Америкалық миллиардер Илон Маск қазіргі АҚШ әкімшілігінің көші-қон саясаты елді ең қауіпті қылмыскерлердің панасына айналдырды деп мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: AP Photo 

"Жеке басын куәландыратын құжаттардан құтылу, оңтүстік шекараны кесіп өту және пана сұрау мүмкіндігі Американы әлемдегі ең қауіпті қылмыскерлер ордасына айналдырды", – деп жазды кәсіпкер Х әлеуметтік желісінде.

Кәсіпкер бұл сөзін Bloomberg мақаласына пікір ретінде жазған еді.

Мақалада Венесуэлада  кісі өлтіру деңгейі 22 жылдағы ең төмен көрсеткішке жеткені жазылған, өйткені елді қылмыскерлер мен қылмыстық топтар тастап кеткен.

Бұған дейін Илон Маск адамзатты демографилық дағдарыс күтіп тұр деп мәлімдеген еді. 

“Адамзаттың алдында тұрған ең үлкен мәселе – демографиялық дағдарыс”, – деп жазды ол өзінің Х әлеуметтік желісінде. 

 

The ability to discard your identification documents (from any country), walk across the southern border and claim “asylum” has turned America into a refuge for the world’s worst criminals! https://t.co/ENhh2abS5G

— Elon Musk (@elonmusk) February 27, 2024


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.