Алматыда соңғы сегіз жылда алғаш рет пәтер жалдау бағасы арзандады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DataHub сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Пәтерді жалға алу 2,9 пайыз арзандады. Құрлыс компанияларына пәтерлер сатып алу құны 1,4 пайызға, екінші қолданыстағы пәтерлерді сатып алу екі ай қатарынан 0,4 пайызға арзандаған.

Жалпы Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасы 0,4% өскен. Пәтер бағасы Қарағандыда 0,3 пайыз арзандаса, Павлодарда бағаның 0,1 пайыз төмендегені байқалды.

Ел бойынша пәтерлерді қайта сату 1,7 пайыз өсті, әсіресе Астанада қайта сату бағасы 5,3 пайыз қымбаттаған. 

Бүкіл ел бойынша жалдау ақысы 1,2 пайыз арзандаған. Жалдау құны арандаған аймақ – Семей. Бұл жерде баға 4,4 пайыз түскен.

Еске салсақ, осыған дейін жер сілкінісіне байланысты Алматыдан басқа қалаларға қоныс аударғысы келетіндер көбейгені туралы жазған болатынбыз.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.