Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран көшбасшысы Ибрагим Раиси мен ирандықтарды Ислам революциясы күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Ақорда ұсынған ақпаратқа қарағанда, мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтаған.
- Назарбаев тағы бір төңкеріске дайындалып жатыр – Бұрынғы депутат экс-президенттің кек алатынын айтты
- Қазақстан президенті жасанды интеллект технологиясын дамыту қажет екеніне тоқталды
“Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін”, – деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тілегені айтылады.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Франция президенті Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлаған.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.