Дүниежүзілік сауда ұйымы



жүктеу 0.81 Mb.
бет4/5
Дата20.11.2018
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4   5


Әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

Әлемдік қаржы дағдарысының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі және экономиканың нақты секторындағы өсу қарқынының айқын бәсендету жағдайында жұмыспен қамтылушылықты сақтап қалу және табыстарды қолдау, халықтың барынша әлсіз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және қолдау мәселелері ерекше маңызды болып отыр.

Қазіргі жағдайға қарамастан әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі одан әрі дамып келеді.

2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке мемлекеттік бюджеттен бөлінетін шығыстар 502,4 млрд. теңгеден 566,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Бұл халық табысын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді, ол туралы келесі индикаторлардың өсуі дәлел болады. 2007-2008 жылдары:

- жалақының ең төменгі мөлшері – 1,2 есе (9752 теңгеден 12025 теңгеге дейін);

- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 1,1 есе (7236 теңгеден 7900 теңгеге дейін);

- зейнетақының орташа мөлшері – 1,2 есе (10823 теңгеден 13647 теңгеге дейін);

- ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 1,4 есе өсті (8861 теңгеден 12025 теңгеге дейін).

2008 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының ұлғаюына байланысты мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері орта шамамен 14%-ға өсті.

Бүгінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының 40%-ын құрайтын базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 3000 теңгеден (2007 жылы) 4810 теңгеге дейін өсті.

Еліміздің зейнетақылық қызмет көрсету нарығында 14 жинақтаушы зейнетақы қорлары қызмет жасайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салысшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны зейнетақы қорының жалпы сомасы 1338,8 млрд. теңге болатын 9,5 млн.-ды құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына төленетін ай сайынғы төлемдердің орташа мөлшері 3642 теңгені құрайды.

Бұдан басқа, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері орта шамамен 25%-ға, зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа шектеу 25 айлық есептік көрсеткіштен 28 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 Заңының 6-бабына сәйкес 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепiлдiк бойынша міндеттемелерді төлеуге 2009 жылы 1 700 000 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Ана мен баланы қорғау, балалы отбасыларды қолдау, бала тууды ынталандыру, сондай-ақ демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында туғанға байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 2008 жылы 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін (35 040 теңге) 2 есеге ұлғайды.

Сондай-ақ, 2008 жылдан бастап бала бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы мөлшері:

бірінші балаға 3 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін (5840 теңге);

екінші балаға 3,5 АЕК-тен 5,5 АЕК-ке дейін (6424 теңге);

үшінші балаға 4 АЕК-тен 6 АЕК-ке дейін (7008 теңге);

төртінші және одан да көп балаға 4,5 АЕК-ден 6,5 АЕК-ге дейін (7592 теңге) өсті.

Бұдан басқа, 2008 жылдан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, тууды және аналықты міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Бұл ретте, олардың зейнетақы қорлануы декреттік демалыста және бала бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағу демалысында болған жағдайда жалғасады.

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Үкімет мемлекеттің әлеуметтік төлемдерді және бюджет саласы қызметкерлері жалақысын ұлғайтуы бойынша барлық міндеттемелерінің толығымен сақталатындығына кепілдік береді.

Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және мен студенттер стипендиясы 25%-ға, ал 2011 жылы тағыда 30%-ға ұлғайтылатын болады. Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға ұлғайтылады. Бұл ретте, 2011 жылы базалық зейнетақының төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының 50%-на дейін өседі.

Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап, келесідей жәрдемақылар ұлғайды жән енгізілді:

- 4 және одан кейінгі бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін;

- бала бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақы:

бірінші балаға 5 АЕК-тен 5,5 АЕК-ке дейін;

екінші балаға 5,5 АЕК-тен 6,5 АЕК-ке дейін;

үшінші балаға 6 АЕК-тен 7,5 АЕК-ке дейін;

төртінші және одан да көп балаға 6,5 АЕК-ден 8,5 АЕК-ге дейін;

- мүгедек-балаларды асырап жатқан ата-аналарға және қамқоршыларға 1 жалақының ең төменгі мөлшерінде жәрдемақы.

Сондай-ақ, 2010 жылдан бастап, 7 дәне одан кейінгі бала туған және тәрбие берген аналарды – «Алтын алқа» белгісімен және 6 бала туған және тәрбие берген аналарды – «Күміс алқа» белгісімен марапаттау енгізіледі.



Еңбек пен халықты жұмыспен қамту

Еңбек қатынастарын реттеу мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауда Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін іске асыру және әлеуметтік серіктестік жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің арасында Меморандумдар мен Келісімдер жасасу тәжірибесі дамуын тапты.

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әлемдік дағдарыс жағдайында жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта оқыту мен қайта даярлау бойынша кең көлемді жұмыс атқаруға бағытталған. Өңірлік жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке кемінде 140 млрд.теңгеден қаражат бөлу тапсырылған. Жергілікті бюджеттерден жұмыспен қамту стратегиясын ортақ қаржыландыруға қаражат бөлінетін болады. Жұмыстан айырылған халыққа жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.



Көші-қон

Оралмандардың көшіпкелу квотасы мөлшері 40 есеге ұлғайды (2000 жылы 500 отбасыдан 2009 жылы 20000 отбасыға дейін). Жалпы 1991-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына 687 мың этностық қазақтар қоныс аударды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасы әзірленді, бағдарламаның негізгі мақсаты ерікті негізде этникалық қазақтарды, Қазақстанға қайтып келуге ниет білдірген еліміздің бұрынғы азаматтарын және ішкі көшіп-қонушыларды өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

Білім

Қазіргі кездегі нақты экономикалық жағдайларға бара-бар білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін білім беру жүйесін басқарудың жаңа үлгісін енгізу және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттік бюджеттің білім беру саласын дамытуға арналған шығыстары жыл сайын ұлғаюда.

Бюджеттің білім беруге арналған шығыстар үлесі 2007 жылы – ЖІӨ-ге 3,6% немесе 455,8 млрд. теңге болса, 2008 жылдың өзінде ол 572,8 млрд. теңгеге жетті.

Осылайша, 2008 жылы білім беруге мемлекеттік инвестициялар 2000 жылмен салыстырғанда 6,4 еседен астам ұлғайды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу саласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту жоспарлануда.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде балалар бақшаларын салу және білім беру ұйымдары базасында мектепке дейінгі шағын орталықтар құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту шаралары көзделуде.

Жалпы орта білім беру саласында 12 жылдық білім беруге көшумен байланысты материалдық-техникалық базаны барынша жаңарту және білім беру ұйымдарын оқу құралдарымен және жабдықтарымен, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерімен жарақтандыруға деген өткір қажеттілік туындап отыр.

2007 жылы 1,04 млрд. теңге сомасына 1000 интерактивті тақта сатып алынып, республика мектептеріне орнатылды. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен аталған мектептерді толық жарақтандыру және тағы 721 мектепке интерактивті жабдықтар сатып алуға 7,3 млрд. теңге сомасында, 2008 жылы ішінара жабдықталған 721 мектепті толық жабдықтау үшін 2009 жылы 4,58 млрд. теңге шығыстар көзделген.

Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 2009 жылы (580 кабинет) 2 376 184 мың теңге сомасында 2010 жылы (569 кабинет) 2 331 193 мың теңге сомасында, 2011 жылы (737 кабинет) 3 019 489 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

Жоғары кәсіби білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің үш сатылық үлгісін трансформациялау: бакалавриат – магистратура – доктарантура, техникалық білім беруді дамытуға басымдық бере отырып жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және Астана қаласында жаңа университет салу жұмысы жалғасатын болады.

Жыл сайын республикалық бюджеттен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлімнің жетекшісі жоғары оқу орындарында білім алу үшін қаражат бөлінеді.

2008 жылы шет елдерде жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 15 984 322 мың. теңге сомасында шығыстар бөлінді. 2009 жылы 14 490 302 мың. теңге сомасында , 2010 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында, 2011 жылы - 15 125 797 мың. теңге сомасында шығыстар көзделген.

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр-Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілеген отырысы барысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жекелеген санаттарын қолдау жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 177 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самрук - Казына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулылары қабылданды.

Бұл қаулыларды ақылы негізде білім алатын студентерді мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары көзделген:

- жоғары оқу орындарының үшінші және одан жоғары курстарының ақылы негізде білім алатын студенттері үшін қосымша білім беру гранттарын тағайындау;

- техникалық, жаратылыстану ғылымы және медицина мамандықтары бойынша жоғары щқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студентерге, ата-аналары зейнеткерлік жасына жеткен студенттерге қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру.

2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғары оқу орындарының ақылы негізінде білім беру гранттарына ауыстыруды жүзеге асыру үшін 2009 жылы 3 156 801мың теңге сомасында, 2010 жылға -1 831 751 мың теңге сомасында, 2011 жылы 572 558 мың теңге сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.

Сондай-ақ, техникалық, жаратылыстану ғылым және медицина мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының бірінші курстан бастап ақылы ақылы негізде «жақсы» және «өте жақсы» бағаға білім алатын студенттері мен әлеуметтік осал топтарының студенттеріне қосымша жеңілдікті білім беру кредиттерін беру үшін «Самұрық - Қазына ҰӘҚ» АҚ қаражаты есебінен 100 млн. АҚШ доллары (15 млрд . теңге ) сомасында қосымша қаражат көзделетін болады.

«Қаржы орталығы» АҚ арқылы жоғары оқу орындарының студентеріне женілдікті пайыздық ставка бойынша берілетін кредиттердің кепілдігін қамтамасыз ету үшін 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылаған кезде жыл сайын 1 млрд . теңге сомасында қаражат көзделетін болады.



Мәдениет, туризм, спорт және БАҚ

Мәдениет, туризм, спорт және БАҚ дамытуға арналған үшжылдық республикалық бюджеттің шығындары «Мәдени мұра», «Тілдердің үштұғырлығы» атты ұлттық және мәдени жобаларды жүзеге асыруға, шет елдерінде және елімізде қазақ мәдениеті мен өнерін қолдауға және насихаттауға, мәдениет нысандарын салуға, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге, жоғары жетістіктер спортын дамытуға, сонымен қатар, 2011 жылғы Азия ойындарына дайындалу шеңберінде спорт нысандарын салуға және қайта құруға бағытталған.

2008 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу мақсаттарында жүзеге асады.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру шығындары қазақ елі үшін тарихи маңызы бар ескерткіштерді қалпына келтіру және қайта құру жолымен тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және қалпына келтіруге, ғылыми археологиялық зерттемелерді жүргізуге, ғылыми-тарихи әдебиеттерді басып шығаруға, мәдени мұра туралы деректі фильмдерді шығаруға көзделген.

Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыруға 4,7 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, этникалық топтардың тілдерін дамыту және ағылшын тілін іскерлік қарым-қатынасқа енгізу мақсатында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отырады.

Бұл мемлекеттік бағдарламаның үш жылға деген шығындары 15 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі шығындары сөздіктерді қайта өңдеу, бейімдеу және басып шығару, терминологияны және ономастиканы дамыту, ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды, байқауларды, фестивальдарды, әлеуметтік зерттеулерді, конференцияларды өткізу, әдістемелік-оқу құралдарын әзірлеу, балаларға арналған көркем және анимациялық фильмдерді қазақ тілдерінде шығаруға, «Қазтест» жүйесі бойынша азаматтарға тесттілеуді ұйымдастыру, мемлекеттiк қызметшiлерге мемлекеттік тілді оқыту, қазақ және басқа да тілдерінде көркем, танымалдық, балаларға арналған, аудармалы, энциклопедиялық, тарихи және т.б. әдебиеттерді басып шығаруға бағытталған.

Халықтың тұрақты дамуына қоғамның шоғырлануын және халықтың бірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттілікті нығайту мәселелері де назарсыз қалмады.

2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте ұлтаралық келісімді нығайту және Қазақстан халық ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру, сонымен қатар, ҮЕҰ-дың әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыруға 3 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарын өткізу және дайындалу іс-шарасы келесі үшжылдықтың спорт саласындағы ең маңызды шығындары ретінде анықталған.

Аталған шығындардың шеңберінде жаңа спорт нысандарын салу және бар нысандарды қайта салу, сонымен қатар, ағымдағы шығындар 2011 жылғы Азия ойындарын ұйымдастыруға және дайындалуға қарастырылған.



Денсаулық сақтау

Медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру мақсатында мемлекет пен адам арасындағы денсаулықты сақтауда, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медико-санитарлық көмектің дамуында, өзара жауапкершілік қағидалары негізінде Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.

Осыған байланысты, денсаулық сақтауға шығынды мемлекеттік бюджеттен 2009 жылы ЖІӨ-ге 2,5%, 2010 жылы - 2,6%, 2011 жылы - 2,3% деңгейінде айқындау жоспарланады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде бастапқы медико-санитарлық көмекке бар ауырлықты салу негізінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың халықаралық қағидаларына өту орындалады; халық, сала және мемлекеттің сұраныстарын қанағаттандыратын денсаулық сақтаудың оңтайлы үлгісі құрастырылады; халықтың денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз етілуі бірталай көтеріледі; адамның өз денсаулығын қорғау ынталандырмасы енгізіледі; халықтың медициналық көмекке тең қол жеткізуі қамтамасыз етіледі және денсаулық сақтаудың мемлекет пен халықтың өзара жауапкершілігі қағидасы іске асырылады; профилактикалық, емдеу іс-шаралар көлемі ұлғаяды; ана мен бала денсаулығы нығайтылады және медико-демографиялық жағдай жақсартылады.

Әлеуметтік елеулі және қоршағандар үшін қауіп төндіретін аурулармен сырқаттану көрсеткіштерін төмендету, денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығын күшейту, өмір сүру ұзақтығын жақсарту жұмыстары жалғасын жатыр.

Сонымен қатар, төлем ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін (ТМККК) қаржыландыруы ұлғайды. ТМККК көрсетуге жалпы жұмсалған шығыстар көлемі 2008 жылы 227,9 млрд. теңге құрады, бұл 2007 жылғы ТМККК-ні (195,3 млрд. теңге) қаржыландырудан 16,7% көп.

Одан басқа, 2009-2011 жылғы республикалық бюджетте жергілікті атқарушы органдарымен ТМККК-мен қамтамасыз ету мен кеңейту үшін қаржы бөлінді:

2009 жылы – 15,7 млрд. теңге;

2010 жылы – 25,7 млрд. теңге;

2011 жылы – 28 млрд. теңге.

Медициналық ұйымдар жүйесін оңтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 2008 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы 838 аурухана және 2 911 амбулаториялық-емхана ұйымдары құрайды. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторын 139 аурухана мен 807 амбулаториялық-емхана ұйымдары құрайды.

Қазіргі уақытта экономиканың барлық салаларында, соның ішінде денсаулық сақтау саласында кең көлемде реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл жаңартулар шеңберінде бәсекеге қабілетті дені сау ұлтты қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға Стратегиялық жоспары қабылданды.

Сонымен қатар, 2009 жылдан Бүкіләлемдік банкпен бірге Денсаулық сақтау секторында технологияларды табыстау және құрамдылық реформасын жүргізу жобасын іске асыру қарастырылған.

2008 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы құрылып, оның құрамына:

- Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы,

- Республикалық балалар реабилитациялық орталығы,

- Жедел медициналық көмек ұлттық ғылыми орталығы,

- Республикалық диагностикалық орталық,

- Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы,

- Кардиохирургия ғылыми орталығы,

- Қазақ медицина академиясы кіреді.

Бұл холдинг жұмысы үлгісінде медициналық объектілерді басқарудың жаңа механизмдері қарастырылады.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс шеңберінде отандық фармацевтиканы дамыту бойынша шаралар қолданылып жатыр.

Баспасөз релизі



Бас Ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.
Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға (қарттығы бойынша зейнетақыға), денсаулық сақтауға, білікті (оның ішінде тегін) заңгерлік көмек алуға және т.б. құқықтарының сақталуына кепілдіктері бекітілген.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметік көмек беруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін алушылардың саны (әлеуетті құрылымдарды ескере отырып) 1660 мың адам немесе республикадағы жалпы халық санының 11,1% құрайды.
Мемлекет жыл сайын зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесінен төленетін зейнетақы мөлшерін арттыру жөнінде шаралар қабылдауда. Мәселен, 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін зейнеткерлердің еңбек үлесіне қарай саралап арттыру жүзеге асырылды. Бұл ретте, ең төмен зейнетақы 5000-нан 5500 теңгеге дейін көбейді. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап республикадағы ең төмен зейнетақы мөлшері 5800 теңгені құрады, ал төленген айлық зейнетақының орташа мөлшері кейінгі жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 % артты және 8626 теңге құрады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зейнеткерлерге жұмыс стажына, жалақысының мөлшеріне, есептелген зейнетақы мөлшеріне қарамастан 2005 жылғы 1 маусымнан бастап 3 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша базалық зейнетақы тағайындалды. Осылайша, қазіргі уақытта ең төмен зейнетақы мөлшері базалық зейнетақы төлемімен қоса алғанда, 9 мың 200 теңгені құрады, ал зейнетақының орташа мөлшері 12 мың теңгеден асты.
Қарт қазақстандықтардың белгілі бөлігі мүгедектігіне, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алады. Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6660 теңге құрады.
Бұдан басқа, көрсеткіштер болған кезде зейнетақы жасындағы адамдар 0,5-тен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алуда. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарында – Кеңестер Одағының Батырлары және Социалистік еңбек ерлері, үш дәрежедегі Даңқ, Еңбек даңқы ордендерінің иегерлері, соғыс мүгедектері мен қатысушылары, соларға теңестірілген адамдар, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, тыл еңбеккерлері, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар, барлық топтағы мүгедектер, ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнеткерлер, көп балалы аналар мен азаматтардың басқа да санаттары бар.
Республикада 36660 соғыс мүгедектері мен қатысушылары тұрады. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің алпыс жылдығына ардагерлерді материалдық қолдауға және құрметтеуге алты жарым миллиард теңге бөлінді. Соғыс мүгедектері мен қатысушыларына 30 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар 15 айлық есептік көрсеткішке (ағымдағы АЕК – 971 теңге) дейін көбейтілді, ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жүріп-тұру жеңілдігі берілді. Соғыс жылдары тылда жұмыс істеген ардагерлерге 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлемі енгізілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті мемлекеттік басқару органдары белгілейтін мөлшерде материалдық қолдау көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1240 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруды одан әрі жетілдіру, зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді кезең-кезеңімен арттыру жүргізілетін болады.
Қазақстанда 2005 жылғы сәуір айында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңа заң қабылданды. Заң мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын нақтылайды және жүйеге келтіреді. Онда мүгедектердің әлеуметтік қорғауға, қоғамға кірігуге, ақпаратқа, білімге қол жеткізуге, денсаулық жағдайын ескере отырып, қызмет түрін еркін таңдауға, тегін медициналық көмекке, кәсіби даярлауға және қайта даярлауға, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға құқықтары белгіленген. Сондай-ақ, заңда мүгедектерге медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу жөніндегі нақты іс-шаралары жазылған.
Қазіргі уақытта егде жастағы адамдарға медициналық айғақтамалар бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық құралдар) және арнайы жүріп-тұру құралдары, протездік-ортопедиялық және есту-протездеу көмегі, қажетті тифлоқұралдар беріледі.
Жалғызілікті қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін елімізде әлеуметтік көмек бөлімшелерінің жүйесі құрылған. Елімізде 331 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 35 мыңнан астам қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарға қызмет көрсетеді.
Өзіне өзі қызмет көрсету қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға жартылай стационарлық немесе стационарлық жағдайларда медициналық және оңалту қызметтері көрсетіледі, не толық мемлекеттің қарауындағы интернат-үйлерінде тұрады. Республикада 79 интернат-үйі бар, онда 18 мыңнан астам адам тұрады.
Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жыл сайын мемлекеттік бюджеттен ардагерлер мен мүгедектерді санаторлық-курорттық жағдайларда сауықтыру үшін қаражат бөлінеді. Мәселен, 2005 жылы бұл мақсатқа 125,4 млн. теңге бөлінді.
«Ардагер» республикалық пансионатында және «Жеке Батыр» санаторийінде жыл сайын екі мыңнан астам ардагерлер мен мүгедектер медициналық және әлеуметтік қызметтермен пайдаланады.
Аз қамтамасыз етілген қарт азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында, тәртібі мен мөлшерін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін тұрғын үй көмегі төленеді.


3.4. Егде жастағы мүгедектер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет