“Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын реттеймін” деп сынға қалған актриса Гүлзада Тұрлаш тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulzada_tl/

Актриса жеке парақшасындағы сұрақ-жауап бөлімінде оқырманының кейбір сұрақтарына жауап берді. Айтуынша, тұрмыс құрмаған жас қыздар жиі ақыл сұрайтын көрінеді. 

“Күйеудің көзге шөп салуының себебі қандай?”, деген сұраққа актриса былай деп жауап берген.

“Себебі өте көп. Сатқындық – өте төмен адамдардың деңгейі. Ол қасиетін бірден байқасаңыз, бөлек тұрғаныңыз абзал. Басқа адаммен тұрмыс құрып, өміріңізді жалғастырғаныңыз дұрыс. Өтірікпен өмір сүргенше, өзіңіздің өміріңізді қолға алғаныңыз”, – деп жауап берді өнер иесі.

  • "Барлық адам білетін ақыл": Фариза Төреәлінің ер адамды қорлау туралы жазбасы сынға қалды

  • "Ерімді мойындаудан артық дәреже жоқ": Толқын Тұрарбек күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Сонымен қатар, ер мен әйелдің қарым-қатынасындағы мәселені де айтып берді. 

“Менен көп оқырман күйеу мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты қалай реттеу керегін сұрайды. Жауап – біреу! Бүкіл дүниені өзіңмен жұмыс істеуден баста! Ерлі-зайыптылар арасындағы мәселеге мыналар жатады: көзге шөп салу, қарым-қатынастағы салқындық, отбасылық бюджет, ене мен келін арасындағы жанжал. Осылардың бәрі ер мен әйелдің отбасын бұзады”, – дейді Гүлзада. 

Фото: Гүлзада Тұрлаштың Stories-і

Актрисаның айтуынша, ата-анасы өте қатал адамдар болған. Қыз тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған көрінеді. Кезінде ренжігенімен кейін рақмет айтыпты. 

“Егер ата-анаңыз шетелге шығуға рұқсат бермесе, онда ол сіз үшін қайырлы болғаны. Оған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Кезінде менің де ата-анам қалауыма қарсы болғанда қатты ренжуші едім. Тіпті әкем, кешкі сағат 8-ден кейін үйден шығармайтын. Ал қазір сол үшін ата-анама алғыс айтамын”, – деп жауап берді актриса. 

Еске салайық, актриса туған күніне келген сыйлықтарын көрсетіп, сынға қалғанын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.