Қырғызстанда жер сілкінгеннен саз үйінділері опырылды. Жерасты дүмпуінен кейін Бішкек-Нарын-Торугарт тас жолындағы көлік қозғалысы жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі бірде-бір адам медициналық көмекке жүгінбегенін хабарлады. Ондағы жер асты дүмпулерінің күші 6 балға жетті.

Қытай билігі зардаптар туралы хабарлады. Магнитудасы 7,1 болған жер сілкінісінің ошағы осы елдің солтүстік-батысында, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болды. Онда кейінгі мәліметтер бойынша алты адам зардап шекті. Екеуі ауыр жарақат алған. Жер сілкінісінің ошағынан 20 шақырым радиуста бес ауыл бар. 47 үй опырылып, 78 ғимарат зақымданған. Жер сілкінісі салдарынан 27 пойыздың қозғалысы үзілді. Кейбір елді мекендерде жарық өшіп қалған. Бірінші дүмпуден кейін тағы 14 жер сілкінісі болды. Ең күштісінің магнитудасы – 5,3. Қытайдың төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберілгенін хабарлады.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сай алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.