Ақмола облысында сәбиге 10 қаңтарда аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын құтқарған Ерейментау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының аты қойылды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.

22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.

Сол кезде нәресте құтқарушының алақанын сезініп, балаға Амангелді деген есім берілді.

Дүниеге аман-сау келген Амангелді – отбасыдағы жетінші бала.

Баланың ата-анасы 7 санын қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан деп ырымдап отыр.

Бұған дейін Ақмола облысында қарлы боранда жоғалған отбасын құтқару кезінде құтқарушыны үсік шалғанын жазған едік.

Еркіншілік ауылының тұрғындары ұлын жоспарлы тексеруден өткізу үшін аудан орталығына бармақшы болған. Салонда қолы сынған бала, жүкті анасы мен көлікті жүргізген әкесі болған. 

Бір сәтте көлік "Ерейментау-Торғай" бағытынан бұрылып кеткен, ер адам су іздеп әкелмекші болып адасып кеткен. Далада желдің жылдамдығы секундына отыз метр, көріну нөлге тең. Жолдасын ұзақ күткен әйел жедел жәрдем мен құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ерейментау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Амангелді Доскенов көмекке мұқтаж жандардың хабарламасын алып, дереу "Трэкол" маркалы көлікпен жолға шыққан.

Бөлім бастығы өзін жеңіл үсік шалғанына қарамастан іздеуді тоқтатпай, жүкті әйел мен баласы бар көлікті әзер тапқан. Қай жерде тұрғандарын әріптестеріне айтып, жол талғамайтын көлікке қарай жаяу бет алған.

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.