Алматыда "Тәуелсіздік таңы" монументінің алдына "Желтоқсан 86" қоғамдық ұйымының өкілдері жиналып, ЛГБТ-ға қарсы акция өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Қауымдастық мүшелері осы алаңда өткен "Феминита" қозғалысының мүшесі Ақторғын Ақкенжебаласының жеке пикетінен кейін аумақты "тазалау" мақсатында ескерткіш басына адыраспан жағып, аластаған. 

“1986 Желтоқсан көтерілісінің күрескерлері елімізде тамырларын жайып, өркендеп бара жатқан, қазақ ұлтының бүгіні мен болашағына қауіп төндіретін ЛГБТ топтарының қауіпті, арсыз әрекеттеріне мемлекет тарапынан арнайы заң қабылданып, тыйым салынғанын және жазаға тартылуларын талап етеміз”, – деді "Желтоқсан 86" қоғамдық қозғалысының атынан сөйлеген Гүлбахрам Жүніс. 

Сондай-ақ, белсенділер 8-наурыз қарсаңында өткізілетін митингке рұқсат берілмеуін талап етті. 

Желтоқсаншылармен қатар алаңға "Феминита" қозғалысының мүшелері Жанар Секербаева мен Ақторғын Ақкенжебаласы да келген.

“Бұл акция қазақ қоғамы қаншалықты бөлінгенін көрсетеді. Бұл жерді аластау үшін адыраспан да әкеліпті. Мен енді осы жерге күн сайын келіп тұруға уәде беремін. Маған, Қазақстан азаматшасына, қазақ қызына туған жерімде қалаған жеріме баруыма ешкім тыйым сала алмайды”, – деді белсенді Жанар Секербаева.

Жиын соңында желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің арнайы медициналық тексерістен өткізіліп, арнайы тіркеуге алуы қажет екенін айтты. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.