Документ: ҚР Үкіметінің 2016. 19. 04 №234 Қаулысымен бекітілген



жүктеу 480.99 Kb.
бет1/2
Дата22.04.2019
өлшемі480.99 Kb.
  1   2

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2016.19.04 № 234 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Статус документа: Действующий Дата: 09.10.2018 11:12:48


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 19 сәуірдегі

234 қаулысымен



бекітілген

 

 



ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

«Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

 шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру

 қағидалары

(2018.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер



 

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кепілдік беру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.

ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда



4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі қаржы агентіне өзара жасалған Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

 

 



2. Терминдер мен анықтамалар

 

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді



5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) банк - Даму банкін қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру - кәсіпкерге ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;

3) кепілдік беру - Бағдарламада, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

4) кепілдік - банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы агенттігінің банк алдында жауап беру міндеттемесі;

4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;



5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;

6) банктік қарыз шарты - банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.

Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты - ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге - тауарларды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;

7) кепілдік шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - БЖЗҚ);

9) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

10) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - кредит бойынша сыйақының банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда банк біржақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.

Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы - ислам банкінің коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;

11) жоба - бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға болады;

12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

13) ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) тауар - оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында Ислам банктерінің сатып алу-сату мәмілелерін жасасуына рұқсат берілген, кейіннен коммерциялық кредит шарттарында кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;

15) уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

16) қаржы агенттігі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

17) портфельдік кепілдік беру - банк үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер берудің нысаны.

 

 



3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа
бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

 

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Мыналар:

1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;

2) барлық өңірлерде өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.

Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.

100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:

1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаттары есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;

2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.

7. Мыналар:



1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;



3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме нысанында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.

8. Бағдарлама шеңберінде мынадай:



1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

4) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



5) овердрафт түріндегі;

6) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарының есебінен банктер беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін қоспағанда, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;

7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.

9. Бағдарлама шеңберінде банктер:



1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

10. Кепілдік беру банктер жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттері бойынша ғана ұсынылады.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 10-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-1. Кепілдік жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.

11. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.

12. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды



12-1. Қаржы агенттігі Бағдарламаның шарттарына сәйкес және жобаның ең жоғары сомасын белгілей отырып, портфельдік кепілдік беру әдісін қолдануға құқылы. Банкті таңдауды қаржы агенттігі дербес жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

14. Ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыру:



1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірістерді кеңейтуге бағытталған кредит шеңберінде;

2) БЖЗҚ қаражатты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ БЖЗҚ қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне банктер айналым қаражаттарын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға берген (беретін) кредиттер кепілдік беруге жатады.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын, жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға беретін кредиттердің сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің біреуі үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды;

4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасында немесе қаржы агенттігінің өзге де бағдарламаларында көзделген Бағдарламаның оқыту жобалары шеңберінде оқудан өтуі ұсынылады.

16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мөлшері 20 млн. теңгеден асатын кредиттеріне кепілдік беру Кепілдік беру қағидаларының осы бөлімінің 17-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



17. Кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға берілетін кредиттердің сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы кәсіпкердің біреуі үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

3) ұсынылатын кепілдік беру мерзімі - кредит мерзімінен аспайды. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, 100 %-ын қоса алғанға дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.

18. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19. Облыс әкімдігі (астана, республикалық маңызы бар қалалар) қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепіл шартының қолданысы тоқтатылған кезде сома кейінгі жобаларды кепілдендіру үшін пайдаланылуы тиіс.

Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

20. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

21. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.

22. Мынадай:



1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;

3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

 

 



ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

 

ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



23. Мыналар:

1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;

2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жобаларды іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.

Жаңа инвестициялық және тиімді жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:

1) қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асырған кезеңге ұсынылады);

2) қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.

100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

Бұл ретте Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:

1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;

2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.

24. Мыналар:



1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;

3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме санында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.

25. Бағдарлама шеңберінде мынадай:



1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

4) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



5) овердрафт түріндегі;

6) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарының есебінен банктер беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін қоспағанда, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;

7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.

26. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.

27. Бағдарлама шеңберінде банктер:

1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

28. Кепілдік беру банктер жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттері бойынша ғана ұсынылады.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 28-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 28-1-тармақ жаңа редакцияда

28-1. Кепілдік салалық шектеулерсіз жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.

29. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.

30. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 30-1-тармақпен толықтырылды



30-1. Қаржы агенттігі Бағдарламаның шарттарына сәйкес және жобаның ең жоғары сомасын белгілей отырып портфельдік кепілдік беру әдісін қолдануға құқылы. Банк таңдауды қаржы агенттігі дербес жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.25.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ жаңа редакцияда



31. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



32. Ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыру:

1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірістерді кеңейтуге бағытталған кредит шеңберінде;

2) БЖЗҚ қаражатты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру бағытталған, 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің айналым қаражатын толықтыруға кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру және (немесе) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде және салалық шектеусіз жүзеге асырылатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) кредиттерге кепілдік береді.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



33. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын, жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға беретін кредиттердің сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды;

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



34. Кәсіпкер үшін:

1) экономиканың басым салаларындағы жобалар бойынша кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер беретін кредиттер, сомасы 360 млн. теңгені қоса алғандағыдан аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.

Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

3) ұсынылатын кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды;

ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



35. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға банк беретін, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражатының есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және айналым қаражатын толықтыруға беретін кредит(тер) сомасы бір кәсіпкер үшін 1850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



36. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.

Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



37. Ұсынылатын кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды.

ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 940 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 38-тармақ жаңа редакцияда



38. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден артық соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды. Ұсынылатын кепілдік мерзімі - кредит мерзімінен аспайды.

39. Сомасы 180 млн. теңгені қоса алғандағыдан жоғары кредит(тер) бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

40. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



41. Облыс әкімдігі (астана, республикалық маңызы бар қалалар) қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепіл шартының қолданысы тоқтатылған кезде сома келесі жобаны кепілдендіру үшін пайдаланылуы тиіс.

Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

Қаржы агенттігі алынған қаражаты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

42. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде, мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

43. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.

44. Мынадай:



1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;

3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

 

 



5. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



45. Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің (бұдан әрі - кәсіпкер) кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейіннен кредит алу үшін банкке жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;

2) кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін қаржы агенттігі алынған құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады;

3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкер берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде кепілдік беруге мүмкіндік беретін банктің кредит беру шарттары көрсетілген кепілдік беру мүмкіндігі туралы хат алады;

4) кәсіпкер банкке кепілдікті кредит алу үшін жүгінеді;

5) банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды және кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

6) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк қол қойылған кредиттік шартты қоса алғанда, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.

Қаржы агенттігі банкке жіберетін кепілдік беру шартын ресімдейді және қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

7) банк кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік пен кредиттің талаптарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылдаған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі Қағидалардың 46-тармағына сәйкес жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 45-1-тармақпен толықтырылды

45-1. Банк портфельдік кепілдік шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, банк қаржы агенттігіне банктік қарыз шартының көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 46-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



46. Кәсіпкер кредит алу үшін өтінішпен банкке жүгінеді.

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



47. Оң шешім қабылданған жағдайда, банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк қаржы агенттігіне:

кепілдік сомасының есебімен бірге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;

кепілдік беру туралы мәселені қарастыру үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес қажетті құжаттар.

48. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша және 10 (он) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қаржы агентінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асқан жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 49-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



49. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі анықталған ескертулерді жою және/немесе ақпарат беру үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.

50. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке қаржы агенттігінің кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешімі бар хат жібереді.



Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 51-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



51. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін:

1) банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(-дер) шарт(-тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатында қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің 10 %-ға өсуінің, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюының мәндері көрсетіледі.

Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара беруге жол беріледі;

2) банктен қаржы агенттігі банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;

3) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.

52. ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

53. Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.

54. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:



1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;

2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кепілдік шартын жасасу туралы хатты алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 55-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



55. Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі орын алған жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін қаржы агенттігін ол туралы хабардар етеді. Қаржы агенттігі кепілдік шарттарының қолданылуын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде жобаларға кепілдік беруді жаңартуға құқылы.

 

 



ҚР Үкіметінің 2018.25.08. № 523 Қаулысымен 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет