Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 10. 04 №189 БҰйрығына 2-Қосымша



жүктеу 77.24 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі77.24 Kb.

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.10.04 № 189 БҰЙРЫҒЫНА 2-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 12:41:52


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 10 сәуірдегі

189 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары  оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

 

 



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 1 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - жоғары оқу орнына қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электронды.

ЖОО қабылдау туралы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген белгіленген мерзімде шығарылады.



Порталда - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» ЖОО ның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы ЖОО-ға қабылдау туралы хабарламаны, не бас тарту туралы дәлелді жауап алу.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті алушының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:



1) ұйым басшысының атына оқуға қабылдау туралы ерікті нысандағы өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін);

3) жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

4) 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;



6) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда).

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2) жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттың электронды көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер жоқ болған жағдайда);

3) 3x4 көлеміндегі цифрлы фото;

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі;

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі, ҰБТ немесе кешенді тестілеу (КТ) сертификаты, білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органның уәкілетті «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы «жеке кабинетінде» ЖОО-ға құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге 10-нан 25 тамызға дейін мерзімде 9-тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.



Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірін және күнін көрсете отырып, қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

 

 



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе)
оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, оның Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі мен аты-жөні, пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Өтініште көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылып отыратын шағымы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) ала алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Каталог: file -> uslugi -> gos uslugi
file -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 09. 04 №186 БҰйрығына 4-Қосымша
gos uslugi -> «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslugi -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslugi -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2014. 11. 06 №376 БҰйрығына 1-Қосымша
gos uslugi -> Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары
gos uslugi -> Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет