Дабылды жер сілкінісі басталмай тұрып бірнеше секунд бұрын қосуға бола ма деген сұраққа ТЖМ Төтенше жағдайдарды алдын алу департаментінің бастығы Амрин Рустамбек жауап берді. Сөзінше, дабылдың уақытылы қосылуы маңызды мәселе, дегенмен оны адамдарға жеткізудің өзінде кедергілер бар.
Департамент бастығының сөзінше, дабылды естуге кедергі келтіретін элементтер бар.
“Ең алдымен бұл адамдарды назар салуға шақыратын белгі екенін атап өткен жөн. Бірақ адамдар кейде естімей қалады: демалып жатады, музыка шығып тұрады. Басқа да элменттер, яғни естуіне кедергі келтіреді.
Бұдан бөлек, жалпы тәжірибеде телерадиоарналардың сигналын тартып әкету, смс арқылы хабарлау элементтері қолданылды. Смс хабарлама бірден келмейді, арнайы интервал бар. Жалпы смс хабарлама бұл физикалық түрде жетеді. Мысалы, 4000 смс секундына барады, яғни 2 млн адамға хабарлама жетуі оңай емес. Түсіністікпен қарау керек. Дей тұрғанмен, бұдан бас тартпаймыз. Қазір ТЖД мен әкімдіктер пуш-хабарламалар жасауды қолға алуда. Алматы бұл жөнінен алдыда келеді. Алдағы уақытта жоспарлап отырмыз”, – деді ол.
Сөзінше, азаматтарды хабарлау жер сілкінісі болған аумаққа, яғни ошағына байланысты.
“Жедел хабарлау станциялары туралы айтар болсақ, қаңтарда болған оқиғағада эпицентр шамамен 300 шақырым жерде болды. Бұл толқынның бізге жетуі 20-30 секундты құрайды. Бүгінгі жағдайда, 30 шақырым жерді құрады. Құралдар істеді, операторлар хабарламаны алды, сейсмологтар ақпаратты өңдеді. Содан соң операторлар елді хабарлау жұмысын бастады”, – дейді ол.
Айта кетейік, 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Ақпаратқа сәйкес Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл болған
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.