Документ: Қр денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин. 2015. 22. 01 №26



жүктеу 407.15 Kb.
бет1/2
Дата07.03.2018
өлшемі407.15 Kb.
  1   2

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИН. 2015.22.01 № 26

Дата: 08.02.2017 18:48:01


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 22 қаңтардағы

26 бұйрығына



3-қосымша

 

 



Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық

көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету

қағидалары


(2016.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.



2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар;

2) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;

3) протездiк-ортопедиялық құралдар - қол мен аяқты немесе дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

4) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар;

5) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетін протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;

6) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.

3. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, мiндетті гигиеналық құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс берушінің қаражаты есебiнен қамтамасыз етіледi.

4. Жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, мiндеттi гигиеналық құралдар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.

 

 



2. Протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету

 

5. Мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледi.

6. Протездiк-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.

Көрсетiлген протездiк-ортопедиялық көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

7. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты жерi бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне (бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш (бұдан әрі - өтініш) бередi.



Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрi - басқарма) өтінiштердiң және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық орган) әзiрлеген ОЖБ негiзiнде протездiк-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.

8. Протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен:



1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қызметтiк міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлерге;

3) iшкi iстер органдарының, ұлттық қауіпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;

4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға;

5) бала жасынан мүгедектерге;

6) мүгедек балаларға жүргiзіледi.

 

 



3. Протездермен қамтамасыз ету

 

9. Мүгедектер шино-былғары, құрастырмалы протездермен, қазiргi заманғы технологиялар бойынша жасалған протездермен, олардың керек-жарақтарымен, тұқылдарға кигiзетiн тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, тiзе таңғыштарымен, салынатын кебiстермен, тiреуiш-протездермен, былғары орындықтармен, былғары шалбарлармен, ползункилермен, ползункилердiң қолғаптарымен, биялайлармен, жіңішке таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен қамтамасыз етіледi.

10. Қолдың және аяқтың негiзгi протезi берiлгенге дейiн мүгедектер медициналық көрсетілімдері бойынша кию мерзiмi 6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерiмен қамтамасыз етіледi.

Мүгедектер құрылғылы жұмыс протездерiмен, өздерiнiң қалауы бойынша бұйымның негiзгi түрiмен бiр мезгiлде қамтамасыз етіледi.

11. Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейiн, бiрақ алынған күнінен бастап кемiнде бiр жылдан кейiн ауыстырылады.

12. Қазiргi заманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерінiң құрамындағы құрастырушы түйiндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күнiнен бастап кемiнде үш жылдан, мүгедек балалар үшiн - кемiнде екi жылдан кейiн;

синтетикалық шайырлар негiзiнде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды ауыстыру - бiр жылға дейiн;

кеуде безi протездерiн, жетек арбаларды ауыстыру - олар алынған күнiнен бастап екi жылдан кейiн, таяқшалар мен балдақтарды кемiнде бiр жылдан кейін жүргiзіледi.

13. Аяқ немесе қолдың екi протезiн (негiзгі және қосалқы немесе негiзгi және жұмыс протезi) бiр мезгілде алған мүгедектерге оларды ауыстыру кемiнде екi кепiлдiктi мерзiм өткеннен кейiн жүргiзіледi.

14. Аяқ протездерiн беру кезiнде жыл сайын әрбiр протезге 3-тен тұқыл тысы беріледi. Кеуде безi протездерi екi iшкиiм (бюстгалтер) жиынтығымен бiрге беріледi.

15. Егер кию мерзiмi өткеннен кейiн протез жарамды жай-күйде болса және мүгедек келесi кию мерзiмi өткенге дейін жаңа протезге тапсырыс бергісi келмесе, оған осы кезеңге бiр протездi пайдалану есебiнен белгіленген санда тыстар беріледi.

16. Протездердi, оның iшiнде жаңа үлгiлерiн мерзiмiнен бұрын ауыстыру, сондай ақ оларды кию мерзiмiн ұзарту, жөндеу туралы шешімдi комиссия қабылдайды және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын, протездiк-ортопедиялық көмек көрсету жөнiндегi қызметтердi өнім беруші (бұдан әрi - өнім беруші) жасайтын тиiстi актінің негiзiнде ғана жүргiзіледі. Комиссия өнім берушiнің кінәсiнен бұйымның сапасыз жасалу фактісiн анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

 



4. Ортопедиялық аяқ киiммен қамтамасыз ету

 

17. Мүгедектер ортопедиялық аяқ киімнiң мынадай түрлерiмен: күрделi, шамалы күрделi, протездерге және ортопедиялық аппараттарға арналған аяқ киiммен қамтамасыз етіледi.



Күрделi ортопедиялық аяқ киiм аяқ 3 см және одан да жоғары қысқартылғанда, паралитикалық, варустық, эквиноварустық, вальгустық, жазық вальгустық және қуыс табандық, маймақ аяқтық, шораяқтық, табанның Шопар, Гритти, Лисфранк және Пирогов әдiсi бойынша кесiлген тұқылы кезiнде жасалады.

Шамалы күрделi ортопедиялық аяқ киiм аяқ 3 см-ге дейiн қысқартылғанда, табан сүйектерiнің басы үлкейгенде, ұзына бойы және көлденең жалпақ табандық, башайлар шүрiппе және балға тәрiздес болғанда, өкше сүйегіне темiр орнатылғанда және табанның өзге де паталогиясы кезiнде жасалады.

18. Күрделi ортопедиялық аяқ киiм (етіктен басқа):



1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға екі пар (жазғы немесе қысқы) тапсырыс берiлген сәттен бастап есептегенде, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен;

2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге жылына бiр пар мөлшерiнде (жазғы немесе қысқы);



3) мүгедек балаларға - жылына екі пар (жазғы және қысқы) беріледi.

19. Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне және жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша оларға теңестірiлген адамдарға екi қолы бiрдей кесiлгенде не екi қолының функциялары күрт төмендегенде, не омыртқа жотасы зақымданғанда, сондай-ақ жамбас-сан буындарындағы анкилоздар кезінде бүйiрлік резеңкелерi бар аяқ киiм беріледi.

20. Жалпы аурудан және бала жасынан болған үшiншi топтағы мүгедектерге күрделi ортопедиялық аяқ киiм (жазғы немесе қысқы) 50 пайыздық құн жеңілдiгімен беріледi.

21. Ортопедиялық аяқ киiм дайындау технологиясында көзделгендерден тыс қызметтер мен жұмыстарға (өрнектi тiгiс, микросаңылаулы ұлтан, сыздықты әрлеу, үлбiрлi жылылық не басқа да жақсартылған әрлеу), дайындау жеделдігіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарды және мүгедек балаларды қоспағанда, тапсырыс берушілер ақы төлейдi.

 

 

5. Протездерге арналған аяқ киiммен қамтамасыз ету



 

22. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға тапсырыс берілген сәттен бастан есептегенде, бiр жыл кию мерзiмiмен протездерге арналған бiр пар аяқ киiм беріледi.

Мүгедек балаларға - тапсырыс берiлген сәттен бастап бiр жыл кию мерзiмiмен екi пар (жазғы және қысқы мауыты) аяқ киiм беріледi.

23. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге протездерге арналған аяқ киiмнің бiр пары құнының 50 пайыздық жеңiлдiгiмен беріледi.



Үшіншi топтағы мүгедектерге мұндай аяқ киiм олардың өз қаражаты есебiнен қолданымдағы бағалар бойынша дайындалады.

24. Протездерге арналған аяқ киім былғары алмастырғыштар пайдаланыла отырып, жылы астарсыз дайындалады.

25. Жеңiлдiкпен не тегiн протездеуге құқығы бар мүгедектер бiр аяғы кесiлген және жұмыс протезiн ғана пайдаланған кезде, белгiленген тәртiппен сау аяғына екi сыңар аяқ киiммен қамтамасыз етіледi.

26. Мүгедектерге ортопедиялық немесе протездiк бәтеңкелердiң орнына, олардың қалауы бойынша, өз қаражаты есебiнен етiктер дайындалуы мүмкiн.



Бұл жағдайда тапсырыс берушілерге бәтеңке жасауға көзделген сомада етiктің құнына жеңiлдiк беріледi.

 

 



6. Емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдарымен қамтамасыз ету

 

27. Пайдалану мерзiмi бiр жыл емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдармен:



1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдары;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлер;

3) ішкі iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдары;

4) мүгедек балалар қамтамасыз етіледi.

28. Жалпы аурудан және бала жасынан болған бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, егер олар бұл азаматтарды мүгедектiкке әкеп соқтырған ауруды не жарақатты емдеуге арналса, емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдармен, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен 50 пайыздық жеңiлдікпен қамтамасыз етіледi.

 

 

7. Протездiк-ортопедиялық құралдарды есепке алудың, оларға тапсырыстарды ресiмдеудiң және оларды берудiң тәртiбi



 

29. Басқарма протездiк-ортопедиялық көмектi қажет ететiн және осы көмектi мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алған мүгедектердiң есебiн жүргiзедi. Уәкілеттi орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бiрлесiп, мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмек алу үшiн жiберу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.

Мүгедектердi қайта протездеуге жiберу не протездiк-ортопедиялық аяқ киiммен қамтамасыз ету протездердi және басқа да протездiк-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерінде жүргізіледi.

30. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектерден тапсырыс қабылдауды өнім беруші жүзеге асырады.



Тапсырыстың сипаты мен түрiне қарай өнім беруші мүгедектi стационарлық протездеу үшін шақырып алудың қажеттігiне тапсырысты оның қатысуынсыз орындау туралы шешiм қабылдайды. Шақыру алдын ала жiберiледi.

31. Жол жүруге жарамайтын мүгедектерден тапсырыс қабылдау, қажет болған жағдайда, ақылы шақыру негiзiнде үйде жүзеге асырылады.

32. Протездеуге келгендер өнім берушiге:

1) басқарманың жолдамасын;

2) емдеуші дәрiгердiң жолдама-ұйғарымын, бастапқы протездеу кезiндегi ауру тарихынан көшірме үзiндіні;

3) рентген суреттерiн;

4) мүгедектігі туралы анықтаманы;

5) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

6) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);

7) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесін - жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда ұсынады.

33. Өнім беруші барлық протездiк-ортопедиялық құралдарға протездеу картасын ашады. Толтырылған протездеу қартасы мен тапсырыс бланкiсi протездік-ортопедиялық құралдарды дайындаудың және оларды тапсырыс берушілерге ұсыну тәртiбiн регламенттейтін есеп құжаттары болып табылады. Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкiсi - 5 жыл сақталады.

34. Протездеу картасында протездiк-ортопедиялық құралдың, протездiк-ортопедиялық аяқ киiмнiң алдыңғы берiлген және жөнделген уақыты, сондай-ақ мүгедектiң мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен протезделу құқығы көрсетіледi.

35. Тапсырыс бланкiсiне протездiк-ортопедиялық бұйымның құны туралы деректер, тұлғаның мәртебесiн растайтын куәлiктiң нөмiрi, оны кiм және қашан бергенi енгiзіледi.

36. Өлшемей дайындау мүмкiн болмайтын күрделi протездiк-ортопедиялық құралдарға тапсырыстарды қабылдауды, әдетте өнім берушi жүргізедi.

Күрделi протездiк-ортопедиялық құралдарға: корсеттер, аппараттар, туторлар, обтураторлар, жамбасты сылығандағы, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекiтiлетiн протездер мен күрделi ортопедиялық аяқ киiмдi қоса алғанда, басқа да протездiк-ортопедиялық құралдар жатады.

37. Мiндетті түрде өлшеп көрудi талап ететiн дайын протездiк-ортопедиялық құрал тапсырыс берушінің жеке өзiне беріледi. Өлшеп көру талап етілмейтiн жағдайларда, алуға сенімхаты болса, бұйымды басқа адамға беруге жол беріледi не ол тапсырыс берушінің тұратын жерiне мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жiберіледi.

38. Өнім беруші ай сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен дайындалған протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқ киімнің есебiн жүргiзедi және белгіленген нысан бойынша олардың тiзілiмiн, сондай-ақ ақы төлеу үшін басқармаға ұсынылатын орындалған қызметтердi қабылдап алу-беру актiсiн (еркін нысанда) жасайды.

 

 



8. Протездiк-ортопедиялық құралдарды дайындау мерзiмi мен оларды жөндеудiң тәртiбi

 

39. Протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқ киiм кезектілік тәртiбiмен, өндiрiске тапсырыс берiлген күннен бастап 30 күнтізбелiк күннен асырылмай дайындалады.

40. Ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар (обтураторлар, бандаждар, қолды ұстағыштар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың емдеу бұйымдары) осы тәртіппен 7 жұмыс күнi шегiнде дайындалады.

41. Протездiк-ортопедиялық құралды ақырғы рет өлшеу кезiнде тапсырыс берушілерге оны алуға келетiн күнi хабарланады.

42. Тапсырыс берушінің өлшеп көруге келуiн күту кезiнде бұйымның жатып қалған уақыты протездiк-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзiмiне енгiзiлмейдi.

43. Жасалу мерзiмiне:



1) екiншi өлшеп көру белгiленген кезде - 5 жұмыс күнi;

2) арнайы шала өнiм дайындау кезінде - 10 жұмыс күнiне дейін;

3) аяғының не қолының екеуi де кесілген немесе екеуi де зақымданған кездегі протездік-ортопедиялық құралдарға көшірме нұсқаларды дайындау уақытын қоса алғанда - 10 жұмыс күнi қосылады.

Дайындаудың жалпы мерзімі 45 жұмыс күнiнен аспайды.

44. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық аяқ киiмдi жөндеу олардың өз қаражаты есебiнен кезектілік тәртiбiмен жүргiзіледi.

 

 

9. Протездеуге барумен байланысты шығыстарды төлеу тәртiбi



 

45. Стационарлық протездеудi қажет ететiн мүгедектер өнім берушiнiң медициналық стационарына жатқызылады. Медициналық стационарға бару мен керi қарай жол жүрудi қоса алғанда, госпитальда жатудың барлық кезеңiне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 59-бабының 2-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледi.

46. Протездеуге барумен (тапсырыс беру, өлшеп көру, протездердi немесе күрделi ортопедиялық аяқ киiмдi алу үшiн) және протездеу уақытындағы оларды баптап күтумен байланысты шығыстарды өнім беруші мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.

47. Жол жүру темiр жолда - қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда - белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушіге дейiн және керi қарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi.

48. Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екi реттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керi қарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргізіледi.

Бандажбен қамтамасыз етілу құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана төленедi.

49. Протездеуге баратын және ертіп жүрудi қажет ететiн бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушінің жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертіп жүрушінің тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi.

50. Мүгедектерге бастапқы протездеу кезiнде және мүгедек балаларға тұқылдың қалыптасуына қарай протездердің ауыстырылуына байланысты жол ақысын төлеу жылына екi рет жүргiзіледi.

 

 



10. Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету

 

51. Мүгедектердi сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

52. Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштердің, ОЖБ негiзiнде қамтамасыз етіледi.

53. Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен:



1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;

2) жеңiлдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар;

3) мүгедек балалар;

4) бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледi.

54. Осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетiлген адамдарға бiр есiту аппараты, ал есiту қабілетiн екi жақты симметриялық жоғалту кезiнде аумақтық органның қорытындысы бойынша - осы Қағидалардың 55-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынған кезде екi есiту аппараты беріледi.

55. Осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетiлген адамдар сурдотехникалық құралдарды алу үшiн мынадай құжаттарды:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары - жеке басты куәландыратын құжатты, Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлiгiн және медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысын;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi - жеке басты куәландыратын құжатты, Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлiгiн және ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар - жеке басты куәландыратын құжатты, жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi мен ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

4) мүгедек балалар - жеке басты куәландыратын құжатты, ата-анасының бiреуiнiң (қамқоршыларының, қорғаншыларының) жеке басын куәландыратын құжатты, ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

5) бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер - жеке басты куәландыратын құжатты, зейнеткерлiк куәлiгiн, ОЖБ-дан үзінді көшірмені ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі ұсынылады.

 

 



11. Есту протезiнiң ерекшелiктерi

 

56. Есту протезi дәрiгер-сурдологтар, оториноларингологтар ауруларды жалпы лортексеру және аудиометриялық тексеру кезiнде белгілеген, әр құлағының есiтуiн орташа жоғалтуы 20 дБ-дан асатын адамдарға қолданылады.

57. Мүгедектерге берілетiн есту аппараттары медициналық көрсетілімдерге және олардың орналасуына қарай құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгіш болуы мүмкiн.

Мүгедектердi есiту аппараттарымен, жиынтықты бұйымдармен, қосалқы бөлшектермен, олардың қоректендiру көздерiмен қамтамасыз етудi, сурдологиялық тексерудi, естудi протездеу көмегiн, есту аппараттарын ірiктеудi, олардың техникалық сипаттамаларға сәйкестiгiне қорытынды берудi, сервистiк қызмет көрсетудi, жөндеудi тиiсті материалдық-техникалық базасы мен мамандары бар, қазiргi заманғы есту аппараттарын iрiктеу және беру арқылы медициналық-әлеуметтiк оңалту мақсатымен есiту протез көмегiн көрсетуге, естудiң жай-күйiн қадағалауға, есту аппараттарына техникалық қызмет көрсетуге маманданған ұйым (бұдан әрi - ұйым) жүргiзедi.

58. Есту қабілетiн екi жақты симметриялық жоғалтқан кезде күшейтуi бойынша бiрдей екi жақты есту аппараттарын тағайындау жолымен екi жақты (бинауральдық) есiту протезi ұсынылады.

59. Есту функциясы ассиметриялық түрде бұзылған кезде моноуральдық есту протезi тағайындалады.

60. Естудiң сүйек-тiндік өткiзгіштігі бойынша төмендеуi 20 дБ-дан аспаған, ал ауа арқылы өткiзгіштігі бойынша айқын бiлiнетiн сүйек-ауа интервалы кезiнде есiтудi жоғалту 50 дБ-дан астам болған жағдайда, сүйек арқылы дыбыс өткiзгіштігі бар жеке есту аппараты тағайындалады.

61. Есту протезi есту кемiстiгiн электроакустикалық түзету балалардың, ересек адамдардың ерекшелiктерi ескеріле отырып, оларды есту аппаратына бейiмделуге мiндетті түрде үйрете отырып, сондай-ақ оны қолдану және ұзақ пайдалануға дағды алдыра отырып жүргiзіледі.

62. Әлеуметтік оңалту шеңберінде есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен күндізгі және (немесе) тәулік бойғы байқау жағдайларында жүргізіледі.

63. Кейіннен есту-сөйлеуге бейімдеуге баратын кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға және ертiп жүрушіге жолақы шығыстары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына төленедi. Жол жүру темiр жолда - қатты плацкарт вагоны тарифi бойынша, су жолдарында - екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда - белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушiге дейiн және керi қарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi.

 

 



12. Сурдотехникалық құралдарға қажеттіліктi қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргiзу

 

64. Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж адамдар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш бередi.



Басқарма өтiнiштердiң және ОЖБ негiзiнде, сурдотехникалық құралдарға қажеттілiкті олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.

65. Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сурдотехникалық құралдарды сатып алуды жүргізу үшін комиссия құрады.

66. Тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес сурдотехникалық құралдарды басқармаға жеткiзуді өнім беруші жүзеге асырады.

67. Өнім берушіден сурдотехникалық құралдарды қабылдап алуды басқарма жүзеге асырады.



Сурдотехникалық құралдарды өнім берушіден қабылдап алу актiсi екi данада (еркін нысанда) жасалады:

1) бiрiншi данасы басқармада қалады;

2) екiншi данасы өнім берушіге берiледi.

Актiлердің барлық даналарына басқарманың және өнім берушiнiң өкілдері қол қояды.

68. Қабылдап алу процесiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз сурдотехникалық құралдар өнім берушіден қабылданбайды және олар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.

69. Басқарма мүгедектерге есту протезi көмегiн көрсету үшiн есту аппараттарын ұйымдарға бередi.

Басқармадан есiту аппараттарын қабылдап алу актiлерi екi данада жасалады:

1) бiрiншi данасы басқармада қалады;

2) екiншi данасы ұйымға берiледi.

Есту аппараттарын қабылдап алу актiлерінiң барлық даналарына басқарманың және ұйымның өкілдерi қол қояды.

 

 



13. Сурдотехникалық құралдарды iрiктеу және беру

 

70. Мүгедектерге есту аппараттарын, есту аппараттарына жинақтаушы бұйымдарды, есiту аппараттарының қоректендiру көздерiн iрiктеудi, дәлдеудi, берудi ұйым жүргізедi.



Есту аппараттарын беру есiту аппаратының нөмiрi, берiлген күні көрсетiле отырып және алушының қолы қойылып пациенттiң жеке медициналық-әлеуметтік картасында тiркеледi.

71. Есту аппараттары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кемiнде 3 жылдан кейiн және мүгедектердiң қалған санаттарына 4 жылдан кейiн ауыстырылады.



Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.

72. Ауыстырған кезде бұрын берiлген есiту аппараты ұйымға мiндеттi түрде қайтарылуға тиiс.

73. Ұйым есту аппаратын мерзiмiнен бұрын берудi:

1) есiту қабілеті нашарлаған және есiту қабілетiн есiту аппаратының басқа түрiмен түзеу қажеттілігі кезiнде;

2) ол ұрланған немесе өзге де объективтi себептер бойынша жоғалған жағдайларда уәкілетті органдардың тиiсті құжаттары негізiнде жүргiзедi.

74. Ұйым Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына 3 жылда бiр рет, бiрiншi, екiншi, үшінші топтағы мүгедектерге 4 жылда бiр рет мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен есiту аппараттарын жөндеудi жүргiзедi, дыбыс өткiзгiш сымдарды, батарейкаларды немесе стандарттық зауыт жинаған аккумуляторларды, медициналық-әлеуметтiк картада берiлген күнін мiндетті түрде белгілеп және алған адамның қолын қойғызып бередi.

75. Басқарма өнім берушілерден алған басқа да сурдотехникалық құралдар жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімдерiне алынған сурдотехникалық құралдардың атауы мен саны көрсетіле отырып, актi бойынша (еркін нысанда) беріледi.

76. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi басқа да сурдотехникалық құралдарды берудi тiзiм бойынша мүгедектiң тегiн, атын, әкесінің атын (болған кезде), зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған сурдотехникалық құралдың атауын, алған күнін, алу туралы белгісiн көрсете отырып жүргiзедi.

 

 

14. Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегі есептілік



 

77. Ұйымдар мүгедектерге есту аппараттарын берудi белгiленген нысандағы тiзiмдеме бойынша жүзеге асырады. Ведомосте берiлген күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған жылы, әлеуметтік мәртебесi, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрi, есту аппаратының маркасы мен нөмiрi, сондай-ақ есту аппаратын алғанына қойған қолы көрсетіледі.

78. Ұйым ай сайын есту аппараттарының берілу есебi тізiмдемесiнің бiр данасын басқармаға екi данадағы орындалған жұмыстардың тапсыру-қабылдап алу актісiн (еркін нысанда) жасай отырып бередi.

79. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерi сурдотехникалық құралдарды бергеннен кейiн бiр айдың iшiнде басқармаға мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты мекенжайын, алған сурдотехникалық құралдың атауын, берiлген күнiн, сондай-ақ алғандығына қойған қолын көрсете отырып сурдотехникалық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.

 

 



15. Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларды сөйлеу процессорларымен қамтамасыз ету

 

80. Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет сөйлеу процессорын сатып алудан, ауыстырудан және дәлдеп келтіруден (бұдан әрі - сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет) тұрады.

81. Сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.

82. Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорын ауыстыру сөйлеу процессорын орнатқан (ауыстырған) күнінен бастап кемiнде бес жылдан кейін жүзеге асырылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.25.11. № 982 бұйрығымен 82-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

82-1. Ауыстырған кезде бұрын берiлген кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессоры ұйымға қайтарылуға тиіс.

 

83. Кохлеарлық импланты бар балаларда сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттігін, сондай-ақ кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларының түрін (моделін) сурдологиялық кабинеттерде/орталықтарда кохлеарлық имплантацияға іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) белгілейді, оның құрамы мен жұмыс тәртібін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бұйрығымен бекітіледі.



Сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттігі туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) сөйлеу процессорларының түрі (моделі) көрсетіле отырып, тексерілген адамның (немесе оның заңды өкілінің) қолына беріледі.

84. Сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет көрсетуге мұқтаж кохлеарлық импланты бар мүгедек балалар (олардың заңды өкілдері) мынадай құжаттарды:



1) мүгедек балалардың жеке басын куәландыратын құжатты;

2) ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) жеке сәйкестендіру нөмірін - жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

4) ОЖБ әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмені;

5) комиссияның қорытындысын;

6) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) қоса бере отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет көрсетуге өтініш береді.



Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

85. Қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда:

егер сөйлеу процессорының осы Қағидалардың 82-тармағында белгіленген ауыстыру мерзімі өтпесе;

осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда бас тартылады.

86. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініштерді тіркеу журналын (бұдан әрі - журнал) жүргізеді және баланың тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ОЖБ әзірленген күні мен нөмірін, комиссия қорытындысының берілген күні мен нөмірін, комиссия қорытындысында көрсетілген медициналық ұйымдағы кохлеарлық имплантацияға операция жасалған орынды, сөйлеу процессорының түрін (моделін) көрсете отырып, сөйлеу процессорын ауыстыруға және оны дәлдеп келтіруге мұқтаж кохлеарлық импланты бар мүгедек балалардың тізімдерін(бұдан әрі - мүгедек балалардың тізімі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күні қалыптастырады.

Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен расталады.

Мүгедек балалардың тізімдері облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттеріне (басқармаларына), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттеріне (басқармаларына) (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолданады.

87. Басқарма тізімдердің негізінде:



сөйлеу процессорларының санын және түрін (моделін) көрсете отырып, сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызметке қажеттілікті айқындайды;

мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызметтерді сатып алу жүргізу үшін комиссия құрады;

сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызметті алу үшін кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға жолдама беру жұмысын ұйымдастырады.

88. Сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет көрсетуді халыққа сурдологиялық көмек көрсетуге маманданған, тиісті материалдық-техникалық базасы және аталған салада білікті мамандары бар ұйым (бұдан әрі - ұйым) жүзеге асырады.



Ұйым кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларды оларға бұрын қондырылған кохлеарлық имплантпен түрі, моделі және маркасы үйлесетін сөйлеу процессорымен қамтамасыз етеді.

89. Сөйлеу процессорын ауыстыру үшін басқарма жіберген кохлеарлық импланты бар мүгедек балалар (олардың заңды өкілдері) ұйымға:



1) басқарманың жолдамасын;

2) комиссия қорытындысының көшірмесін:

3) мүгедек балалардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

90. Ұйым жолдаманың негізінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есеп жүргізеді және сөйлеу процессорын сатып алу, ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша көрсетілген қызметтердің ведомосін, сондай-ақ төлеу үшін уәкілетті органға ұсынылатын орындалған қызметтердің қабылдап алу-тапсыру актісін (еркін нысанда) жасайды.

 

 

16. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету



 

91. Бiрiншi және екінші топтағы мүгедектердi, мүгедек балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

92. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштердің, ОЖБ негiзiнде қамтамасыз етіледi.

 

 

17. Тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктi қалыптастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу



 

93. Тифлотехникалық құралдарды қажет ететiн бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, мүгедек балалар тұрғылықты тұратын жерiндегi жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiне өтініш бередi.

Басқарма өтiнiштердiң, ОЖБ негізiнде, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктi айқындайды.

94. Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тифлотехникалық құралдарды сатып алуды жүргізу үшін комиссия құрады.

95. Тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес тифлотехникалық құралдарды уәкілетті органға жеткiзуді өнім беруші жүзеге асырады.

96. Өнім берушiден тифлотехникалық құралдарды қабылдап алуды басқарма жүзеге асырады.



Тифлотехникалық құралдарды өнім берушiден қабылдау актісi екi данада (еркін нысанда) жасалады:

1) бiрiншi данасы уәкілетті органда қалады;

2) екiншi данасы өнім берушіге беріледi.

Актілердiң барлық даналарына басқарманың және өнім берушінің өкілдерi қол қояды.

97. Қабылдап алу кезiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз тифлотехникалық құралдар өнім берушіден қабылданбайды және олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.

 

 

18. Тифлотехникалық құралдарды беру және есептілiк



 

98. Басқарма өнім берушіден алған тифлотехникалық құралдар, алынған тифлотехникалық құралдардың атауы мен олардың саны көрсетiле отырып, актi бойынша (еркін нысанда), жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне беріледi.

99. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мүгедектің тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнеткерлік куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, алынған күнiн, алғандығы белгісiн көрсете отырып тифлотехникалық құралдарды тiзiм бойынша берудi жүргiзедi.

100. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.

Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейін ауыстырылады.

101. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тифлотехникалық құралдар берiлгеннен кейiнгі бiр ай iшiнде, мүгедектiң тегiн, атын және әкесінің атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмірiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, берілген күнiн, алғандығын растап қойған қолын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдар алған мүгедектердiң тiзiмдерiн уәкілетті органға ұсынады.

 

 

19. Мiндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету



 

102. Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттілiктерiн қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, жөргектермен ұғынылады.

103. Мүгедектердi міндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

104. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету өтініштердің және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдерге сай әзірленген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

105. Тері қабаты тұтастығының ауқымды бұзылуы, сондай-ақ бұтаралық аумақта тері ауруларының болуы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілім болып табылады.

106. Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:

1) ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжатты, ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;

4) жеке сәйкестендіру нөмірін - жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

5) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса беріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш жасайды.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

107. Өзі барып өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде өтінішпен жүгінуді басқа адамдарға (бұдан әрі - өтініш беруші) тапсырады.

108. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге міндетті гигиеналық құралдар ұсынуға құжаттар ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) жібереді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері хабарлама берілгеннен кейін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы тізімдерді жасайды және міндетті гигиеналық құралдарға қажеттілікті қалыптастырады.

109. Қалыптастырылған қажеттілік негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері міндетті гигиеналық құралдарды сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.

 

 

20. Мiндетті гигиеналық құралдарды беру және есептілік



 

110. Өнім беруші мiндеттi гигиеналық құралдарды, атауы мен олардың санын көрсете отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне актi бойынша бередi.

Өнім берушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдауды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады.

Өнім берушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдау актілері екі данада (еркін нысанда) жасалады:

1) бірінші данасы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қалады;

2) екінші данасы өнім берушіге беріледі.

Актілердің барлық даналарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және өнім берушінің өкілдері қол қояды.

111. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi міндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.

112. Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі.

113. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi:



1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 730 дана;

2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 365 дана;

3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 365 дана.

114. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімдерi мiндетті гигиеналық құралдар берiлгеннен кейiн бiр айдың iшiнде мүгедектiң тегін, атын, әкесiнің атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған мiндетті гигиеналық құралдың атауын, берiлген күнiн, алғандығына адамның қойған қолын көрсете отырып, гигиеналық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн басқармаға ұсынады.

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық



көмекпен және техникалық көмекшi

(орнын толтырушы) құралдармен

қамтамасыз ету қағидаларына



1-қосымша

 

Нысан



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет