Доға таспалы транспортерде жазық Қатты материалдардың жылдамдық ҚОЗҒалысын зерттеу



жүктеу 51.89 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі51.89 Kb.

ӘОЖ 621.87.068
ДОҒА ТАСПАЛЫ ТРАНСПОРТЕРДЕ ЖАЗЫҚ ҚАТТЫ

МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ
Техн.ғыл.канд. М.Ш.Шардарбек

PhD доктор К.Т.Маханбеталиева



Доға бетті таспалы транспортер жылдамдыққа келтіру және лақтыру секторларынан тұрады. Осы жұмыста жазық қатты материалдың жылдамдыққа келтіру секторындағы қозғалыс процесі қарастырылды. Жазық қатты материалдың тасымалдаушы таспасымен жылдамдыққа келтіру секторында әрекеттесуін талдау негізінде қозғалу үрдісінің математикалық үлгісі тұрғызылды.

Жылдамдыққа келтіру секторындағы жазық қатты материалдың қозғалу жылдамдығының теңдеуі алынды. Тасымалдаушы беттің доғалық радиусының, үйкеліс коэффициентінің, материал ұзындығының, жазық қатты материалдың жылдамдыққа келтіру секторындағы үлкен жылдамдығына әсері талданды.

Таспалы транспортерлердің жүрдек ұзындықтарының салыстырмалы талдауы, доға таспалы траспортерлердің артықшылығын көрсетті /1/.

Жүктемені инерциямен түсіретін транспортерлерді жобалаған кезде, тасымалдайтын беттіктің шектеулі жылдамдығын, жүрдек жолында таспадан қалмайтын тасымалданатын материалдың қозғалыс шартынан анықтайды /2/.

Доға таспалы транспортердің тасымалдайтын беттігі радиуспен R және секторлы бұрышпен шеңбер доғасы бойынша қозғалады (1-сурет). Вертикальды ось Oz транспортердің тасымалдайтын бетін және , бұрыштары бар секторларға бөледі. секторында белгілі бір жылдамдыққа дейін тасымалданатын материалдың желісі жүзеге асырылады, ал секторы оны бұрышымен түсіруге бағыттайды.

Мұндай байланысты иінді таспалы транспортердің секторындағы жазық қатты материалдың қозғалыс жылдамдығы зерделенеді. секторындағы жазық қатты материалдың жүрдек жүріс процесінің есепті сызбасы 1-суретте көрсетілген.

Тасымалданатын материалдың бойлық және көлденең қимасының тік бұрышты формасы болады.

Мұндай байланысты доға таспалы транспортердің секторындағы жазық қатты материалдың қозғалыс жылдамдығы зерделенеді. секторындағы жазық қатты материалдың жүрдек жүріс процесінің есепті сызбасы 1-суретте көрсетілген.

Тасымалданатын материалдың бойлық және көлденең қимасының тік бұрышты формасы болады.




Иінді таспалы транспортердегі жазық қатты материалдың

жүрдек процесінің есепті сызбасы


Сурет 1

Жазық қатты материал 1,2 нүктелерінде ойыс тасымалдайтын беттікпен жанасады және (1) бұрышпен секторды алып жатады


; (1)
мұндағы l - материал ұзындығы;

R - тасымалдайтын беттіктің радиусы.

Жүрдек жүріс процесінде жазық қатты материалға келесі күштер әсер етеді:

- материалдың ауыртпашылық күші;

- қалыпты қысым күштері;

- материал және тасымалдайтын беттік арасындағы үйкеліс күші;

- материалдың ортадан тебетін күші.

Fи = - материал инерциясының күші.

Материалдың ауыртпалық орталығы оның көлденең қимасындағы тікбұрыштың диагоналының қиылысуында болады (1-сурет).

Даламбер принципін қолдана отырып, доға таспалы транспортердің секторындағы жазық қатты материалдың қозғалыс заңдылығын аламыз:

(2)
(3)
мұндағы - материалдың бастапқы жылдамдығы;

- қозғалыс басындағы транспортердің тасымалдайтын бетіндегі мате-риалдың орналасу бұрышы.

Транспортер таспасының жылдамдығы секторындағы материалдың максимальды жылдамдығына тең. Жазық қатты материал тасымалдайтын беттіктің иілгендігінің төменгі нүктесіне жақын максимальды жылдамдығын алады (2,а-сурет). Бұл ортадан тебетін күштің жоғарылауымен және материал ауыртпалығы күшінің қозғалатын моментінің төмендеуімен түсіндіріледі.


Транспортердің секторында материал жылдамдығының өзгеруі (а) және транспортердің тасымалдайтын беттік радиусынан материал қозғалысының жылдамдық тәуелділігінің (б) графиктері




l=0,10 м; =0, 005 м; f=0, 20;

V0=0 м/с; =0, 6978 рад; R=1, 5 м

а)



l=0,10 м; =0, 005м; f=0, 20;

V0=0 м/с; =0, 6978 рад ;=1, 5рад

б)


Сурет 2

Транспортердің тасымалдайтын беттігі иілгендігінің радиусы жоғарылаған сайын, жазық қатты материалдың максимальды жылдамдығы жоғарылайды (2,б-сурет). Бұл транспортердің тасымалдайтын бетінің радиусы жоғарылаған сайын, материалдың ортадан тебетін күшінің жоғарылауымен түсіндіріледі.

Сынған сызықтар түріндегі үйкеліс коэффициентіне байланысты жазық қатты материалдың максимальды жылдамдығының өзгеру сипаты 3,а-суретте көрсетілген.

Үйкеліс коэффициентіне байланысты материал жылдамдығының (а) және материал жылдамдығының (б) тәуелділік графиктері



l=0,10 м; =0, 005м; V0=0 м/с;

R=1, 5 м, =0, 6978 рад ; =1, 5рад

а)



V0=0 м/с; =0, 005м; R=1, 5 м; f=0, 20;

=0, 6978 рад ; =1, 5рад

б)

Сурет 3

Көрініп тұрғандай жылдамдық сызықты емес түрде өзгереді, графиктің айрықша нүктелері болады. Бұл таспамен материалдың жанасу нүктесінде үйкеліс күштерінің әртүрлі бағыттарының бар болуымен байланысты.

Әртүрлі шарттарда дұға таспалы транспортерде жазық қатты материалдың максимальды жылдамдығы тасымалданатын материалдың ұзындығының жоғарылауымен біркелкі емес жоғарылайды (3,б-сурет). Бұл доға таспалы транспортердегі жазық қатты материал екпіні жолының өзгеруімен байланысты.
Әдебиет
1. Б.А.Койайдаров, М.Ш.Шардарбек, Ш.М.Байтекеева. Использование ленточных транспортеров для перегрузки материалов легкой промышленности, Аналитический обзор. - Тараз: Жамбылский ЦНТИ, 2004г.

2. А.А.Вайнсон. Подъемно-транспортные машины. - М.: Машиностроение, 1989г.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

ИССЛЕДОВАНИЕ ДВИЖЕНИЯ ПЛОСКИХ ЖЕСТКИХ МАТЕРИАЛОВ

НА ДУГОВОМ ЛЕНТОЧНОМ ТРАНСПОРТЕРЕ
Канд.техн.наук М.Ш.Шардарбек

PhD доктор К.Т.Маханбеталиева


Рассмотрен процесс перемещения плоских жестких материалов на секторе разгона дугового ленточного транспортера. Построена математическая модель процесса перемещения. Получено уравнение скорости движения плоского жесткого материала на секторе разгона. Изучено влияние радиуса несущей поверхности, коэффициента трения, длины материала на максимальную скорость разгона плоского жесткого материала.

TRAFFIC RESEARCH MATERIALS FLAT RIGID ARC BELT CONVEYORS
Cand.tech.sci. M.Sh.Shardarbek

PhD doctor K.T.Mahanbetalieva


Process of moving of flat rigid materials on sector of dispersal of the arc tape conveyor is considered. The mathematical model of process of moving is constructed. The equation of speed of movement flat rigid materials on sector of dispersal is received. Influence of radius of a bearing surface, factor of friction, length of a material for the maximal speed of dispersal of a flat rigid material is studied.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет