«Доптар мектебі» Білім беру саласы



жүктеу 188.08 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі188.08 Kb.

  1. «Доптар мектебі»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: доппен ойнаудың түрлерін үйрету, екі қолмен қағып алу, қабырға ұру, жерге ұрып қағып алу сияқты т.б. түрлерін ойннай білу. Ептілікке тәрбиелеу.

Қай жасқа арналған: Ортаңғы топқа,

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар тәрбиешінің көрсеткен жаттығуларын орындайды.

1. Допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу.

2. Допты жерге соғып екі қолмен ұстап алу.

3. Допты жерге соғып шапалақты соғып екі қолмен ұстап алу.

4. Қабырғаға допты соғып екі колмен қағып алу.

5. Допты қабырғаға соғып ұстап алып, жерге соғып қағып алу.


  1. «Дөңгелекті лақтыру»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: балаларды белгіленген бағыты көздей білуге, ептілікке, шапшандыққа үйрету.

Қай жасқа арналған: Ортаңғы топ, ересек тобы

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Ойын дөңгелектерді көздеп лақтырудан турады, дөңгелектің диаметрі 15 – 20 см. Ал, таяқшаның ұзындығы 30 – 40 см.

Балалар қатарға тұрып 1,5 – 2 метр ара қашықтықта дөңгелектерді таяқшаға дәлдеп лақтырып кіргізу керек. Балалар ойынды бірін кейін бірі жалғастырып ойнай береді.


  1. «Қайда жасырылғанын тап»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету, бірілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Қай жасқа арналған: Ортаңғы топ, ересек тобы

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар бөлменің бұрышында тұрады.

Тәрбиеші жалаушаны тығатынын айтады. Балалар теріс қарап көзін жұмады, тәрбиеші жалаушаны тығып қояды да «болды», деген де балалар жалаушаны іздейді. Тапқан бала жалаушаны тығады. Ойын 2-3 рет қайталанады.



  1. «Ұстап ал!»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: балаларды ойынның шатын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар алаңда тұрады. Тағайындап алынған ұстағыш – бала ортада тұрады. «1-2-3, ұстап ал!» - деген белгі бойынша, балалар ұстағыштан қаша жөнеледі, ұстағыш болса біреуін ұстап, қолын тигізеді. Кімді ұстатайды, сол аланның шетіне барады.



Ұсыныс: ойынның басқа түрлерін пайдалануға болады: «Қуып жет те, ұстап ал», «Ұстап ал, шеңберде» т.б.


  1. «Тап та үндеме»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: балаларды қырағылыққа тәрбиелеу, бірілікке, татулыққа ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар алаңның шетінде тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады тәрбиешінің берген белгісімен олар қабырғаға бұрылып тері қарап тұрады. Бұл уақыта тәрбиеші орамалды жасырады. Содан кейін балалар көздерін ашып, орамалды іздеуге кіріседі. Тапқан бала білдірмей тәрбиешінің құлағына келіп орамалды көргенін айтады да, орнына келіп отырады. Осылайша барлық балалар орамалды тапқанша ойын жалғаса береді.

Ойын 3-4 рет қайталанады.


6. «Ұшатын құстар»
Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын салыстыра білуге үйрету, және қырағылыққа тәрбиелеу, құстар сияқты ұша білу қабілеттерін бақылау, тәрбиешінің берген белгісін тиянақты тыңдай білуге үйрету.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Алаңның бір жағында құстар ұшып жүреді. Тәрбиеші құстар ұшты дегенде, қанаттарын желпіп алаңда құстар ұшады. Тәрбиеші дауыл соқты дегенде құстар ұшып барып қабырғадағы сатыларға шығып алады, ал тәрбиеші дауыл басылды дегенде сатыдан түседі де ұшуларын жалғастырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.





  1. «Мысықтар мен балалар»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке, алғырлыққа тәрбиелеу.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады.

Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады. Балалар «кис-кис», деп шақырады. Мысықтар жақындағанда балалар алаңның екінші жағына қашып шығады.

Ойын 2-3 рет қайталанады.




  1. «Лақтыр да, қағып ал»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады. Тәрбиешінің «баста», деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады. Әр бала неше рет лақтырып қағып алғанын санайды.





  1. «Кеглиді көзде»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: Балаларды мергендікке, ептілікке белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар екі қатарға бөлініп тұрады, тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздкп құлату керек. Әр бір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады. Допты оң қолымен, сол қолымен де домалатуға болады.




  1. «Допты тордан лақтыр»



Білім беру саласы: «Денсаулық»
Мақсаты: Допты лақтыра білуге үйрету, топпен жарыса білуді ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.
Ойнаушылар саны: Барлық бала
Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Құрылған тордың екі жағынан бөлініп тұрады. Арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек. Балалар тор арқылы бір-біріне допты лақтырады. Допты жерге түсірмей қағып алып отыру керек. Тәрбиеші жерге түскен допты санап отырады. Қай топта доп көп жерге түссе, сол топ жеңеді.




  1. «Кім кетті»


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Мақсаты: балаларды есте сақтау қабілеттерін артырып, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Ойнаушылар саны: Барлық бала

Қозғалмалы ойынның әдістемелік нұсқауы:

Балалар шеңберге немесе жарты шеңберге тұрады. Тәрбиеші балаларға қасындағы баланы дұрыс есте сақтау керектігін түсісіндіреді, содан кейін сол баланың көзін байлап қояды. Балалардың біреуі тығылып қалады. Тәрбиеші баладан кім жоқ екенін сұрайды. Егер бала тапса, сол баланың көзін жұмады.

Ойын 3-4 рет қайталанады.

12. «Ұшқыштар»
Мақсаты: Балаларды бір-біріне соғылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету, кеңістікті дұрыс бағдарлауын дамыту.

Ойын барысы:

Балалар 4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соңынан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі-түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарада топтар орналасқан. Бұл-әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындаоыңдар»- деген тәрбиешінің белгісіиен балалар әртүрлі бағытта жүгіреді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады(еңкейеді), мотроды айландырады(қолдарымен кеуденің тұсында айналдырады), қанаттарын жан-жаққа созады, ұшады(әртүрлі бағытта жан-жаққа жүгіреді). Ұщақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді.

Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4-5 рет қайталанады.


13. «Түрлі- түсті көліктер»
Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын дамыту.

Ойынның барысы:

Балалар бөлменің қабырғасының жанында тұрады. Олар –гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі-түсті диск ұстап жүреді. Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойнаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша(2 немесе 3 бірге), біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4-6 рет қайталанады.



14. «Торғайлар мен мысық»
Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қымыл-қозғалыс жасауға дағдылындыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Ойын барысы:

Жерді шеңбермен белгілеу керек (5-6 м диаметрмен). Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді- ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында – олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады. Торғайлар шеңбердің ішіне дәң жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа иысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойнаушыларға қосылады... ойын 4-5 рет қайталанады.



15. «Аюдың апанында»
Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қымыл-қозғалыс жасауға дағдылындыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Ойынның барысы:

Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады. Тәрбиеші аюды балалардың ішінен тағайындайды. Тәрбиеші: «Балалар , қыдырып келіңдер!», -дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап, орманда қыдырады»еңкейеді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды). Олар дауыстап айтады:

Біз аюдың қасында

Жеміс-жидек тереміз

Аю ұйықтамайды

Аю ырылдайды.

«Ырылдайды» -деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдыңқолы тиген балалар аюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдыңрөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.


16. «Өзіңе жұп тап»
Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қымыл-қозғалыс жасауға дағдылындыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Ойын барысы:

Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір-бір жалаудан таратады. Даңғыраның белгісімен, шапалақпен- жалауын көтеріп алаңда жүреді. Келесі белгімен «Өзіңе жұп тап» деген сөзбен, түстері бірдей жалаулары бар балалар жұп құрады. Әр жұп өз беттерімен фигура жасайды. Жұпсыз қалғандарға ойнаушылар мынанадай сөздер айтады: «Арман, Арман, аузыңды ашпай, тезірек жұбыңды таба ғой». Содан кейін белгі бойынша барлығы алаңға жүгіріп келеді. Ойын 5-6 рет қайталанады.



17. «Аттар»
Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сайғдылындыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүруын дамыту.

Ойын барысы:

Балалар екі топқа бөлінеді. Біреулері- аттар болады, басқалары- шабарман болады. (Шабарманның қолында- ауыздық). Ауланың басқа жағында – аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұратын жер, басқа жағында шабармандар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!» - дегенде шабармандар аттарынан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар», - дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар», -дегенде апарады. Ойын 3-4 ре қайталанады.

18. «Сылдырмақпен сылдырлат»
Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сайғдылындыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүруын дамыту.

Ойын барысы:

5-6 бала алаңның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар «балалардың санына сай) жатады. «1,2,3, жүгіріңдер» деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп,сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады. Басқа ойнаушылар қатысады.




19. «Тығылмақ»
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептілікке, бірлікке тәрбиелеу.

Ойын барысы:

Тәрбиеші санамақ арқылы жүргізуші сайлап алады. Жүргізуші тәрбиешінің қасында немесе белгіленген жерде көзін жұмып тұрады, ал басқа балалар тығылады. Жүргізүші: «1,2,3, іздеуге шықтым»- дейді.

Тауып алған баланың атын атайды. Осылай 3-4 баланы тапқан соң басқа баланы сайлайды.

20. «Қояндар мен қасқыр»
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру.

Ойын барысы:

Бір бала қасқыр болады, қалған балалар қоян болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші: «Секеңдеңдер қояндар, жүгіріңдер жортыңдар» - деген кезде қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады.

Ойын 2-3 рет ойналады.


21. «Сұр қоян жуынады»
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады.

Балалар: Қоян, қоян тұршы,

Беті, қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Енді бізді қушы.

Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі. Ойын 4-5 рет қайталанады.

22. «Қойлар мен қойшы»
Мақсаты: балаларды бірлікке, татулыққа, ептілікке тәрбиелеу. Тәрбиешінің берген белгісіне көңіл аудара білуге үйрету.

Ойын барысы:

Қойшы сайланып алынады. Қалған балалар қойлар болады. Қойшының құралдарын береді. Қойлар алыста жайылып жүреді, қойшы алыстан бақылап тұрады.

Тәрбиеші: Қойшы шықты ертемен,

Қойларын бағып далаға.

Қойлар маңырайды

Сонан соң жамырайды,- деген кезде қойлар жан-жаққа қашады. Ал, қойшы оларды жинақтап қораға әкеліп қамайды. Басқа қойшыны сайлайды. Ойын осылай 3-4 рет қайталанады.




23. «Қойлар мен қойшы»
Ойыншылыр ұзындығы 2-2,5 метр арқан әзірлеп алады. Аумағы 4 метрлік шеңбер сызылады. Сызықтың екі басында бір-біріне арқасын беріп екі ойыншы тұрады. Арқанның екі басы ілмектелініп байланады. Екі ойыншының қолтығының астынан өткізіп, кеуде тұсына кигізіледі. Ойыншылар тәзелерін бүгіп, арқанды кере тартып, еікейеді де, дайын тұрады.

Белгі берілген кезде әрқайсысы қарсыласын сүйреп, шеңбердің сыртына шығаруға құлшынады. Шеіберден шығарғаны жеңеді.

Белгі бермей тұрып сүйреуге, қолды жерге тәреуге болмайды. Бұл шартты бұзған ойыншы жеңілген боп есептелінеді.

24. «Балбұл»
Балбұл сөздер көбінесе екі, үш не одан да көп балалардың біріккен ойындарында, өзара кезектесіп сөйлеу түрінде көп айтылады. Кейде бірер жас ересек балалар өздерінің кішкентай бауырларын ойнатқанда айтып отырады. Мұндай сөздер баланың сөздік қорын молайтып, тілін, ой-өрісін дамытады.

-Жылқы-мылқы

-Ойын-күлкі

-Сиыр-миыр

-Ешкі-мешкі

-Түйе-мүйе

-Қой-мой

-Қозы-мозы

-Торай-морай

-Қос сөздер осылай

-Он атта

-Сол жаққа

Бала 10 адым аттап, сол жаққа барып тұрады, ойын осылай жалғаса береді. Қозғалмалы ойын-баланың өмірлік қажеті, керемет тәрбиелік құдіретке ие болған қуанышты сезімдерінің қайнар көзі. Сондықтан да халықтық қозғалмалы ойындар дәстүрі тәрбие құралы болып саналады. Сәбилер ойнап үйрену үшін орыс халқының бірнеше ұлттық ойынын берәп отырмыз.


25. «Арқан түю»
Ойыншылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрғаннан соң, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: «Ойынды бастадым»,-дейді. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап, шеңбер басымен айналдырады, ал ойыншылар болса, секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғарымымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.

26. «Аңшы мен түлкі»
Ойын оңаша алаңқайда өтеді. Ойыншылардың арасынан екі бала «аңшы» боп белгіленеді, қалғандары «түлкі» болады.

Аңшылар ұзын жіптен тұзақ жасайды. Сонан соң шетін жерге тигізіп, екеуі ұстап тұрады. Жіптің екінші ұшы екінші қолдарында болады.

Түлкәлер аңди басып, тұзаққа жақындайды. Қабын тауып, тұзақтың ішішен өтіп кетуге тырысады. ал аңшылар болса, қапы қалмай жіптің ұшын тартып қалып, түлкіні тұзаққа түсіруі керек.

Тұзаққа түспей өте шыққан ойыншы жеңеді.



27. «Бәйге»
Бәйге немесе ат жарысы – халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Тай. Құнан, дөнен тәрізді аттың жас ерекшелігіне қарай, жарыс түрлері әр түрлі болады. Осыған байланысты балалар, жас ерекшеліктеріне қарай, «тай», «құнан», «дөнен» болып жарысқа түседі.

Балалар қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Тәрбиеші сылдырмақпен белгі берген соң, балалар белгілі жерге барып, қайта қайтуы қажет. Бірінші келген бала жеңімпаз болады.



Ойын мақсаты: тездікке, ептілікке, жылдам жүруге тәрбиелеу.

28. «Жасырынбақ»
Жасырынбақ-қазақтың ұлттық ойыны. Бір бала, жасырынып тақпақ айтады:

Бірім-бірлік,

Екім-елдік,

Үшім –үміт,

Төртім-түлік,

Бесім-бесік,

Алтым-аспан.

Ауыр балтам.

Сен тұр, сен шық.

Ойында тақпақтардың басқа түрлерін де пайдалануға болады. Бала тақпақты көзін жұмып айтқан кезде, басөа балалар орындарын ауыстырады, «сен шық» дегенде, аталған бала қатардан шығады, ойын жалғаса береді. Ойынның соңында қалған бала көзін жұмып, отызға дейін санайды. Сол кезде басқа балалар жасырынып қалады. Жетекші жасырынып қалған балаларды іздейді. Табылған бала ойыннан шығады.Ойыннан шыққан бала жетекші болып, ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын балаларды шапшаңдыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді.




29. « Қозы»
Қазақ халқының өмірінде малдың, оның ішінде қойдың алған орны ерекше екеніне тоқалу керек.Ата-бабаларымыздың негізгі кәсібі мал бағу болғандығы әңгімеленіп, ал қозы қойдың төлі екені жөнінде сөз болады.

Ойын барысы:балалар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама - қарсы отырады.Ойынды жүргізетін екі баланы таңдап алады. Біреуі екіншісінің жанына келіп:

Жеткенше саған

Сүрініп жолда,

Қайта-қайта құлай бердім.

Қарайлас маған,

Үйренсін қолға,

Бір қозынды сұрай келдім,-дейді.

Екінші жүргізуші оған: «Қалағаныңды ал» -деп тіл қатады.Бірінші жүргізуші біреуін таңдап алады да, көзін байлайды.Ол келіп: «Бе-е-е»,-деп дыбыс береді де, тез орнына отырады.Егер көзі байланған бала оның кім екенін тапса, онда дыбыс берген бала қарсыластар тобына ауысады;

Таппаса, өзі қарсы топқа ауысады.

Ойын мақсаты: есту қабілетін дамыту, жылдамдықты арттыру.

30. «Көгершін»
Бұл ойынға жиырма шақты балаға дейін қатынаса алады. Әр баланың қолында ұзындығы 1 метрдей таяқ болады. Ара қашықтығы 30-60 метр жерден көлбеу қос сызық сызылады. Ойыншылар таяқтарын тірсегіне көлденең қояды да, еңкейіп екі қолының білегіне іледі. Сонан соң тізесін қыса ұстап, саусақтарын айқастырып, жүрелеп отырады.

Белгі берілген кезде сол отырған қалпында секіріп немесе шоқандай сырғып, екінші сызыққа жетуі керек.Мәреге бұрын жеткен ұтады.Қолды жазып жіберуге, жарыс үстінде ойыншылардың бірін-бірі итеруіне болмайды. Бұл шартты бұзған ойыншы жеңілген боп саналады.




31. «Көкпар»
Көкпар тарту – үлкен жиын-тойлардағы ең негізгі ойындардың бірі болғандықтан, оған кеңінен түсінік беріледі.Негізінде, көкпарға серке тартатындығы туралы әңгімеленіп, ойынға қатысушылардың міндетті түрде ат мінетіндігі айтылады. Бұл ойында кімде-кімнің аты жүйрік, өзі күшті, епті болса, сол адамның жеңіске жететіні түсіндіріледі.Ал балалар үшін серке орнына іші жүнге немесе мақтаға толтырылған жеңіл, кішкентай, сопақша қапшық қолданылады.Олар астарына қалың қатырма қағаздан жасалған ат мініп, әлгі сопақша қапшықты көкпар етіп тартады.

Ойын барысы:балалар екі топқа бөлініп, тәрбиеші бір баланың есімін атап, оған қапшық – көкпарды лақтырады.Көкпарды алған бала белгіленген сөреге дейін жетіп, қайта жүгіріп келуі қажет. Егер жолда оны басқа топтың балалары ұстап алса, көкпарды тартып алуға тырысады.Көкпарды тартып алған бала, өз жағына қашады. Егер оған кедергі жасаса, онда ол көкпарын өз тобының баласына лақтырад. Көкпарды алып келген баланың тобына ұпай қосылады.

Ойын мақсаты: ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

32. «Соқыр бүркіт»
Ойынды санамақ айтуға шебер бала бастайды. Санамақ айтып кеп, бірінші екінші,үшінші...алтыншы баланы ортаға шығарады.

Қалаған балалар шеңбер жасап, қоршап тұрады.Ортадағы ойыншының біреуі бүркіт, қалаған бесеуі бөдене болады. Бүркіттің қөзі орамалмен таңылады. Ол бөденені ұстап алуға тиіс. Ал бөденелер қолға түспеуге тырысуда. Шеңберден шығуға рұқсат етілмейді. Қолға түскен бөдене бүркітке айналады.



Бөденелер,сақ болыңдар!
Каталог: uploads -> 2018 -> post01
post01 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
post01 -> Кіріспе Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды
post01 -> Оқу ісінің меңгерушісі 2014 ж Пән аты: Информатика
post01 -> Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі
post01 -> Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы
post01 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
post01 -> «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»
post01 -> Кайып Акбота Баймураткызы Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет