Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Ресейлік Livesport.ru порталы Жәнібек Әлімханұлы мен американдық боксшы Джермалл Чарло 2024 жылы жұдырықтасуы мүмкін деп есептеп, болжамды жекпе-жектердің тізіміне енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Livesport.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram / janibek_alimkhanuly

"Жәнібек 2023 жылы Стивен Батлер мен Винченцо Гуальтьерриді нокаутқа жіберіп, WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі 2 чемпиондық белбеуді біріктірді. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің ендігі мақсаты – орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы абсолют чемпион Джермелл Чарлоның егізі WBC титулының иегері Джермалл Чарло. Америкалық боксшы алған жарақатынан айығамын дегенше Әлімханұлы дивизиондағы қарсыластарының барлығын жеңіп, шарықтау шегіне жетті. Чарло өз мансабында мүлде жеңіліп көрмеген, десе де жаңа жұлдызға әлі жетер ме екен? Десе де, Қазақстандық барлық маңызды көрсеткіштер бойынша атақты Джермаллдан асып түсуі мүмкін. Тәжірибелі американдық үшін бұл оның мансабындағы ең қиын жекпе-жек болмақ. Шаршы алаңда кездесуге екеуі де ниетті, өйткені бұл текетірестің жеңімпазы 3 белбеу алып, абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жекке жол ашады", — деп жазады басылым.

Айта кетейік, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы. Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBO Global тұжырымы бойынша және WBC Continental Americas тұжырымы бойынша чемпионы. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.