Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі дайындаған шетелдіктерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҰҚК мәліметінше 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады.
“Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг "альфа-PVP" психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды. Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған”, – делінген хабарламада.
Сот шешімімен күдіктілерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.