Дүниежүзілік сауда ұйымы



жүктеу 0.81 Mb.
бет3/5
Дата20.11.2018
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4   5

ТБИ деген не?

Тұтыну бағасының индексі (бұдан әрі – ТБИ )– бұл халықтың жеке тұтыну

үшін сатып алған тауарлар мен қызмет көрсетулердің тіркелген жиынтығы

бойынша бағалардың жалпы деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайтын

салыстырмалы көрсеткіш.

ТБИ инфляция деңгейін бағалау болып табыла ма?

Иә. Инфляция деңгейі ТБИ мәнімен айқындалады.



ТБИ қайда жерде қолданылады?

• инфляцияны бағалау үшін;

• мемлекеттің мемлекеттік бюджетін ақшалай-кредиттік және салықтық-

бюджеттік саясатын қалыптастыруда;

• әлеуметтік бағдарламаларды, ақшалай табыстардың индекстелуін,

әлеуметтік жәрдемақыларды, басқа индикаторларды қайта қарау үшін;

• жеке секторда ұзақ мерзімді шарттар жасауда.

ТБИ-дің халықаралық салыстырымдылығы қалай

қамтамасыз етіледі?

ТБИ-дің қалыптасуы ХЕҰ/ХВҚ/ОЭСР/Еуростат/ЕЭК ХБҰ/Халықаралық

банк – «ТБИ бойынша нұсқау: теория және тәжірибе (2007ж.)» (http://www.imf.

org/external/pubs/ft/cpi/manual/2004/rus/cpi_ru.pdf.) белгіленген халықаралық

стандарттары мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бағаны тіркеу, байқау

объектісін, тауарлар (қызмет көрсетулер) және олардың сыныптамасын, индексті

есептеу әдіснамасын іріктеу рәсіміне (формулалар, салмақтық құраушылар)

қатысты жалпы ережелер барлық мемлекеттер үшін бірыңғай болып келеді.



Әр елдердегі ТБИ-ді құру тәсілдерінде айырмашылықтар бар ма?

Иә. Айырмашылықтар салмақтық құрамдас бөліктердің ауысу жиілігіне,

баға жинау кезеңділігіне, аумақтық қамтуға, елдің ерекшелігін көрсететін нақты

тауарларды (қызмет көрсетулерді) іріктеуге қатысты байқалады.



Қазақстан ТБИ-інің халықаралық критерилерге сәйкестігі қалай

анықталады?

Халықаралық Валюталық Қор мезгіл-мезгіл сәйкестік сараптамасын жүргізіп

отырады. Қазақстан Республикасында ТБИ-ді есептеу әдістемесі бірнеше рет

Халықаралық Валюталық Қордың сараптамасынан өтті және де халықаралық

стандартқа сай деп танылды (1985ж. мамыр, 1997ж. қыркүйек, 2002ж. сәуір,

2007ж. тамыз), www.stat.kz.



ТБИ құруда қандай ақпарат қолданылады?

• ТБИ есептеу екі көзден алынған ақпарат негізінде жүргізіледі:

• бағаларды тіркеу деректерінен;

• үй қызметтерінің тұтыну шығындары құрылымының бөлігінде оларды

ішінара зерттеу материалдарынан.

«Тұтыну шығындары» дегеніміз не?

Тұтыну шығындары – бұл тамақ өнімдерін, алкогольдік ішімдіктер,

азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және ақылы қызметтерге жұмсалған

ақшалай шығындардың бөлігі. Тұтыну шығындары туралы ақпарат үй

шаруашылықтарының белгілі бір кезең ішіндегі өздерінің ақшалай шығындары

туралы күнделікке жазу мәліметтері бойынша қалыптасады.

Баға туралы ақпарат қалай алынады?

Баға ақпараттарын жинауды баға тіркеушілері осы мақсатқа таңдалып

алынған сауда нүктелеріне және қызмет көрсету орындарына тікелей барып

құлақша қағаздан (баға көрсеткіші) немесе сатушылардан сұрау және арнайы

әзірленген құралдарға олардың түсірген жазбасы арқылы жүргізіледі.

ТБИ үшін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы деген не?

ТБИ үшін тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы (көбінесе “қоржын”

ретінде түсіндіріледі) – бұл халықтың тұрақты сатып алған заттарының (сатып

алынған қызмет көрсетулер) негізін құрайтындардың тізбесі және тұтыну

шығындарында едәуір салмағы бар. «Қоржынға» жаппай сұраныс тауарлары

мен қызмет көрсетулер, сондай-ақ пайдаланылуы міндетті емес жекелеген

тауарлар (қызмет көрсетулер) (зергерлік бұйымдар, автокөліктер және оларға

техникалық қызмет көрсету, осыған ұқсастар) кіреді.



ТБИ орташа тұтынушының шығынын көрсете ме?

Иә. ТБИ қоржынын құру үшін үй шаруашылықтарының табысы деңгейіне

немесе тұрғылықты орнына байланыссыз, олардың барлық типтерінің іріктелген

шеңбері бойынша оларға сатып алулары және шығындары туралы мәліметтер

пайдаланылады.

ТБИ қоржыны тұтынушылардың қазіргі заманғы талғамдары

мен қалауларын көрсете ме?

Иә. Іріктеу әлсін-әлсін қарастырылып тұрады, үй шаруашылықтары

тұтынуында өзінің маңыздылығын жоғалтқан тауарлар (қызмет көрсетулер)

жаңалармен ауыстырылады.

Қазіргі уақытта ТБИ үшін тауарлар мен қызметтердің тіркелген жиынтығына

508 атау енген.



275 344 435 508

1995г. 2000г. 2002г. 2008г.

ТБИ қоржынына қандай тауарлар мен қызметтер енгізілген?

167 азық-түлік тауарлары – нан және жарма өнімдері, ет және ет

өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоң май,

жемістер және көкөністер, қант және кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар,

алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері;

256 азық-түлік емес тауарлар – киім және аяқ киім, үй керек-жарақтары

және тұрмыстық техника, дәрі-дәрмектер, жеке гигиена, спорт және демалысқа

арналған тауарлар, жанар-жағармай, жылытуға арналған материалдар және

басқалар;

85 ақылы қызметтер – тұрғын үй-коммуналдық, медицина, көлік,

байланыс, мәдениет және демалыс, білім беру, мейрамханалар мен қонақ үй

салаларында және басқалар.

Үй шаруашылығы шығындарының қандай баптары ТБИ-ға

енгізілмеген?

Тұрғын үй-жайларды, бағалы заттарды (өнер туындылары, антикварлық

бұйымдар және т.б.), акциялар мен облигацияларды сатып алуға жұмсалған

шығындар тұтынушылық ретінде қарастырылмайды.

Тұрғын үй нарығындағы бағалар ТБИ-ға енгізіле ме?

Жоқ. «Тұтыну бағасының индексі бойынша нұсқаулық: теория және

тәжірибеге» сәйкес тұрғын үй-жайларды сатып алуға жұмсалған шығындар

тұтыну тауарлары ретінде қарастырылмайды, сондықтан ол ТБИ қамту

саласынан шығарылып тасталады.

Тұрғын үй-жайлардың иелері оларды жалға бергені үшін жал ақы, тұрғын

үй үшін төлемақы (ТКК қызметтері) және оны күтуге жұмсалған шығындар ТБИ-

да есепке алынады.

Қандай сыныптамалық жүйе қолданылады?

Халықтың тұтыну шығындарының баптарын топтарға және бөлімдерге

бөлу ОЭСР әзірлеген және халықаралық стандарт ретінде қолдануға ұсынылған,

мақсаттар бойынша жеке тұтыну сыныптауышына (МЖТС) сәйкес жүргізіледі.

Қандай тауарлар МЖТС-на кіреді

Төмендегі тауарлар мен қызметтерді біріктіретін 12 бөлімді ұсынады:

тағам өнімдері, алкогольсіз сусындар;

алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері;

маталар, киім және аяқ киім, оларды тігу және жөндеу қызметтері,



галантереялық тауарлар;

тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, отын түрлері, пәтер жөндеу



қызметтері және оларға арналған тауарлар;

жиһаз, кілемдер, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, жуғыш және тазалау



құралдары;

денсаулық сақтау қызметтері және фармацевтикалық препараттар;

қоғамдық көлік қызметтері, жекеменшік көлік сатып алу, оларға жанар

май, техникалық қызмет және жөндеу қызметтері;

пошта қызметі, телефон, ұялы байланыс және электр байланысының



басқа да түрлері;

демалыс, ойын-сауық, спортпен шұғылдануға байланысты тауарлар мен



қызметтер;

бала-бақшалар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындарының



қызметтері және де қосымша білім берудің түрлі бағдарламалары;

қонақ үйлер, асханалар, дәмхана мен мейрамханалар қызметтері;



өзге де тауарлар мен қызмет көсетулер (жеке бас гигиенасына арналған,

заң, салттық рәсімдер қызметтері).

«Салмақ» термині нені білдіреді?

«Салмақ» - үй шаруашылықтарының шығындар сомасында олардың

үлестерімен өлшенетін, тауарлар мен қызметтердің салыстырмалы мәнін

көрсетеді. Әрбір тауар немесе қызмет көрсетуге арналған «салмақ» осы

тауардың немесе қызмет көрсетудің баға өзгерісінің жалпы индекстің көлеміне

әсері дәрежесін анықтайды. Мысалы, ТБИ-дағы нанның салмағы 0,02615-ке

тең немесе үй шаруашылықтарының нанға деген орташа шығыны 2,6%-ды

құрайтынын көрсетеді.

«Салмақ өлшеу схемасы» термині нені білдіреді?

ТБИ салмақ өлшеу схемасы индекске қосылған, тауарлар мен қызметтердің

тіркелген жиынтығы бойынша халықтың тұтыну шығындарының құрылымын

көрсетеді. Жалпы тұтынушылық шығындардағы әрбір баптың үлесі (тауардың

немесе қызметтің) оның салмағы болып табылады.

2009 жылы пайдаланылатын ТБИ-ді есептеуге арналған салмақ

өлшеу схемасы

пайызбен

БАРЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР 100

Тағам өнімдері және алкогольсіз сусындар 34,4

Нан және жарма өнімдері 7,3

Ет және ет өнімдері 10,2

Балық және теңіз өнімдері 1,0

Сүт өнімдері 2,9

Жұмыртқалар 0,8

Май және тоң майлар 2,6

Жемістер және көкөністер 4,4

Қант және кондитерлік өнімдер 2,8

Басқа санаттарға енгізілмеген тағам өнімдері 0,5

Алкогольсіз сусындар 1,8

Алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері 4,4

Алкогольді ішімдіктер 3,4

Темекі өнімдері 1,0

Киім, аяқ киім 12,2

Тұрғын үй қызметі, су, электр энергиясы, газ және отынның өзге түрлері 17,6

Үй керек-жарақтары 4,9

Денсаулық сақтау 3,0

Көлік 8,4

Байланыс 2,8

Демалыс, ойын-сауық және мәдениет 4,4

Білім беру 2,6

Мейрамханалар және қонақ үйлер 1,8

Басқа да тауарлар мен қызметтер 3,6

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ 38,8

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС ТАУАРЛАР 32,4

АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР 28,8

Салмақ өлшеу схемасы қаншалықты жиі қайта қаралады?

Жыл сайын, халықаралық ұсыныстарға сәйкес.

ТБИ үшін баға ақпараты қайда жиналады?

Бағаларды (тарифтерді) тіркеу республика астанасында, Алматы

қаласында, барлық облыс орталықтарында және 28 облыстық маңызы бар

қалалар мен аудан орталықтарында жүзеге асырылады.

Ақпарат жинауды сауда объектілері мен ақылы қызметтердің таңдалып

алынған шеңбері бойынша баға тіркеушілері жүргізеді.

Бағаны тіркеу қандай сауда нүктелерінде жүргізіледі?

Бағаны тіркеу тауарлардың көлемі сатылатын сауда нүктелерінде және

қызмет көрсету орындарында жүзеге асырылады. Олар елді мекеннің әртүрлі

бөліктерінде орналасқан (орталықта, шағын аудандарда, шетте).

Ассортименті мол объектілер (супермаркеттер, арнайы дүкендер),

тауарлардың немесе қызмет көрсетудің бір-екі тобын ұсынатын шағын және

орта объектілер, сонымен қатар киім-кешек, азық-түлік және аралас базарлар

да таңдалады. Нарықта үстем орын алатын кәсіпорындар (монополистер)

міндетті түрде енгізіледі.__


Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы мәлімет

 

Зейнетақымен қамсыздандыру

1) 2008 жылдан бастап зейнетақыны есептеуге алынатын ең жоғарғы табысты шектеудегі планканы 15 АЕК-тен (16380 теңге) 25-АЕК (29200 теңге) дейін көтерілетін болады.

Бұл ретте, зейнетақылық іс қағаздарында жоғары табыстары туралы мәлімет бар жарты миллионға жуық зейнеткерлердің зейнетақылары арттырылатын болады. Бұрын қолданыстағы шектеуге байланысты олардың айлық табыстары толық есепке алынбаған болатын.

2) Базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % -на дейін арттыру (3000 теңгеден 4210 теңгеге)

1 млн. 675 мыңнан астам адам базалық зейнетақы төлемін алушылар болып табылады. Базалық зейнетақыны арттырылған мөлшерде төлеу үшін қосымша 19,1 млрд. теңге бөлінді.

3) Зейнетақы мөлшерін болжамды инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп арттыру.

Бұл зейнетақы төлемдерінің мөлшерелері 25 АЕК арттыруға жатпайтын бір миллоннан астам зейнекерлерге әсер етеді.

2008 жылдан бастап айлық табысты 25 АЕК шектеу, зейнетақыны 9 %-ға және базалық зейнетақыны арттыруда төмендегілер күтіледі:

- елімізде зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемімен қоса есептегенде 17 мың теңгеден асады немесе 29 %-ға арттырылады.



Мысалы: 13660 теңге (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 теңге (базалық зейнетақы) = 17870 теңге.

- егер жасына байланысты зейнеткер жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары болса (жыл сайын 79 мыңға жуық адам), оның орташа зейнетақысы 21 мыңнан астам болады.



Мысалы: 13660 теңге (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 теңге + 4000 теңге (ЖЗҚ төлемі) = 21870 теңге.

- егер жасына байланысты зейнеткер (500 мыңнан астам адам) жеңілдіктер орнына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарында болса, оның орташа әлеуметтік төлемінің мөлшері 20000 теңгеге жуық болады.



Мысалы: 13660 теңге (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 (базалық зейнетақы) + 3000 (жеңілдіктер орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) = 20870 теңге.

- егер, жасына байланысты зейнеткер Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылса, оның әлеуметтік төлемінің мөлшері 35000 теңгеден жоғары болады.



Мысалы: 13660 (еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері) + 4210 (теңге базалық зейнетақы) + 17520 теңге (жеңілдіктер орнынан берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) = 35390 теңге.

- зейнетақылары еліміздегі орташа зейнетақы мөлшерінен асатын (855 мыңнан астам адам) зейнетақы алушылар санының өсуі;

- зейнетақы (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы қорынан) ауыстыру мөлшерлемесін орташа жалақыдан 40 % төмен емес деңгейде белгілеу, бұл Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған табысты ауыстыру мөлшерлемесіне сәйкес.

- ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшерін базалық зейнетақы төлемі есебімен 18 % жоғары арттыру (100 мыңға жуық адам).



Мысалы: 7900 теңге (ең төменгі зейнетақы) + 4210 теңге (базалық зейнетақы) = 12110 теңге.

 

Әлеуметтік қамсыздандыруда

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар азаматтарға әлеуметтік қорғау мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 9344 тенге енгізіледі.

Аталған жәрдемақыны төмендегі азаматтар алатын болады.

        еркектер - 58 жасқа тоғанда 1998 жылдың 1 қаңтарына кемінде 25 жыл жалпы еңбек стажы, оның ішінде 12,6 айы № 2 Тізім бойынша;

        әйелдер - 53 жасқа толғанда 1998 жылдың 1 қаңтарына кемінде 20 жыл жалпы еңбек стажы, оның ішінде 10 жылы № 2 Тізім бойынша.

Бұл ретте, ҚР Үкіметі аталған жәрдемақыны алуға құқық беретін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Тізімін бекітеді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес жәрдемақы алушылар зейнеткерлік жасқа толғанда қалауы бойынша жәрдемақы алуға немесе зейнетақы төлемдерін тағайындауларына болады.

28 мыңдай азамат жәрдемақы алу құқығына ие болады.

 

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар

2006 жылдан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ЕТКД) есептеледі.

Келесі жылдан бастап ЕТКД өсуіне байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері еліміз бойынша орта есеппен 14 % арттырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төленеді.

- егер мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы зейнеткерлік жасқа жетсе, оның жалпы әлеуметтік төлемінің мөлшері 16000 теңгеден жоғары болады.



Мысалы: 10674 теңге (еліміздегі жәрдемақының орташа мөлшері) + 4210 теңге (базалық зейнетақы төлемі) + 1168 теңге (жеңілдіктер орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) = 16052 теңге.

- егер мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылса (12 мыңнан астам адам), оның әлеуметтік төлемінің жалпы мөлшері 15000 теңгеден жоғары болады.



Мысалы: 10674 теңге (еліміздегі жәрдемақының орташа мөлшері) + 1168 теңге (жеңілдіктер орнына берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) + 4000 теңге (әлеуметтік сақтандыру қоры төлемінің орташа мөлшері) = 15482 теңге.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру

Күнкөрістері төмен азаматтарға әлеуметтік қолдау мақсатында Заңда қаралғандар: тұрғын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейін балаларға тағайындалатын және төленетін (жергілікті бюджеттен).

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектерді:

-         кресло-арбалармен;

-         санаторлық-курорттық емдеумен;

-         протездік-ортопедиялық;

-         сурдо-тифлотехникалық құралдарымен;

-         міндетті гигиеналық құралдарымен (несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер) қамтамасыз етеді.

-         мүгедектерге жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерін көрсетеді.

Өзiнiң негiзгi өмiрлiк сұраныстарын өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, жүрiп-түру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге үйден және аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан әлеуметтiк қызмет көрсетіледі.

Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерге, денсаулық жағдайына сәйкес бейiмделген әлеуметтік-медициналық мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Мүгедектер үшiн орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде 0,5 % мөлшерде қабылдау квотасы және жеңілдетілген шәкіртақы көзделеді.

Сонымен қатар мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындарының жалпы санының 3 %-ы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлейді; жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын; арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады.

 

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарды әлеуметті қорғау мақсатында облыстарда нан және негізгі тағам түрлерінің қымбаттауына байланысты қосымша көмек берү үшін келесі шаралар қолданды:



- әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықтың бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетү үшін қосымша қаражат бөлінді;

- аз қамтылған отбасыларына бағасының өсүін есепке алмай төмен бағадағы ұнмен қамтамасыз ету туралы міндеттеме алынды.

Негізгі тағам түрлерінің қымбаттауы алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға ауыр тиетінін ескере отырып, қосымша әлеуметтік қолдау мақсатымен мемлекеттің қолға алған шаралары осы адамдарға арналады.

Республика бойынша әлеуметтік сала бойынша бюджеттің жобасында 2008 жылға 537 млрденгеден астам қаражат бекітілді алдынғы жылғы қарағанда 17 % өскен. Ең төменгі кункөріс денгейінің өсүіне байланысты устіде көрсетілген қаражат қосымша 8,7 млрд.тенгеге өседі, оның ішінде:

атаулы әлеуметтік комек - 1,1 млрд.тенге

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы – 1,7 млрд.тенге.

Бұдан басқа коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты жергілікті бюджеттерге тұрғын үй көмегін көрсетү үшін республикалық бюджеттен қосымша 3,5 млрд.тенге бөлініүі қаралған, бұл, қөмекті алушыларының контингентін 36 % және көмектің мөлшерін 2,2 есе қобейтүге мүмкімдік береді.





06.11.2008

Ұлттық маман даярлауда ұмтылыс бар

19.09.2008

Бiзге адам капиталы қажет

02.04.2008

Кәсіпкерліктің әлеуметтік шапағаты

21.02.2008

2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен әлеуметтік аударымдар сомасы туралы

21.02.2008

2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет