Танымал әнші, кәсіпкер Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын ауыртып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/
Әнші гастролдік сапармен Қарағанды өңірінде жүр.
“Ғайыптан тайып, құлап отырмын. Сынықшы апамның үйінен бір-ақ шықтым. Рзагүл апа осыдан жеті жыл бұрын да аяғымды салып беріп еді. Сол оқиға тағы қайталанды. Сахнада құлап, аяғымды ауыртқанда да осы кісіге келіп едім. Қасымда жүрген інілерімнің қалай алып келгенін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазды өнер иесі.
-
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдылығын анықтайтын сауалнама қолданылады
-
Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 14 адам зардап шекті (видео)
Сонымен қатар, әншінің ұлы мен қызы да қатар ауырып жатқанын айтты. Өзі болса ән сапарға шығып кеткен.
“Қызың үйде қызылша болып ауырып жатыр. Балаң да ауырып бастады. Ал, сен аяқты қайырып, сіңірің созылып, тобығың жарылып жатыр. Аналар ғана түсінетін жағдай. Балапанымның туған күні басталды. Бастысы жаратқан баршамызға ұзақ ғұмыр берсін! Қалғанын кейін жасап аламыз”, – деп өзін жұбатты әнші.
Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.