алынған. Өйткені соңғы сөйлемдегі «сырқат» деген сөздің орнына «ауру», «науқас» деген сөзді қойса, ол сөйлемнің стильдік мәні бұзылған болар еді. Мұнда жазушы «сырқат» сөзді «ауру» деген сөздің мағынасына қарағанда тар, жұмсарта қолданылған.

3) Синоним сөздердің айтушы мен жазушы бір зат пен құбылысқа ерекше назар аудару мен оның сөйлемдегі мәнін өсіруде қолданады. Мысалы, бұның ар жағындағы ішкі тайталас тартыстың біреуін де Әзімбай айтқан жоқ. Бақ бұтақтан, гүл жапырақтан, дән нәрден айрылыпты (М.Әуезов).

4) Синоним сөздерді қолдану, тыңдауда сөйлемнің, сөздің экспрессиялылығы артады. Бәріміздің арамазда өте қайратты, өте қажырлы жолдас Катченко еді (С.Сейфуллин). Ақырын ғана қоңыр үнмен, бөгде бірулер естіп қоймасын дегендей жалтақ көзденіп айтады (М.Әуезов). Бөтенсің, жатсың демеймін (Ғ.Мұстафин).

5) Синоним сөздер тіл стильдеріне байланысты ерекшеленеді: кенеттен (жазба), байқаусызда (ауызекі), толық, жуан т.б.

Мұндай ерекшеліктері игерілгеннен кейін синоним сөздерді сөйлеуде қолдана білуге жаттықтырылады: Мысалы: Синоним сөздерді мағынасына орай сөйлемдегі басқа сөздермен дұрыс тіркестіре білуге үйрету үшін мынадай тапсырмалар мен жаттығулар орындаттырылады: 1. Берілген сын есім сөздерді жақшаға алынған сөздермен дұрыс тіркестіріп, сөйлем құрату: ұзақ мерзімді, уақыт, кез; 2. Сөйлемдегі баяндауыш сөздің сәйкес синоним сөздердің бірін қойып көшірту. Оны неге дұрыс деп есептегенін түсіндірту: 1) Жазда балалар аулына (барып келді, оралды, барып қайтты); 2) Бала анасына (көмектесті, жәрдемдесті, көмек берді, қолғабыс етті) т.б.

2.3. Сөйлеуде көркемдеуіш және бейнелегіш құралдарды

пайдалану
Сөз әсерлігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тарту екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылатын сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек[46,136]. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «Сөзі мірдің оғындай екен», «Сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп санайды. Кейбіреулер маңғызданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік – шынайлылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс[9,56].

1. Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айта беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.

2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен белгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмасы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезінетін болсын.

4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруге қажет.

5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалмай, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырған мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.

6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.

7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.

8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болды. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен ойдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалу қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.

Сөз қолдану мәдениеті сөзді мағынасына орай дұрыс қолданумен қатар оны де, әсерлі, көркем бейнелі етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу-нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.

Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңгеру болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата бердім»( М.Әуезов).

Мұндай асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір-бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.

Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және синекдоха арқылы жасалады[46,57]. Енді осы тәсілдерге қысқаша тоқталайық.

1. Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысу белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.

Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді.

Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынасының көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні дегендердің төркін мен қыздың төркіні дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз «қыздың ата-анасы, туған-туыстары» дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалдарда «түп негізгі, тегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді.

2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы: үйі мәз боп, қой сойды, сүйіншіге шапқанға (Абай) – деген сөйлемдегі үй деген сөз өзінің негізгі мағынасы «баспана» дегенді емес, бір үйдің адамдары, үй іші, отбасы дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан...(Абай). Бұл сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес, «сусын» деген мағынаны білдіреді. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді.

3. Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталды. Мысалы, кейде, отбасыңда неше жан бар? – деудің орнында басың нешеу? Дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына қолданылып тұр.

Синекдоха – грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзінен жасалған термин.

4. Теңеу. Теңеу де зат пен құбылыстың біріне- бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады. Мысалы:

Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай,

Апаңнан сені туған айналайын,

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

(Сегізсері)

5. Эпитет. Бір заттың, не бір құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды.

Қорыта айтқанда, сөз ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу арқылы мағыналық жақтан түрленіп, өзгеріп отырады. Айтайын деген ойды бейнелі де әсерлі беруге икемді болады. Міне, сондықтан сөйлеуші (жазушы) өз сөзінде тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, бейнелі мағыналарды суреттеудің ең ұтымды құралы ретінде пайдаланады.



2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері,

грамматикалық норма.
Әдеби тілдің нормалану нысаналары. Әдеби тіл дамыған жайын оның грамматикалық құрылысында біркелкілік, бірізділік үстем бола береді де, оның сымбаттылық қасиеті арта түседі. Бұл жағынан да қазақ тілін кемсіте алмаймыз. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз тұлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті. Грамматикалық құрылыстың сол қалпын – грамматикалық норма дейміз[47,213].

Грамматикалық нормалар грамматикалық ережелер негізінде, әдеби тілдің қалыптасу барысында жасалады. Әдеби тілде бардың бәрі бірдей норма бола бермейді. Мысалы, Абай тұсында, Абай шығармаларында, ауыз әдебиетінде «бармаққа керек», «айтарға керек» тәрізділер кездеседі, ондайды бұл күнде «бару керек», «айту керек» деп жазамыз. Немесе 1963 жылғы «Жұлдыз» журналында Рамазан Тоқтаров туындайды, туындап деген сөздер қолданған. Әдеби тіл де қыранды, жымыңда, сусылда тәрізділерден қырандайды (қырындап), жымыңдайды (жымыңдап), сусылдайды (сусылдап) деген жаңа сөз тудыруға болады. Ал, «туынды» сөзінен «туындайды», «туындап» деген сөздер тудырту тілге зорлық, нормаға жатпайды.

Тілдегі жекелеген қосымшалар көптеген сөзге жалғап айтуға болғанымен, солардың көбінің шегі бар, мысалы, қолданды, көздеді, бұзаулауды, сүйемелдеді деп айтуға болады, ал кітаптарды, жүректеді, бөлтіріктерді, тартыстарды деп айтылмайды. Р.Тоқтаровқа ұқсап біреу солай жазып қойса да, әдеби нормаға айнала қоймайды.

Ғасырлар бойы жасалған грамматикалық ережелердің, грамматикалық категориялардың жұмсалу аясы қаншалықты кең, бір беткей отырып, стилистика мен грамматиканың байланыстылығына ерекше назар аударады.

Тұжырымдағанда, оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіру ана тіліміздің нормасындағы тілдің жаттықтығын, мәнерлілігін, әсерлілігін, тазалығы сияқты тіл сапаларын игеріп, қатенің не үшін қате екендігін үйрету бағытында жүргізіледі.

Тіл мәдениеті тек жеке сөздерді немесе сөз тіркестері мен сөйлемді ойына байланысты таңдап, қолдану ғана емес, жалпы өзінің айтайын деген ойын, пікірін жүйелі, мазмұнды айтып, не жазып бере білуін де қарастырады. Осы тұрғыдан эскперимент жұмысында оқушылардың жазбаша (мазмұнддама, шығарма т.б.) бақылағанымызда оларда негізінен мынадай қателер жіберетіндігі байқалады. Атап айтқанда, сөзді дұрыс өз ойына орай қолдана алмай, лексикалық қателер, өз ой-пікіріне сай сөздерді байланыстыра алмай, сөйлем құрастырудан, яғни грамматикалық қателер, мәтіндік мазмұнды жүйелілігін сақтамай, логикалық қателер жазбаша сауаттылығы жөнінде орфографиялық қателер жібереді. Мысалы, жалпы ереже бойынша зат есімдерге жалғанатын көпті тәуелдік жалғауларының орналасу тәртібі былай болады: түбір сөз, алдымен көптік, оның үстіне тәуелдік жалғауы жалғанады; жолда тарым, терезелерің, жиналыстары, ата-бабаларымыз т.б.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет