Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 09. 04 №186 БҰйрығына 4-Қосымша



жүктеу 97.8 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі97.8 Kb.

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.09.04 № 186 БҰЙРЫҒЫНА 4-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 12:35:49


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 9 сәуірдегі

186 бұйрығына 4-қосымша

 

 

«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру



 ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз



 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО);

2) «www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік жылғы 15 тамызға дейін;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініштер, оның ішінде портал арқылы күнтізбелік жылғы 23-31 шілде аралығында қабылданады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға жүгінген кезде ЖОО-ның және мамандықтың атауын өзгерту қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құқылы.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беру грантын тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

Порталда - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы білім беру грантын тағайындау туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауап алу.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;



2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа өтініш;

2) білім туралы құжат;

3) ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу сертификаты;

4) 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;



6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

7) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі;

8) екі бірдей немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе ата-анасының жоқ екенін растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқығынан айыру, шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау);

9) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың растаушы құжаттарының көшірмесі;

10) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың растаушы құжаттарының көшірмесі.

Құжаттардың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып қолхат беру болып табылады.

Әлеуметтік қолдау көрсетуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЖОО-ға және порталға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) ЖОО басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

3) екі бірдей немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе ата-анасының жоқ екенін растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқығынан айыру, шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектелген) деп тану туралы соттың шешімі);

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың растаушы құжаттары;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;

2) білім туралы құжаттың электронды көшірмесі;

3) электронды құжат нысандағы 3x4 көлеміндегі цифрлы фото;

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі;

5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі;

6) көрсетілетін қызметті алушының басымдылығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, қорғаншылық және қамқоршылық, ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу (КТ) сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы «жеке кабинетінде» конкурсқа қатысу үшін құжаттардың қабылданғаны туралы немесе бас тарту туралы дәйектелген хабарламаны алады.

Білім беру гранты тағайындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы білім беру гранты туралы куәлікті грантты ұтқан ЖОО-да алады.

Білім беру гранты тағайындалған жағдайда ЖОО-ға қабылдану кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінің 5-1-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.



Конкурсқа қатысу үшін портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілген мәліметтер ұсынылған құжаттардың түпнұсқасымен сәйкес болмаған жағдайда конкурстың нәтижелері күшін жояды.

Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Министрліктің www.edu.gov.kz  интернет-ресурсында жарияланады.

 

 



3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына жазбаша түрде беріледі.



Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеліп, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнінің, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнының көрсетілуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағымда қызмет алушының тегі мен аты-жөні, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Өтініште қызмет алушының қолы қойылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып


қойылатын өзге де талаптар

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 15-тармақпен толықтырылды

15. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сының болу шартымен портал арқылы электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.

 

«Білім беруге гранттарды тағайындау,



сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында

білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 қосымша

 

 





 



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет