Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2014. 11. 06 №376 БҰйрығына 1-Қосымша



жүктеу 79.06 Kb.
Дата12.08.2018
өлшемі79.06 Kb.
түріРегламент

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2014.11.06 № 376 БҰЙРЫҒЫНА 1-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 10:53:48


ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.01. № 75 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 11 маусымдағы

376 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту



үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


(2016.25.01. берілген өзгерістермен)

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі 189 бұйрығы (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоманттандырылған)/қағаз түрінде.

Электронды - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) расталған құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны алу.

Қағаз түрінде - қабылдау емтихандары қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрықты және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты беру.

Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО);

2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - түсу емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық


бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі - құжаттар топтамасы).



5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

Көрсетілетін қызметтің қағаз түрі:

1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі - ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минуттан аспайтын уақытта қабылдайды және оның толықтығын тексереді;

2) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минуттан аспайтын уақытта көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;

3) жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін береді;

4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырады;

5) қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО-ның басшысы 25 тамыздан кешіктірмей қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады;

Көрсетілетін қызметтің электронды түрі:

1) көрсетілетін қызметті алушы деректерді толтыра отырып және құжаттарды қажетті электронды көшірмелерін тіркей отырып, электронды портал арқылы өтініш береді - 30 минуттан көп емес;

2) құжаттардың қабылданғаны/қабылданбағаны туралы растау порталдағы электронды хабарлама болып табылады.

3) ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы электронды өтінішті өңдейді және тексереді - 2 жұмыс күні;

4) ЖОО қабылдау «жеке кабинетте» құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны алу, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқасын береді.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерінің нәтижелері келесі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болады:



Көрсетілетін қызмет нәтижесінің қағаз түрі:

1) құжаттар топтамасын қабылдау және ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

2) қабылдау емтихандары қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрықты шығару.

Көрсетілетін қызмет нәтижесінің электронды түрі:

1) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін конкурсқа қатысу;

2) «жеке кабинетке» ЖОО қабыладу үшін құжаттардың түпнұсқасын тапсыру туралы хабарлама жіберу;

 

 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ЖОО-ның қабылдау комиссиясымен
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:



1) ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы;

2) ЖОО-ның басшысы;

3) веб-портал.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы:



Қағаз түрі:

1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минуттан аспайтын уақытта қабылдайды және оның толықтығын тексереді;

2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минуттан аспайтын уақытта көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;

3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін жоғары оқу орнының деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін береді;

4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырады;

5) қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО-ның басшысы 25 тамыздан кешіктірмей қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады;

Электронды түрі:

1) көрсетілетін қызметті алушы деректерді толтыра отырып және құжаттарды қажетті электронды көшірмелерін тіркей отырып, электронды портал арқылы өтініш береді - 30 минуттан көп емес;

Құжаттардың қабылданғаны/қабылданбағаны туралы растау порталдағы электронды хабарлама болып табылады.

2) ЖОО қабылдау комиссиясының өтінішті өңдейді және тексереді - 2 жұмыс күні;

3) Көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сай түсу емтихандарын тапсырады;

Портал арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін конкурстан өткендігі туралы электронды хабарлама алады.

Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті


берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

 

9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының іс-қимыл реттілігінің және жүгіну тәртібінің сипаттамасы:



1) Көрсетілетін қызметті алушы онлайн түрде қызметке тапсырыс береді

2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушы өзінің жеке идентификациялық нөмірі (бұдан әрі - ЖИН) арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін Порталда авторизациядан өтеді.

3) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының аталған Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау формасының шығуы және көрсетілетін қызметті алушының тиісті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, сұраудың құрылымы мен талаптарын ескере отырып, форманы толтыруы;

4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының тапрысты растау (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

5) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметті көрсету тапсырысының толтырылған формасын растау;

6) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмағаны себебінен сұрау салған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама дайындау;

7) 6-процесс - электронды құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) және сұраудың Порталда өңделуі;

8) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының қызмет нәтижесін алуы (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін конкурстық іріктеуден өткендігі туралы хабарлама)

 

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру



бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу

орындарына құжаттар қабылдау және оқуға

қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



1-қосымша

 

 



Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту
блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы

 

 

 

 



 

 

 



 


Каталог: file -> uslugi -> gos uslugi
file -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 09. 04 №186 БҰйрығына 4-Қосымша
gos uslugi -> «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslugi -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 10. 04 №189 БҰйрығына 2-Қосымша
gos uslugi -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gos uslugi -> Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары
gos uslugi -> Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет