Договор оказания услуг доставки № ¬¬¬¬¬¬¬



жүктеу 54.57 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі54.57 Kb.

2012 ж. «______»___________________

№________________________ Жеткізу қызметін көрсету келісімшартының

2 қосымшасы

(2012ж. «25» маусым № 12 бұйрығымен бекітілген)


Тасымалдау ыдыстарына қойылатын үлгілік талаптар


  1. Жалпы ережелер.

Егер ыдыс Орындаушының талаптарына сай болмаса не бүлінсе не ішіндегі затқа қол жеткізу іздері байқалып отырған болса, Орындаушы жөнелтілімді қабылдау мен жеткізуден бас тартуға құқылы.

Орамасы (қаптамасы) – жөнелтілімді бүлінуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал не құралдар кешені.

Ыдыс – жөнелтілімді салуға арналған бұйым болып келетін орамның негізгі элементі.

Ыдыстардың жіктелуі:

Көліктік – жеке көлік бірлігін құрайтын ыдыс. Тасымалдау және сақтау кезінде жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Тұтынушы ыдысы – тұтынушыларға өнімдермен бірге түсетін және көліктік ыдыстың міндетін атқармайтын ыдыс.

Берік – динамикалық жүктемелердің әсеріне сезімтал емес ыдыс.

Осал – динамикалық жүктемелердің әсеріне сезімтал ыдыс (жұқа қаңылтыр, пластик, шыны).

Қымталғанконструкциясы газ, бу және сұйықтардың өтпеуін қамтамасыз ыдыс.

Қымталмаған – конструкциясы газ, бу және сұйықтардың өтпеуін қамтамасыз етпейтін ыдыс.
Орындаушы пайдаланатын тасымалдау ыдыстары түрлерінің тізбесі:

  1. Гофраланған картоннан жасалған қораптар.

  2. Ішіндегісі қосымша қорғалған қораптар (ішкі қалқалар, амортизациялық төсемдер, қосымша түбі).

  3. Фанерлі және ағаш жәшіктер, торлама.

  4. Фанерлі және ағаш жәшіктер, амортизациялық төсемдері бар торлама.

  5. Қымталған металл бөшкелер мен флягалар.

  6. Полипропиленнен, тоқылған матадан жасалған қаптар.

  7. Полиэтиленнен, көп қабатты қағаздан жасалған қаптар.

  8. Барабандар, шарғылар.

  9. Орындаушының пломбыланған қаптары.


Орындаушы ыдыста көп қабатты жапсырма қағаздың, қайта жапсыру іздерінің болуын, бүлінуін, ішіндегісіне қол жеткізу іздерінің болуын белгілеуге құқылы.

  1. Орындаушының әртүрлі жөнелтілімдерге арналған тасымалдау ыдысының түріне қоятын талаптары.




Қажет етілетін ыдыстың түрі

Жөнелтілімдердің түрлері

1-4, 6, 7, 9

Тігін, тоқыма, былғары, тері бұйымдары, тоқыма материалдары.

1-4, 9

Магниттік тасымалдаушылар, ток беру элементтері, шағын тұрмыстық және ұйымдастыру техникасы (үтіктер, фендер, шәйнектер, картридждер, телефондар, фотоаппараттар және т.б.), құрғақ дәрі-дәрмектер (таблеткалар, бинттер, мақта және т.б.) және медициналық бұйымдар, аяқ киім, темекі бұйымдары, ұсақ қосалқы бөлшектер, аксессуарлар, жинақтаушылар, галантерея, ойыншықтар, сағаттар, сувенирлер, шаруашылық тауарлары, гигиеналық заттар, қағаз бен картоннан жасалған бұйымдар. Металды және біржолғы тұтынылатын ыдыстар, спорт және бау-бақша құрал-саймандары, электротехникалық бұйымдар, аксессуарлар мен жануарларға арналған жем, жөндеу жүргізуге арналған тұрмыстық құралдар, шамдар, метиздер.

1-4, 9

Берік тұтыну ыдыстарындағы бұйымдар: әрлеу материалдары, кеңсе тауарлары, тұрмыстық және автохимия, парфюмерия мен косметика, дәрі-дәрмектер, фототауарлар, бояулар, әртүрлі майлау материалдары.

2-4, 9


Осал тұтыну ыдыстарындағы бұйымдар: дәрі-дәрмектер, парфюмериялық-косметикалық бұйымдар. Орта және үлкен көлемді тұрмыстық және кеңселік техника.

3-4

Сантехника (жуыну кабиналары, ванналар, унитаздар, раковиналар және т.б.), қаптауыш материалдар, фарфор және фаянс ыдыс-аяқтар, люстралар, жабдықтардың барлық түрлері (энергетикалық, өнеркәсіптік, парасилдік, сауда, медициналық, спорт жаттықтырғыштары, өнеркәсіптік құралдар), электр станциялары мен электр агрегаттары, сонымен бірге білдектер, механизмдер, жиһаз, матрастар, ағаш материалдары (плиталар, фанералар), есіктер, жалюзге арналған пластикалық тақшалар, есіктер, терезе алды, механизмдердің бөлшектері мен тораптары, металл бұйымдар (бетшелер, жолақтар, иілген пішімдер, темір шыбықтар, құбырлар) терезелер, ойын автоматтары, такелаж, мототехника, электролитсіз аккумуляторлар, музыкалық аспаптар. Осал тұтыну ыдыстарындағы бұйымдар: әрлеу материалдары, кеңсе тауарлары, тұрмыстық және автохимия, фототауарлар, бояулар, әртүрлі майлау материалдары.

4

Әрлеу қоспалары, бетон, тас, саз, шыны, гипстен жасалған декоративтік бұйымдар.

5

Халықаралық МЕМСТ 19433-88, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамаларына сәйкес қауіпті емес кез келген өнім.

7, 9

Құрғақ ұнтақ тәріздес және түйіршіктелген материалдар.

8

Кабельдер, желілер, баулар, сым темірлер.

9

Ыдыстың ішіндегісін алуға мүмкіндік беретін №4 прайс-бетте сипатталған өлшемдерімен жинақталған орындар.

* Линолеум, ковролин жеткізуге арнап беткі жағын ішіне қаратумен өзекке оралған түрінде қабылданады.

** Ыдысқа салынбаған түрінде жеткізуге арнап дөңгелек тысы, пластикалық құбырлар, кабельдер мен бухтаға оралған сымдар, көлемі 100 литрден басталатын сұйықтарға арналған пластикалық және металл ыдыстар қабылданады.

  1. Жеткізуге арнап қабылданбайтын жеткізілімдердің түрлері.

Келесі заттар жеткізуге арнап қабылданбайды:

  • жарылғыш, радиоактивті, химиялық белсенді, улы, тез тұтанатын, уытты, өздігінен тұтанатын газдар, сұйықтар мен қатқыл заттар;

  • қару-жарақ;

  • қысылған және сұйытылған газдар;

  • сумен әрекеттескен кезде жанғыш газдарды бөлетін заттар.

  • қымталмаған ыдыстардағы сұйықтар мен газдар;

  • Халықаралық МЕМСТ 19433-88, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамаларына сәйкес қауіпті болып табылатын заттар;

  • өзіне қатысты кездейсоқ өлім қаупі бар не өздерін жеткізу Орындаушыда жоқ арнайы айлабұйымдардың, құрылғылар, аспаптар мен технологиялардың болуын қажет ететін өнімдер;

  • өздерін тасымалдау үшін арнайы рұқсат қажет етілетін тауарлар.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:




ОРЫНДАУШЫ:

«ЖДЭ КЗХ» ЖШС

Р.М.Раисовтың танытуымен
_________________________________

2012 ж. «____»_____________________



ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

_________________________________________

анытуымен ______________________________
________________________________________

2012ж. «_______»_________________________
















Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет