Дүниетану тест 3 сынып



жүктеу 56.25 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі56.25 Kb.

Дүниетану тест 3 сынып
1.Отбасына кімдер енеді?
А) жанұядағы үлкендер Ә) жанұядағы барлық адамдар Б) үйдегі барлық заттар мен адамдар 
2.Күн сәулесі бүкіл жер шарын айнала түсіп шығуы үшін қанша сағат уақыт кетеді?
А) 2 тәулік (48 сағат) Ә) 1 тәулік (24 сағат) Б) 3 тәулік (72 сағат)
3.Ауыл көлігіне не жатады?
А) ұшақ,кеме,поезд Ә) трамвай,троллейбус Б) ат арба,ат шана,трактор
4. Кең байтақ Қазақстанның жерінің көлемі
А) 2,7 млн шаршы км Ә) 8 млн шаршы км Б) 2600 км
5. Астана еліміздің қай жерінде орналасқан?
А) Есіл өзенінің оң жағалауында Ә) Еліміздің оңтүстігінде Б) Ертіс өзенінің жағалауында
6. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қай тіл?
А) орыс тілі Ә) қазақ тілі Б) шет тілі
7.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев қай жылы сайланды?
А) 1991 ж.1-желтоқсан Ә) 1991ж. 11-қаңтар Б) 1989 ж.26-қазан
8. 100 м тереңдікте бұрғылағанда үлкен қысыммен атқылаған су қалай аталады?
А) құдық Ә) бұлақ Б) Артезиан құдығы
9. Ұлттық ойындарды ата
А) футбол,волейбол Ә) шахмат,дойбы Б)’’Қыз қуу’’,”тоғызқұмалақ”
10. Заң шығарушы кім?
А) президент Ә) халық Б) парламент 
Дүниетану 3 сынып
1.Отбасының қорына не жатады?
А) дүние-мүлік,үй,мал Ә) ата-анаға қамқорлық Б) машина,үй,бала
2.Көліктерге нелер жатады?
А) поезд,машина,ат арба Ә)машина,телеарна,мотоцикл Б)машина,жүргізуші,халық
3.Кәсіптік мереке деп неге атаймыз?
А) бүкіл халыққа арналғандықтан Ә) әр кәсіп мамандарының еңбегін атап өтуге арналғандықтан Б) қуанышты күндерді атауға арналғандықтан
4. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
А) бірнеше Ә) 5 мемлекетпен Б) 4 мемлекетпен
5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
А) ту,елтаңда,теңге Ә) ту,елтаңба,әнұран Б) Президент,ту,парламент
6.Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қашан қабылданды?
А) 1991ж. 1-желтоқсан Ә) 1991ж.11-қаңтар Б) 1989ж. 26-қазан
7.1999жылғы есеп бойынша Қазақстан халқының саны қанша?
А) 20 млн Ә) 15 млн Б) 30 млн 8.Қазақстан жер қойнауын алғаш зерттеген ғалым кім ?
А)Қаныш Сәтбаев Ә) Ыбырай Жақаев Б) Әбіш Кекілбаев
9.Атақты күрішші А) Шығанақ Берсиев Ә) Ыбырай Жақаев Б) Қаныш Сәтбаев
10.Еліміздің бұрынғы астанасын ата
А) Астана Ә) Орал Б) Алматы 

Дүниетану Тест 3 сынып
1.Ас қорыту мүшелеріне не жатады?
а) ми, жұлын ә) ауыз қуысы, өңеш, қарын, ішек б) жүйке, бауыр
2.Мұрын ... ағзасы:
а) иіс сезу, ә) есту б) дәм тату
3. Тағам адам үшін:
а) дастарқанын гүлдендіреді ә) күш-қуат б) тәбетін ашады
4. Табиғи денелерді ата?
а) үй,доп, кітап ә) құм, дәрі , көмір б) күн, ай,жұлдыз 
5. Ауаны неге көрмейміз?
а) мөлдір, түссіз ә) тұман тәрізді б) көгілдір 
6. Қан айналым мүшелерін ата?
а) мұрын, өкпе ә) жүрек, тамыр б) тамыр, өкпе
7. Желдің күші мен бағытын... құралы анықтайды
а) тұсбағар ә) термометр б) желбағар
8.Жауын -шашынның түрлері:
а) бұлт ә) бұршақ б) тұман
9. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге неше литр су жұмсайды?
а) 5-6 л ә) 10л б) 2-3л 
10. Өзеннің ағып шығатын жерін .... деп атайды?
а) арна ә) бастау б) сала 
11. Су жер шарының неше бөлігін алады?
а) төрттен үш ә) үштен екі б) алтыдан бір
12. Пайдалы қазбаларға нелер жатады?
а) темір кенінен алынған металл ә) жер қыртысының қатты бөлігі б) тау жынысы
13.Құмтас деп: -
а) құм аралас тас ә) қатты тас б) қайралған тас
14.Бос жынысқа не... жатады?
а) құм және цемент ә) құм және саз б) гранит
15. " Қара алтын" өлкені ата
а) Маңғыстау ә) Алматы б) Қарағанды
16."Ақ алтын" деп нені айтады?
а) балық ә) мұнай б) мақта
17. "Жазу жазып жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған" -деген жұмбақтың шешуін тап
а) бор ә) тақта б) қалам
18. ҚР-дағы мемлекеттік тіл қай тіл?
а) орыс тілі ә) шет тілі б) қазақ тілі
19. Тас көмірдің кен орны-
а) Жезқазған ә) Қарағанды б) Маңғыстау
20.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
а) тас көмір, мұнай, газ ә) темір, мыс, қорғасын б) мұнай , құм, саз

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
ә а ә б а ә б ә б ә а б б ә а б а б ә а

Дүниетану 3 сынып
1.Өлі табиғат нелер жатады ? А) адам, аспан, ай Ә) ауа, топырақ, күннің жылуы Б) жануар, өсімдік, жер,су
2.Адамның ішкі мүшелерін ата. А) өкпе, жүрек, бауыр, қарын Ә) бас, мойын, қол Б) аяқ, кеуде
3.Үсік, күбіртке, күйік аурулары қай сезім мүшелеріне жатады ? А) мұрын Ә) құлақ Б) тері
4.Елімізде қай жылдан бастап тарихи құрылыс ескерткіштері есепке алынды А) 1950 жылы Ә) 1953 жылы Б) 1952 жылы
5.Киіктің лағын қалай атайды ? А) қозықа Ә) мәулен Б) құралай
6.Өзен, көл және жер бедері бейнеленген карта қай картаға жататынын белгілі ? 
А) физикалық карта Ә)саяси карта Б)табиғат аймақтарының картасы
7. Метеорологиялық станциялар нені бақылайды ? А) суық пен жылуды Ә) ауа-райының жай-күйін Б) желдің болуын
8. Жауын-шашынның түрлері ? А) шық, найзағай Ә) тұман, бұршақ Б) жаңбыр, бұршақ, қар
9.Тас көмірдің басты кен орындары ? А) Қарағанды, Екібастұз Ә) Жезқазған, Көкшетау Б) Қостанай, Алматы
10.Түйенің сүті қалай аталады А) қымыз Ә) шұбат Б) қатық
11.Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат қалай аталады ? А) топырақ Ә) құм Б) ақ балшық
12.Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата ? А) жалбыз, күреңот Ә) жантақ, сүттіген Б) мақта, жүгері
13.Көбелектер мен шегірткелердің бейімділігі А) бүркеніш рең Ә) қорғаныш рең Б) сақтандырғыш рең

14. Ну қамыста жүретін, қазір тұқымда жоқ жануар А) қоян Ә) жолбарыс Б) ит 
15. “Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ ” қай бапта жазылған А) 19 бап Ә) 12 бап Б) 5 бап
16. Мұнайлы өлкені тап А) Қарағанды, Екібастұз Ә) Атырау, Ақтау Б) Қызылорда, Көкшетау
17.Атақты күрішші А) Шығанақ Берсиев Ә) Ыбырай Жақаев Б) Қаныш Сәтбаев
18.Ю.А.Гагарин ғарышқа қашан ұшты? А) 1961 жылы 12 сәуір Ә) 1965 жылы 12 сәуір Б) 1990 жылы 12 сәуір
19.Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? А) 1990 жылы 25 қазан Ә) 1995 жылы 30 тамыз Б) 1991 жылы 16 желтоқсан
20) Желтоқсан құрбандарын ата А) Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев Ә) Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова Б) Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы

Тақырыбы: Жылу сүйгіш  және суыққа төзімді өсімдіктер.

  Мақсаты :оқушыларға жылу сүйгіш,суыққа төзімді өсімдіктер туралы    түсінік беру.Дүниетанымдарын, экологиялық түсініктерін дамыту.Қоршаған       ортаны қорғауға,сүюге тәрбиелеу.

 Құрал-жабдықтар: компьютер,жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер.

                   Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар.Қазір қай сабақ?

-Бұл пән нені зерттейді?

-Табиғатты,қоршаған ортаны зерттейді?

-Ендеше,бүгінгі сабағымызды Табиғат деген тамаша өлең жолдарымен бастайық

              Табиғат. Тіршіліктің тұнып тұрған,

              Сен күнсің, көтерілген күліп тұрған.

             Сен-көлсің.Сен-орман.Сен-бұлақсың

             Адамзатты сұлулыққа құнықтырған!

2.Үй тапсырмасын сұрау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ылғал сүйгіш және құрғаққа төзімді өсімдіктер.

Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Өсімдіктер әлемі әрқилы.Бірі ылғалды сүйсе,бірі суыққа жақсы өседі.

-Бүгін жылу сүйгіш өсімдіктер мен суыққа төзімді өсімдіктер туралы танысамыз.

-Ендеше,бұл мағлұматты компьютерден жаратылыстану бетін ашып,тыңдап көрейік.

-Жылу сүйгіш өсімдіктерді сұрақ-жауап арқылы бекіту.

-Ендісуыққа төзімді өсімдіктер тақырыбын тыңдайық.Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

4.Оқулықпен және дәптермен жұмыс.

Жаратылыстану оқулығынан жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер тақырыбын оқыту.

Дәптерлеріне өсімдік атауларын жаздыру.

5.Жаңа сабақты бекіту.

Электронды оқулықтың тапсырмалар бетін ашайық.

1-тапсырма.Өсімдіктерді тиісті жеріне қой.

6.Сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі сабағымызды аяқтай келе Елбасымыздың Қазақстан-2030 даму стратегиялық бағдарламасының Жасыл ел бағыты бойынша және Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай әр ауыл,қала 20000 көшеттен отырғызайық деген облыс әкімінің үндеуіне қосылып,соған бірге атсалысайық.Мынадай өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймыз.

                       Адамдар,жер сенің аяулы бесігің.

                       Аштың сен жер үстінде тіршіліктің есігін,

                       Онымен кіндіктес жаның да, қайың да,

                       Жер-жаһанды аялап тұр алақанда. 

7.Бағалау.



8.Үйге тапсырма. 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет