Алматы Халықаралық әуежайы 1 ақпаннан әуежай аумағындағы және жабық тұрақ кешеніндегі автокөлік тұрағы тарифтері өзгеретінін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: m.azh.kz
"Тұрақ аумағына ұзақ уақыт бойы қалдырылған көлік саны күн сайын артып жатқанына байланысты негізгі тұрақ инфрақұрылымына ауырлық түседі. Сондықтан, біз ұзақ және қысқа мерзімді пайдалану үшін оңтүстік автотұрақты ұсынамыз.
Оңтүстік автотұрақ аймағы үшін тарифтер өзгеріссіз қалады.
“Жаңа тарифтер 2024 жылдың 1-ші ақпаннан бастап күшіне енеді", – делінген Халықаралық әуежайдың ресми Instagram парақшасында.
Вокзал маңы аумағы және жабық автотұрақ кешені бағалары:
- 15 (он бес) минутқа дейін — тәулігіне екі реттен артық төлемсіз;
- 15 (он бес) минуттан 1 (бір) сағатқа дейін — 500 (бес жүз) теңге;
- 1 (бір) сағаттан 2 (екі) сағатқа дейін — 700 (жеті жүз) теңге;
- 2 (екі) сағаттан 4 (төрт) сағатқа дейін — 1000 (мың) теңге;
- 4 (төрт) сағаттан 6 (алты) сағатқа дейін — 1500 (мың бес жүз) теңге;
- 6 (алты) сағаттан 12 (он екі) сағатқа дейін — 2400 (екі мың төрт жүз) теңге;
- 12 (он екі) сағаттан 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін — 3500 (үш мың бес жүз) теңге;
- 24 (жиырма төрт) сағаттан жоғары, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін — 5000 (бес мың) теңге.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.