Қазақстандық жас теннисші Бейбіт Жұқаев Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚТФ
Жас теннисші Бейбіт Жұқаев Лилльде (Франция) өтіп жатқан жұптық халықаралық турнирдің ширек финалына шықты. Голландиялық Гижс Брювермен жұптасып өнер көрсетіп жатқан отандасымыз алғашқы айналымдағы кездесуде С.Вандермеерш (Франция) мен Р.Бертран (Франция) жұбынан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті. Тартысқа толы өткен матч 1 сағат 26 минутқа созылды.
Айта кетейік, Жұқаев-Брювер жұбы турнирдің ширек финалында В.Манафов (Украина) пен И.Лютаревич (Ресей) жұбымен ойнайды.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.