Таеквондодан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір Париж олимпиадасының жолдамасы түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Самирхон Абабакиров Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 58 келі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров алғашқы жекпе-жектерінде Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңіп, жартылай финалда филиппиндік спортшымен кездесті. Отандасымыз филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтып, 20 жасында алғашқы олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бұған дейін Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізсе, қыздар арасында сынға түскен Жансель Дениз жартылай финалда сүрініп, жолдамадан қағылды.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.