Долон ауылдық округі әкімінің ауыл жиналысында тұрғындар алдында есебі. 2013 жылдың қантар айының 14 -нен бастап, Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «Округтің әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы»



жүктеу 34.66 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі34.66 Kb.

Долон ауылдық округі әкімінің ауыл жиналысында тұрғындар

алдында есебі .

2013 жылдың қантар айының 14 -нен бастап, Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «Округтің әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы» және өткен жылғы есебімде сіздер жақтан айтылған ұсыныстар мен сын-пікірлердің орындалуы туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтетін болады.

Еліміздің өркендеуіне ауыл шаруашылығын дамыту маңызды рөл атқарады. Округ бойынша мал бастарының саны ІҚМ -3960 бас, ҰҚМ- 9406 бас, жылқы- 1404 бас, шошқа- 65 бас, құс-2630 бас құрап отыр.

2012 жылы өнімдерінің өндірілгені және өткізілгені: ет- 4196,0 центнер, сүт- 35997,0 центнер, жүн- 280,0 центнер, жұмыртқа -188,1 мын дана.

Округ бойынша 70 га жерге картоп егілді, жиналып алынғаны 13720,0 центнер, көкөніс -52,0 га жерге егіліп, 10348,0 центнер жиналды , бақша дақылдары-18,0 га егіліп, 3870,0 центнер өнім алынды,егістік өнім ішінде кукуруза 20 га егіліп 500,0 центнер өнім алынды. Округ бойынша шөп шабылды-10100,0 тонна, жоспар бойынша 9500,0 тонна..

Округ бойынша 4 қарапайым мал сою алаңдары ашылды, онын ішінде 3-уі Бөдене ауылының шаруа қожалықтарында ,1 мал сою алаңы Долон ауылында өз жұмысын жүргізуде.

Бюджеттен жыл сайын қоқыстарды үюге және қаңғыбас иттерді ұстауға қаражаттар бөлінеді. Көрсеткіш тақталар жаңаланып, ауыстыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Ауыл көшелерін жарықтандыру бағдарламасына сәйкес 2012 жылы Черемушка ауылының көшелеріне 6 фонар орнатылса, Долон ауылының көшелеріне косымша 3 фонар орнатылды.

Округ бойынша 69 шаруа қожалықтары бар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын, 25 шаруа қожалықтары бар, 5 шаруа қожалықтары 14 бас асыл тұқымды бұқа, 27 бас сиыр, 496 бас қазақи қойлар мемлекеттік несиемен сатып алды.

7 сауда орталығы, музыкалық аспап жасайтын цех , Мостик ауылында шағын наубайхана ашылды. Онда әртүрлі нан, тоқаш өнімдері пісіріліп,өндіріледі.

2012 жылда округ бойынша жер салығы- 100 пайызға, мүлік салығы -100 пайызға , көлік салығы-100 пайызға орындалды. Мемлектпен барлық округтің ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаттары 2012 жылы 100 пайызға игерілді.

Округ бойынша жұмыспен қамту орталығына 2 адам тіркелді . Қоғамдық төлем ақы алатын 2 адам, ал мамыр айында

«Семей орманы» МОТР мемелекеттік мекемесіне жазғы уақыттық жұмысқа 36 адам орналасты. Долон орта мектебіне – 4 адам , 1 адам Долон ауылдық округіна орналасты.

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пункт бар. 2012 жылда 19 нәресте дүниеге келді, 31 адам қайтыс болды. «Салауатты Қазақстан-2015» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айында округтің барлық тұрғындарын қамтыған скрининг өтті.

Округ бойынша жасы ұлғайған қарттарға,Ұлы Отан соғысына қатысқандарға,тыл еңбеккерлеріне,күн көрісі төмен отбасыларға аса назар аударылады. Қарттар күніне орай концерттік бағдарлама көрсетіліп, 4 ауыл бойынша 141 қарт адамдар шақырылды, Бөдене ауылының демеушісі -«Гульшат» шаруа қожалығы- иесі Арынов Амангелді, Мостик ауылының демеушісі –«Семей орманы» ұжымы, Жакиянова Г.О, Долон ауылының демеушілері- кәсіпкерлер Садыкова С.С,Калиева С.М., С.М.Каленов.

Жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі жарымжан балаларға медициналық тексеруден өтулеріне көп көмек көрсетіледі. Балаларды қорғау күніне арналған «Ақ қайын»- фестиваліне барып қайтты.

Округте әлеуметтік жұмысшы жалғыс басты 5 адамға көмек көрсетеді. Аптасына 2 рет осы жалғыз басты адамдарға барып , жағдайларын біліп, қажетті көмегін көрсетеді. Мұқтаж жанұялар округ бойынша 11, немесе 34 адам. Жергілікті бюджеттен оларға арнаулы мемлекеттік көмек – 167,6 мың. теңге , мемлекеттік балалар жәрдемақысы – 259,5 мын теңге көрсетілді..

Округте барлық мерекелерде мәдени-іс шаралар жүргізіледі. 1 мамыр - ынтымақ күні ауыл тұрғындарымен мектеп оқушылары салтанатты шеруге шығады 9 мамыр -Жеңіс күні барлық ауылдарда митингілер өткізіліп, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылды

Біздің жастарымыз әр түрлі мәдени-іс шараларға белсене қатысады., 2012 жылдың тамыз айында «Ертістің таза жағалауы» атты акция өткізілді. Оған студенттер, 9-11 сынып оқушылары, мектеп, әкімшілік, орман шаруашылығы ұжымдарының қызметкерлері қатысты.жағалауды тазалаумен қатар спорттық ойындар өтті.

Бұл акция жастарды патриоттық тәрбиелеу, ауылдық елді жерлерді жақсарту, жастардың бос уақыттарын пайдалы да көнілді ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

Білім беру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес біздің округте 3 мектеп орналасқан , 266 бала оқиды .. ҰБТ –ның қорытындылары бойынша округ- 60,3 баллға ие болды. Округ мектептерінде жағдайы төмен отбасыларының балалары мен 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында барлық мектептерде волейбол, баскетбол, футбол секциялары жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа арнаған жолдау бағдарламаларын іске асыра отырып, өмір сүру денгейін көтеру үшін жаңадан жұмыс орындарын аша отырып,бәріміз бір кісідей жұмыла еңбектенуіміз керек, сонымен катар біз шаруақожалықтары арасында , кәсіпкерлер арасында шаруашылықтарды ірілендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар ашу, өкіметтен жәрдем ақша (субсидия) алу үшін шаруашылықтағы мал басын есепке кіргізу жөнінде үлкен ағарту жұмыстарын жүргізіп отыруымыз керек.



2012 жылы ауылдық округтің әкімінің есебінде айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар орындалған.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет