Алматы облысында зілзала кезінде 40-тан астам мектеп, аурухана мен мәдениет үйінің қабырғасы жарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gettyimages
"Жер сілкінген кезде жарылған нысандарды анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Алматы облысы аумағындағы нысандарды араладық.
2024 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар объектілерді көзбен шолып тексеру нәтижесінде 44 ғимаратқа сызат түскені анықталды", делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Ұйғыр ауданы бойынша – 11 нысан (денсаулық сақтау нысаны – 1, білім беру – 8, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысан – 2);
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша – 14 объект (білім беру нысаны – 7, денсаулық сақтау – 1, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысан – 6);
Талғар ауданы бойынша – 3 нысан (білім беру нысаны – 3);
Кеген ауданы бойынша – 4 нысан (денсаулық сақтау нысаны – 4);
Жамбыл ауданы бойынша – 2 нысан (білім беру нысаны — 2);
Райымбек ауданы бойынша — 3 нысан (білім беру объектілері – 2, әлеуметтік мәдени — тұрмыстық объект – 1);
Іле ауданы бойынша – 3 нысан (денсаулық сақтау саласы нысаны – 3);
Қарасай ауданы бойынша – 4 объект (білім беру нысандары — 4).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Алматы облысында жер сілкінгеннен кейін 19 нысанның қабырғасы жарылып кеткені жазылған.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.