Договор гарантии, заключаемый с юридическим лицом ип для сокл, рег. № Td-3334/1 от 05. 02. 2014



жүктеу 127.65 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі127.65 Kb.


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Несие комитетінің

20__ жылдың «__» __________

шешіміне №___ хаттама

№ 10 қосымша
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Несие комитетінің

20__ жылдың «__» __________

шешімімен №___ хаттама





БЕКІТІЛДІ

_____________ КЕПІЛДІК ШАРТЫ


Астана қ. 2016 жылдың «__» __________
Бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ атынан _________________ (қажеттісін қалдырыңыз: Жарғының/ 20__ жылдың «__» __________ берілген №___ сенімхаттың) негізінде әрекет ететін _________________________ және

Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын «__________» ___ атынан _________________ (қажеттісін қалдырыңыз: Жарғының/ 20__ жылдың «__» __________ берілген №___ сенімхаттың) негізінде әрекет ететін _________________________ Кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегі жайлы бекітті:



1. ШАРТТЫҢ МӘНІ


    1. Кепілгер Банк пен Борышқор арасында бекітілген 20__ жылдың «__» __________ №___ Банктік қарыз шарты/Несие желісін ашу туралы келісім мен оның шеңберінде Шартты бекіту сәтінде де, Шартты бекітуден кейін кез келген уақытта да бекітілген (бекітіліп жатқан) барлық Несие құралын беру шарттары (бұдан әрі Несие құралын беру шарты және көрсетілген Келісім бірігіп Келісім деп аталады) бойынша «__________» ___ (бұдан әрі – Борышқор) Банк алдындағы барлық және әрбір міндеттері бойынша толық ортақ міндеттемені (Борышқордың заңды салдары мен міндеттемелер жарамдылығынан тәуелсіз) мойнына алады, Банктің бірінші жазбаша талабы (бұдан әрі – Талап) бойынша акцептсіз және сөзсіз тәртіпте Шарт бойынша барлық қажетті төлемдерді Талапты алғаннан кейін __________ жұмыс күні ішінде төлейді.

    2. Кепілгер Банк алдында Борышқор жауап беретін көлемде жауап береді, оның ішінде (бірақ онымен шектелмей) негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы, комиссия, шығындар сомасын және Келісім бойынша өзге төлемдерді төлеу, борышты және Борышқор міндеттемесін орындамауға және (немесе) тиісті түрде орындамауға байланысты туындаған өзге шығындарды өндіріп алу бойынша ұсталымдарды өтейді.

Келісім бойынша Банк __________ (__________) _____ (сомасын санмен және жазбаша, валютасын көрсету) 20__ жылдың «__» __________ бастап 20__ жылдың «__» __________ дейін, сыйақы, комиссия және Келісімнің талаптатына сәйкес өзге төлемдерді төлейтін Келісіммен анықталған мерзімде сыйақыны капиталдандыру мүмкіндігімен Қарыз/несие желісін береді/берді.

    1. Кепілгер келешекте жауапкершіліктің артуына және (немесе) Кепілгер үшін өзге жағымсыз салдарға алып келетін, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей: Қарыз/Несие желісі мөлшерінің, төленетін сыйақы мөлшері артылған немесе кеміген және оны есептеу тәртібі, төлем кестесі, өтеу мерзімі, Қарызды/Несие желісін беру мерзімдері, талаптары және тәртібі өзгерген; Несие құралын беру шарты талаптарына өзгертулер немесе толықтырулар, Келісімге қандай да бір өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Банк алдында жауап беруге келіседі және міндеттенеді.

    2. Кепілгер осы Шарт бойынша Талап Келісім шеңберінде кез келген сомаға бір немесе бірнеше рет осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген қамтамасыз етілетін міндеттемелер шегінде қойыла алатынын мойындайды.



2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


2.1. Банктің құқықтары:

  1. Келісім бойынша міндеттерді орындау мерзімі келген немесе Банкке ондай міндеттерді орындауды талап ету құқығын беретін өзге талаптар туындаған жағдайда – өз қалауы бойынша Борышқордан немесе Кепілгерден жеке-жеке немесе екеуінен бір уақытта ондай міндеттемелерді орындауды (толық, сондай-ақ Берешекке қатысты бөлігінде де) талап ету;

  2. кез келген уақытта (оның ішінде Кепілгерге алдын ала жазбаша Талап жолдамай) кез келген валютада Борышқордың Келісім бойынша және Кепілгердің Шарт бойынша мерзімі өткен берешегінің барлық сомаларын (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей келесі сомаларды: несие, сыйақы, өзге комиссиялар, оның ішінде тиісті операцияны жүзеге асыру сәтінде әрекет ететін Банк тарифтерімен көзделген), тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар), Борышқордың Келісім бойынша және Кепілгердің Шарт бойынша міндеттемелерді бұзуына байланысты шығындарды (оның ішінде Банктің төлем құжаттарына қоса берілетін Шарт көшірмесін нотариалды куәландыруға жұмсалған шығындарды) келесі әдістермен өндіріп алу;

  • Кепілгердің Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген құжаттардың және Банктің ішкі құжаттары негізінде Банкте ашылған кез келген банк шоттарын тікелей дебеттеу; және (немесе)

  • Кепілгердің Банктегі немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы және оның аумағынан тыс кез келген өзге банктердегі (банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы) кез келген банк шоттарына төлем талап-тапсырмаларын қою. Қазақстан Республикасының немесе тиісті шетелдік мемлекет заңнамасымен Кепілгердің қосымша акцептін талап етпейтін төлем талап-тапсырмаларын қою рұқсат етілетін жағдайларда, Банк ондай төлем талап-тапсырмаға Шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе ақшаны акцептсіз алуды (есептен шығаруды) жүзеге асыруға қажетті өзге құжаттарды қоса ұсынады.

Кепілгердің банк шоттарынан ақша сомасын өзге валютада (Кепілгер міндеттемесінің валютасынан өзге) алған (есептен шығаран) жағдайда, Банк алынған ақшаны міндеттеме валютасына айырбастауды Банк тарифтеріне сәйкес (оның ішінде айырбасталған сомадан айырбастау үшін алынатын комиссияны ұстап қалған кезде) айырбастауды жүргізу үшін комиссия сомасын Кепілгердің есебінен ала отырып, ақша қаражатын есептен шығару күніндегі айырбастау операцияларын жүргізу үшін Банкпен белгіленген бағам бойынша жүзеге асырады.

Кепілгер Банкке Шарттың осы тармағында анықталған жағдайлар мен тәртіпте Кепілгердің қосымша келісімісіз (акцептісіз) ақшаны есептен шығару құқығын береді;



  1. Кепілгерден қажетті ақпарат пен құжаттаманы сұрау және оларды Банкпен белгіленген мерзімде алу;

  2. осы Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде Кепілгердің қаржылық жағдайын тексеруді жүзеге асыру.

2.2. Кепілгердің міндеттері:

  1. Шартпен келісілген мерзімде Банктен жазбаша Талап алған күннен бастап соңғысына Борышқордың Банк алдындағы Берешегінің барлық сомаларын (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей: негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл), комиссиялар, шығындар мен шығыстар сомасын) төлеу;

  2. Банкпен белгіленген мерзім ішінде Банк сұраған ақпарат пен құжаттардың шынайылығына жауап бере отырып, оған ақпарат пен құжаттарды ұсыну;

  3. Шартты бекіткен кезде Банкке Кепілгердің Қазақстан Республикасының аумағындағы және оның аумағынан тыс кез келген өзге банктердегі (банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы және өзге несие ұйымдарындағы) барлық банк шоттарының тізімін, сонымен қатар Кепілгердің олардың алдындағы берешегі және оның мөлшері туралы мәлімет ұсыну;

  4. келесі ковенанттарды орындау бойынша міндеттемелерін ұстану:

- __________;

  1. Банкке Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес несие құжаттамасын қалыптастыруға қажетті құжаттар пакетін ұсыну;

  2. осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банкке келесі құжаттарды ұсыну:

- аудитормен расталған жылдық шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілік – жыл сайын, қаржылық есептілікке қол қойғаннан/шығарғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде, бірақ алдыңғы жыл аяқталғаннан кейін 180 күнтізбелік күннен кешіктірмей;

- олар бойынша аудитордың шолуы тіркелген, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жарты жылдық қаржылық есептілік – алдыңғы жарты жылдық өткеннен кейін 90 күнтізбелік күннен кешіктірмей;

- шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық және аралық (тоқсандық) қаржылық есептілік – тиісті кезең аяқталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;

- Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге банкте жаңа банк шотын ашқан сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде жаңа банк шотын ашқан сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке Кепілгермен екінші деңгейдегі банктерде, шетелдік банктерге, қаржы ұйымдарында банк шотын ашу (ондай шоттың барлық деректемелерін көрсете отырып) туралы ақпарат, сондай-ақ Банктің талабы бойынша ондай шотты ашуды растау құжаттары;

- тоқсан сайын алдыңғы тоқсан өткеннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, сондай-ақ Банктің талабы бойынша кез келген уақытта сұрау салған күндегі жағдай бойынша Кепілгергердің құрылтай құжаттарындағы өзгертулердің және (немесе) толықтырулардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін және (немесе) әділет органдарының анықтамасын немесе Кепілгердің қарапайым акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан артық пайызын иеленетін қарапайым акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иелері туралы ақпаратты ашатын Кепілгердің қарапайым акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан артық пайызын иеленетін акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) ұстаушылар тізімі. Осы абзацта көрсетілген өзгертулер және (немесе) толықтырулар Кепілгердің құрылтай құжаттарында немесе Кепілгердің қарапайым акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан артық пайызын иеленетін акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) ұстаушылар тізімінде болмаған жағдайда, Кепілгер ондай өзгертулер мен толықтырулардың жоқтығы туралы хат ұсынады;

- Кепілгердің заңды мекен-жайы және (немесе) орналасқан жері, атауы өзгертілген жағдайда, өзгертулерден 5 (бес) жұмыс күні ішінде растау құжаттары қоса берілген жазбаша ескерту;



- ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей қаржылық есептілік (700Н нысаны бойынша), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пруденциялық нормативтерді ұстану туралы ақпарат (Қарыз берушінің электрондық мекен-жайына Dfor@kdb.kz) (шарт Кепілгер банк болған жағдайда ғана қолданылады, басқа жағдайларда алып тастауға жатады);

  1. Кепілгер Банктің жазбаша келісімісіз келесі әрекеттерді жасауға құқығы жоқ:

- ерікті қайты ұйымдастыру немесе таратуды жүргізу;

- Кепілгердің негізгі қызмет түрін өзгерту;

- теңгерімдік құны мәмілені бекіту сәтінде Келісім бойынша қаржыландыру сомасынан __________% (__________ пайыздан) астам мөлшерде кесімді активтерді сыйға беру, сату, кепілге салу немесе басқаша иеліктен шығару және (немесе) ауыртпалық салу;

- нәтижесінде Кепілгермен Келісім бойынша қаржыландыру сомасынан __________% (__________ пайыздан) астам мөлшерде міндеттемелер алынатын үшінші тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша мәмілелер бекіту;

- нәтижесінде теңгерімдік құны мәмілені бекіту сәтінде Кепілгер активтері құнының жалпы көлемінен __________% (__________) және одан артық пайызды құрайтын Кепілгер мүлкі сатып алынатын немесе иеліктен шығарыдатын (сатып алына немесе иеліктен шығарыла алатын) кез келген мәмілердерді бекіту (оның ішінде мүлікке басқаша ауртпалық салу);

- теңгерімдік құны Кепілгер активтері құнының жалпы көлемінен __________% (__________) және одан артық пайызды құрайтын активтерді аудару арқылы үшінші тұлғалардың құрылуына немесе қызметіне қатысу.

Кепілгер алдын ала Банктің жазбаша келісімін алу үшін кемінде көрсетілген әрекеттерді іске асыруға дейін кем дегенде __________ (__________) күнтізбелік күн бұрын алдын ала сұрауға міндеттенеді. Банк келіспеген жағдайда, Кепілгердің әрекеттері заңсыз болады, ол сондай-ақ Борышқордың дефолты ретінде қарастырыла алынады;


  1. Оған белгілі болған сәттен бастап дереу Банкті төмендегі жайлы хабардар ету:

- сот және (немесе) төрелік (алқалық) қарауының, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірістердің, атқарушы өндірістердің, Кепілгерден __________ (__________) теңгеден/АҚШ долларынан артық сомаға мүлікті өндіріп алуға, төлемді талап етуге немесе Кепілгермен міндеттерді өзге түрде орындауға алып келетін/ алып келе алатын үшінші тұлғалар тарапынан өзге әрекеттердің/талаптардың болуы;

- Кепілгер акцияларының он және одан артық пайызын иеленетін Кепілгер акционерлері/қатысушылары құрамының өзгеруі;

- Келісімнің және (немесе) Шарттың жарамдылығын кіммен болсын дауға салу;


  1. жазбаша түрде ұсынылатын қатынас хатқа Кепілгердің уәкілетті тұлғасының қолын қою, мөрімен бекіту және (немесе) фирмалық баспабетінде орындау. Кепілгермен Банкке жолданған кез келген құжаттама бірден қағаз тасымалдауышта және электрондық түрде (сканерленген көшірмелер) ұсынылады.

2.3. Кепілгер кез келген уақытта өз бастамасымен (Талап алмай) Қарыз алушының Келісім бойынша мерзімі өткен Берешегінің бүкіл сомасын немесе оның бөлігін төлеуге құқылы.

2.4. Кепілгердің келесі әрекеттер жасауға құқығы жоқ:



  1. Талапқа қарсы Борышқор білдіре алатын қандай да бір қарсылықтар көрсету;

  2. Борышқормен Келісім бойынша міндеттерін орындамау және (немесе) тиісті түрде орындамауының дәлелдерін талап ету, ал Банк оларды көрсетуге міндетті емес.

3. РАСТАМАЛАР

3.1. Кепілгер осы бапта көрсетілген растамалар мен куәландырулар береді және Банк осы растамалар мен куәландыруларға сене отырып, осы Шартты бекіткенін мойындайды:



  1. Кепілгер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түрде құрылған заңды тұлға болып табылады;

  2. Кепілгер Келісімнің талаптарымен, Борышқордың Келісім бойынша міндеттемелерінің сипатымен және көлемімен, оның ішінде барлық Несие құралын беру шарттарымен және қосымша келісімдермен толық танысқан және ол Кепілгер ретінде орындауы үшін жауап беретін мәмілелердің талаптарына ешқандай қарсылығы жоқ;

  3. Кепілгермен осы Шартты бекіту Кепілгердің құрылтай құжаттарына, қолданыстағы заңнамаға, Кепілгердің үшінші тұлғалармен бекіткен өзге мәмілелеріне қайшы келмейді;

  4. Кепілгер (і) осы Шартты заңды негіздерде орындай және ол бойынша міндеттерін атқара алатындай; (іі) Кепілгермен осы Шарт бойынша қабылдауы көзделген міндеттемелердің заңдылығын, жарамдылығын және міндетті күшін қамтамасыз ету үшін жасалуы және сақталуы тиіс барлық әрекеттер жасалды және барлық талаптар орындалды;

  5. Кепілгердің салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу бойынша берешегі жоқ және болашақта олар болмау үшін барлық қажетті шараларды қолданады, сондай-ақ салық органдарымен Кепілгердің мүлкіне, құқығына салынатын шектеулері жоқ және болашақта болмайды;

  6. сот әрекеттері немесе әкімшілік қараулар, сондай-ақ Кепілгермен ол тараптарының бірі болып табылатын қандай да бір шартты көлемі мен сипаты Кепілгердің қызметіне немесе қаржылық жағдайына елеулі жағымсыз әсер ете алатын бұзушылықтары жоқ және болашақта болмайды (Кепілгерге белгілі дәрежеде), оның ішінде Кепілгер Келісім бойынша Қарыз/Несие желісінің көлемінен артық талап сомасына жауапкер ретінде сот үдерістерінің қатысушысы болып табылмайтынын растайды;

  7. осы Шартты бекіту сәтінде оған қатысты тарату, қызметін тоқтату, басқаруға беру немесе қайта ұйымдастыру сынды заңды әрекеттер немесе шаралар қолданылмаған (Кепілгер Банкті жазбаша түрде ескерткендерден басқа) немесе сот орындаушысы, мүлікті (немесе оның кез келген бөлігін) немесе табысты өндіру бойынша әкімші (уақытша әкімші, оңалтушы, уақытша және банкроттық басқарушы) тағайындалған жоқ, сондай-ақ оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе басқа қолданылатын құқыққа сәйкес сот және (немесе) төрелік (алқалық) қараулар басталғаны және басталуы болжанып отырғандар туралы оған белгісіз;

  8. Осы Шартқа байланысты Банкке берілген ақпарат барлық елеулі жағынан шынайы, толық және нақты болып табылады, және Кепілгер Банкке хабарланбаған және олар ашылған жағдайда Банктің осы Шартты бекітуі туралы шешім қабылдауға жағымсыз әсер ете алатын қандай да бір маңызды жайттар немесе мән-жайлар туралы беймәлім.

4. ЖАУАПКЕРШІЛІК

4.1. Осы Шарттың 1.1-тармағында көрсетілген мерзімде ақы төлеу мерзімін өткізген жағдайда, Банкке әрбір мерзімі өткен күн үшін ақшаны Банктің шотына аударуға дейін қойылған Талапқа сәйкес өтелмеген берешек сомасынан __________% (__________ пайызға) тең өсімпұл төлеуі тиіс.

4.2. Кепілгер Шартпен көзделген міндеттемелердің кез келгенін және әрқайсысын (жауапкершілік Шарттың 4.1-тармағында белгіленген міндеттемеден басқа) бұзған жағдайда, сондай-ақ Шартта көрсетілген куәландырулар мен растамалардың кез келгенін бұзған жағдайда, Кепілгер әрбір бұзушылық жағдайы үшін Банкке Келісім бойынша Қарыз сомасынан __________% (__________ пайызға) тең мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді.

4.3. Тұрақсыздық айыбын төлеу Кепілгерді Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

5. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


5.1. Кепілгерге міндеттемелерді орындау туралы талаптар, сондай-ақ өзге жазбаша ескертулер Банкпен Кепілгердің Шартта көрсетілген мекен-жайына жолданады. Кепілгер Банкті жазбаша ескертпей мекен-жайын өзгерткен жағдайда, Банк Шартта көрсетілген мекен-жайға қатынас хатты жолдау тиісті түрде жүзеге асырылған болып саналады және Кепілгер онымен келіседі.

Жолдаушымен пошта қызметінен (ұйымынан) алған түбіртек талапты және (немесе) ескертуді жолдау айғағының жеткілікті растауы болып саналады. Кепілгер қатынас хат одан ертерек уақытта оны жеткізу туралы растау болмаған жағдайда, оны жолдағаннан кейін 3 (үш) күнтізбелік күн өткеннен кейін алушыға жеткізілген болып саналатынымен келіседі.

5.2. Шарт бойынша барлық даулар Қазақстан Республикасының материалдық құқығын қолданып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте Банктің орналасқан жері бойынша сотта шешіледі.

5.3. Шарт бекітілген сәтінен бастап күшіне енеді және 20__ жылдың «__»__(Келісімнің әрекет ету мерзіміне +1 жыл)___ дейін немесе Борышқормен Келісім бойынша Банк алдындағы өзінің барлық міндеттерін толық орындағанға дейін – көрсетілген жағдайлардың қайсысы кейін болатынына қарай – әрекет етеді.

5.4. Шартта қолданылатын бас әрпіппен жазылған анықтамалар мен терминдер мәнмәтінде басқалай көрсетілмесе, Келісімде анықталған мәнге ие.

5.5. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды күші тең 3 (үш) нұсқада жасалды: 2 (екі) данасы Банкке, 1 (бір) данасы Кепілгерге.


ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАРЫ

Банк: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есiл ауданы, Орынбор көшесі, 10 үй («Қазына Тауэр» ғимараты); 20__ жылдың «__» __________ №___ заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлік; БСН __________; __________ банкіндегі есеп шоты № __________, БСК __________.

Кепілгер: «__________» ___ (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын және атауын көрсету), __________ (тіркелген/нақты мекен-жайын көрсету); 20__ жылдың «__» __________ №___ заңды тұлғаны қайта/тіркеу туралы куәлік, БСН __________, __________ банкіндегі есеп шоты № __________, БСК __________;

________________

Банк атынан

________________



Кепілгер атынан



беттің беті



Банк атынан: __________ Кепілгер атынан: __________



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет