Қазақстанда 6 ГВт-тан астам электр қуатының тапшылығы байқалады. Ал 2030 жылға қарай елімізге электрді өндірудің қазіргі қуаты жеткіліксіз болады. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Министр атап өткендей, тұтынудың жыл сайынғы өсуінен энергетикалық қауіпсіздікті сақтау қажет болып отыр. Ол үшін жаңа энергетикалық қуатты іске қосып, қолданыстағы станцияларды жаңғырту керек деді министр. Өйткені 2030 жылға қарай Қазақстан электр энергиясын өндіру бойынша қуаттың тапшылығына тап болады.

"Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр қуаты тапшылығының көлемі шамамен 4 ГВт жаңа қуаттарды іске қосқанның өзінде 6 ГВт-тан асады. Орталық Азия елдеріндегі теңгерімді талдау 2030 жылға қарай 2,7 ГВт көлемінде электр қуатының тапшылығы болатынын көрсетті. Энергетика министрлігі елдегі аталған тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті арттыру үшін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірледі", — деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Қазір елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның 144-і жаңартылатын энергия көздерінде. Станциялардағы жабдықтардың орташа тозуы 56% құрайды. 2023 жылы Қазақстанда тоғыз энергоблок, 46 қазандық және 46 электр станциясының турбиналары күрделі жөндеуден өтті.

Министр жоспар бойынша қосымша 26 ГВт жаңа генерациялау қуаттылығын енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді. Осылайша, қолданыстағы электр станцияларын қайта құру және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт қамтамасыз етіледі.  Сондай-ақ Сәтқалиев Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын жанар-жағармай құю станцияларын салынатынын айтты. Министрлік 5 жылдық мерзімге жаңартылатын энергия көздері жобаларын таңдау бойынша аукциондар кестесін әзірлеген. Аукционға шығарылған жалпы қуаттылық 6,7 ГВт құрады, ал аукцион қорытындысы бойынша 2027 жылдың соңына дейін 592 МВт пайдалануға беріледі деп күтілуде.

"Бұл жобаларды іске асыру энергия жүйесіндегі тапшылықты жоюды және оны қажетті қуат қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарланып отырған генерациялау объектілері электр қуаттарындағы тепе – теңдікті және электр желілеріне біркелкі жүктемені қамтамасыз ету мақсатында энергия жүйесі бойынша таратылғанын атап өткім келеді", — деп түйіндеді Алмасадам Сәтқалиев.
 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.