Қазақстандық блогер-трансгендер, көпшілік арсында “Нико Нет” лақап атымен танымал Наиль Тұрғанов мешітке барып, имамның көмегіне жүгінді. Алдында қыз отыр деп ойлаған дін өкілі атышулы трансгендердің есімін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында анасымен мешітке барғаны туралы жазды. 

“Әлхамдулилла, мен енді мұсылманмын. Дінімізде екі атпен жүруге болмайды. Атам азан шақырып, атымды Наиль деп қойды. Араб тілінен аударғанда бұл есім "жетістікке жету", "мақсатқа жету", "сыйға лайық", "пайда" деген мағынаны білдіреді. Қазір мені барлығы “Ника” деп атайды. Ника – грек тілінен аударғанда “жеңіс” дегенді білдіреді. Сондай-ақ ежелгі Грекиядағы жеңіс құдайының аты”, – деп жазды блогер.

Трансгендер жаңа есімін өзінің өмір жолындағы қиындықтармен байланыстырғанын айтады.

“Мен өткерген жолымды жеңістің бір түрі деп білемін. Анам екеуіміз мешітке барып, есімімді өзгерді жөн көрдік. Енді бұдан былай мен Никамын. Түсінемін, мен ауыр күнә жасадым. Бірақ егер шын ниетіммен кешірім сұрасам Алла мені кешіреді деп үміттенемін. Анам Алланың мейірімді екенін, егер шын көңілмен рақым етуін сұрасам кешіретінін айтты”, – дейді трансгендер.

Блогер имамды айтқанына сендіргені үшін сынның астында қалды.

“Сен имамды алдап соқтың”, “Мынау расымен дінді мазақ етіп отыр”, “Дінімізде еркек әйел болып, мешітке барып азан шақыртып ат қоюы дұрыс па?”, “Бұл қаншалықты шариғатқа сай”, “Имам да қызық, қалай азан шақырып жатыр?”, “Алладан қорық”, “Масқара”, – деп пікір қалдырыды желі қолданушылары. 

Бұған дейін түркістандық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан қуылған еді.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Nail Turganov (@niko_nett)

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.