Табиғат апаттары бірнеше елде орын алып жатыр. Қытайда жауын-шашынға байланысты "көк" дабыл деңгейі жарияланды. Францияның оңтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды. Ал Мадагаскарда тропикалық циклон адамдардың өмірін қиып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Найзағай, жаңбыр мен жел Қытайдың бірнеше аймағына әсер етті. Чунцин, Гуйчжоу, Фуцзянь, Гуандун және Гуанси провинцияларында жел максималды жылдамдығына жетті. Гуйчжоу қаласының 22 ауданында екі күн қатарынан үздіксіз бұршақ жауды. Провинциялық метеорологиялық департаменттің мәліметі бойынша, ең үлкен бұршақ диаметрі – 69 мм. Өткен күні Гуйчжоу провинциясының Хуйшуй уезінің басқа ауданында бұршақ жүгері сияқты дақылдарға айтарлықтай зиян келтірді.

Наньчан мен Цзянси провинцияларында толассыз жауын әлі де жауып тұр. Қатты жел жылыжайларды, ағаштар мен көше шамдарын құлатты. Синоптиктер мектептер мен балабақшаларға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынып, көлік иелерін жолда абай болуға шақырады. Мадагаскарды тропикалық циклон соқты. Толассыз жауған жаңбыр мен дауылдың салдарынан 18 адам қаза тапты. 20 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік азаматтарды су тасқыны мен көшкін қаупі туралы ескертті. Циклон аралдың шығыс жағалауына таралады деген болжам бар.

“Үйіме су кіріп, бәрін су алып кетті, тоңазытқышты шайып кетті. Біз қиналып жатырмыз. Бізде күріш, тамақ жоқ, жейтін ештеңеміз жоқ. Сабынымыз жетпейді, сүлгілердің бәрі көгерген. Бізге көмек керек”, – деді жергілікті тұрғын.

Наурыз айының соңында Ресейдің Алтай аймағында су тасқыны басталды. Өңірде жарты мыңға жуық ғимарат су астында қалды. Онда төтенше жағдай режимі енгізіліп, тұрғындарды уақытша орналастыру орталықтары ашылды.

Францияда да жағдай жақсы емес. Елдің оңтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды. Монморильон қаласының көшелері, жылыжайлары мен көліктері тасқын су астында қалды. Қарқынды жауған жаңбыр Гартемпе өзенінің тасуына әкелді. Су деңгейі 5 метрге жуықтады, бұл әдеттегіден екі метрдей жоғары.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.